Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын отырықшы өмірге



Pdf көрінісі
бет80/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   103
95. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын отырықшы өмірге 
күштеп көшіру. 
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру – Кеңестік 
жүйенің қазақ қоғамын дәстүрлі даму жолынан тайдыру үшін жүзеге асырған саяси-
шаруашылықтың шаралары. Алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақ өлкесінің табиғи-
климаттық және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере қоймаған кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе 
20-жылдардың ортасына қарай көшпелі қазақ шаруаларының отырықшыландыру 
мәселесіне назар аудара бастады. Бүкілресейлік ОАК пен РКФСР ХКК 1924 жылы 17 
сәуірдегі ережесі бүкіл елде шаруалар қожалықтарын күшпен ұжымдастыру науқанына 
ықпал жасады. Жаңадан құрылатын колхоздар көшпелі және жартылай көшпелі бола 
алмайтын еді. Оның үстіне бүкіл одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі 
шаруалар қожалықтарының 80 %- ға жуығы осы қазақ жерінде болатын. Мемлекеттік 
жоспарлау бойынша Қазақстандағы көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар 
сандары 706 мыңды, жұмыс істеуші 7 млн-нан астам адам құрады. Қазақстан өлкелік 
партия комитетінің бюросы 1929 жылы 6-қарашадағы мәжілісінде 1929 – 1930 жылдар, 
яғни отырықшыландырудың алғашқы жылында, осы шарамен кем дегенде барлық 
қожалықтардың 12 %-ын қамтуды ( 84000-нан астам) жергілікті органдарға міндеттеді. 
Қаулыда көшпелі тұрмыстың «социалистік құрылыспен үйлесе алмайтындығы» тағы да атап 
көрсетілді. Өлкелік партия комитетінің 1930 жылы 19 –қаңтардағы қаулысы бұл жұмысты 
жаппай ұжымдастыру негізінде күшейте түсу қажеттігіне баса назар аударды.
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру туралы мәселе 
Қазақ АКСР ОАК-нің 1930 жылы қаңтарда болып өткен 2-сессиясында жан-жақты әңгіме 
болып, онда «Қазақ халқын отырықшыландыру жолдары туралы» арнайы қаулы 
қабылданды. Онда қабылданған шешімдері орындау үшін Қазақ АКСР ХКК-нің жанынан 
Отырықшыландыру жөнінде тұрақты комитет құрылды. 1930 жылға арналған 
отырықшыландыру аудандарын анықтау туралы мәселе осы комитеттің ақпанда болған 
мәжілісінде арнайы қаралды. Бірінші бесжылдықта 380 мың қазақтың көшеплі және 
жартылай көшпелі қожалықтарын отырықшыландыру көзделді. Алайда, шын мәнінде, осы 
кезеңде нақты отырықшыланғандар 70,5 мың ғана қожалық болып шықты. Бұл 
отырықшыландыруға тиісті қазақ қожалықтарының 17,6 % ғана еді. Қазақстан басшылығы 


отырықшыландыру үрдісін Бүкілодақтық екпінді шараға айналдыруға барынша күш салды. 
Осы мақсатпен жергілікті жерлерде Қазақстан одақтағы көшпелі халықтар арасындағы 
отырықшыландыру пионері болуы тиіс ұсыныс та белең алды. Алайда, мұның ешқайсысы 
да одақтық үкімет тарапынан қолдау таба қойған жоқ. Орталық бұл жылдары жаппай 
ұжымдастыру шараларын жүргізуді алғашқы орынға қойды. Республика басшылығының 
ұжымдастыруды отырықшыландыру негізінде жүргізу туралы ұсыныстары қабылданбай, 
керісінше «жоғарыдан» отырықшыландыру ұжымдастыру негізінде жүзеге асыру талап 
етілді.
Отырықшыландыру шараларын жүзеге асыруды қиындата түскен басты нәрсе – оған деген 
бюрократиялық және әкімшіл-әміршіл біржақты көзқарастың орын алуы еді. Осының 
әсерінен отырықшылана бастаған шаруаны құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету 
мүмкін болмай қалды. Бұл, әсіресе, Қазақстаннан тыс жерлерден ағаш тасып әкелуге 
байланысты жұмыстарда анық көрініс берді. Ағашпен қамтамасыз ету жоспарлары 
орындалмай, жаңа құрылыстар бар болғаны 25 -30 % құрылыс материалдарымен ғана 
қамтамасыз етілді. Ағаш дайындайтын одақтық мекемелер Қазақстанға арнап ағаш 
тасымалдауға немкетті қарады. Отырықшыландыру үрдісі басталғанда техникалық 
жабдықтау мәселесі аса үлкен қажеттілікке айналды. Сондықтан, отырықшыланатын қазақ 
ауылдарын соқамен, тырмамен, тұқым сепкіш машинамен алдын-ала қамтамасыз ету 
жоспарлары белгіленді. Алайда, Мәскеудегі орталықтардың отырықшыландырудың өзіне 
жеткілікті көңіл бөлмеуі, ал республика басшылығының өздері бекіткен машинамен 
жабдықтау жоспарының орындалуын қадағаламауы салдарынан жоспарда белгіленген аз 
ғана техниканың өзі де қазақ ауылына уақытында жетпей қалды. Арнайы шаруашылық 
машиналарына бөлінген қаржыны өндіріп алуда жүгенсіздіктер орын алды. Қазақстан 
үкіметінің шешімі бойынша машинамен жабдықтауға бөлінген кредитті халықты 
отырықшыландырудың төртінші жылынан бастап қана төлей бастаулары керек еді. Ал, 
жергілікті басшы органдар болса бұл тәртіпті о бастан-ақ бұзып, машинаны босатқан бетте 
оның құнының 30-40 % -ын алдын-ала жедел төлеуді талап етті. Мұның өзі 
отырықшыландыру барысында бар малын қауымдастырып, өздері қайыршылана бастаған 
халықтың тұрмысын ауырлата түсті. Жергілікті жерлерге машиналар жеткізу ісіне 
немқұрайлы қарау да орын алды. Егер егіншілік аудандарына шөп шабатын машиналар 
апарылса, ал мал шаруашылығымен айналысатындарға топырақ өңдейтіндер жеткізілді. 
Бұрынғы көшпелі қазақтың ауыл шаруашылығы машиналарының тілін білмеуі, машинамен 
жабдықтаушы ұйымдар тарапынан үйретудің болмауы отырықшыланған шаруаны 
бұрынғыша ата-баба әдісімен жұмыс жасауға – шалғымен орып, ағаш соқамен жыртуға 
мәжбүр етті. Еш қозғалыссыз, ашық аспан астында жатқан машиналар тозып бітті. 
Мамандар жетіспеді. Округтік органдардың қазақ аудандарын қажетті мамандармен 
қамтамасыз етуге немкетті қараулары салдарынан материалдық жағынан қамтамасыз 
етілмеген, пәтері жоқ және қазақ тілін білмейтін мамандары отырықшыландыру 
аудандарында көп тұрақтамады. Қазақстанға сырттан келген келімсектерден құралған 
өндіріс орындары мен кеңшарлардың қазақ шаруаларына қол ұшын бермеуі де 
отырықшыландыру үрдісін қиындата түскен еді. Қазақстандағы ірі одақтық кәсіпорындар 
басшыларының байырғы халықтан өнеркәсіп пролетариатын жасауға көңіл бөлмеулері де 
отырықшыланатын қазақтарды жұмысшылар қатарына тарту жоспарын 66 % -ға ғана 
орындауға мүмкіндік берді.
Қазақстандағы жаппай күшпен отырықшыландыру үрдісі, негізінен, қазақ халқының өзінің 
қаражатымен қаржыландырылды. Ал мемлекеттік органдар бөлген қаражат бұл шараны 
жүзеге асыруда қосымша қолдау түрінде ғана көрінді. Отырықшыландыру аудандарын 
қажетті әртүрлі мамандармен қамтамасыз ету ісі және мамандардың жергілікті жерлерде 
тұрақтамауы, қазақ ауылының мәдени-әлеуметтік өмірі басшы адамдар назарынан тыс 
қалып отырды. 1930 жылға дейін қазақ балаларының оқығаны туралы деректер мүлде жоқ. 
Ал 1932 жылы қыркүйектегі деректерде мектепте қамтылған оқу жасындағы қазақтар 45 % 
болған. Отырықшыландыру барысында саяси қуғын – сүргін қатар жүргізілді. 
Отырықшыландыру қарқыны төмен аудандардағы басшылар егер де басқа ұлт өкілдері 
болса, олар ұлыдержавалық « шовинизмге», ал олар қазақтар болса онда жергілікті 
«ұлтшылдық » пиғылға бой ұрды деп айыпталды. Шовинизм көрінісі – қазақтарды 
отырықшыландыруға бөлінген қаржыны еуропалық селоларға жіберу, сондай-ақ, 
отырықшыландыру ісін тек қазақтарға қатысты нәрсе ретінде түсіну, еуропалық 
ұжымшылардың және кеңшарлардың қазақтар шаруашылықтарын қамқорлыққа алуға 
немқұрайлы қараулары болды. Ал, ұлтшыл деп отырықшыландыру үрдісін кезекті 
арандатушылық, қазақтар қожалықтары эволюциялық жолмен бірітіндеп дамуы керек, 


көшпелі шаруашылық Қазақстан табиғатына бейімделген қажеттілік дегендей пікір 
білдірушілер кінәланді. Сонымен бірге отырықшыландыруды тек сырттан қазақ жеріне 
қоныстанушыларды жермен қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатқан шара деп 
түсіндіретіндерге де ұлтшылдар ретінде айып тағылды. Бұл жұмысты жүзеге асыру 
барысында «оңшыл», «солшыл» деп айыпталғандар да аз болған жоқ. Отырықшыландыру 
шараларына немкетті және жауапсыз қарағандар «оңшыл», ағым өкілдеріне, 
отырықшыландыруды барлық, соның ішінде мал шаруашылығы аудандарында да бірдей 
деңгейде және қарқындата жүргізу керек деп ұрандаушылар «солшыл» ретінде сипатталды. 
Осындай әртүрлі саяси кінәлаулардан қаймыққан жергілікті басшылар 
отырықшыландыруға байланысты шараларды, жоғарыдан келген нұсқауларды орындауға 
тырысып бақты. Ал мұның өзі алғашқы бес жылдық жоспарға сәйкес белгіленген 
отырықшыландыру жоспарларын орындау қарқынын үдете түсуге себеп болды. 1930 – 1933 
жылдардағы жоспарларда Қазақстанда отырықшыланатын қожалықтар саны жыл сайын 
20000-ға өсіп отыратын болды. Ал бұл, өлкелік партия комитетінің болжауынша 
бесжылдықтың тұсында қазақ аудандарындағы егістік көлемін 1 млн. гектардан 5 млн. 
гектарға дейін өсіруге ықпал етуі тиіс еді. Қағазда белгіленген осы жоспарлардың 
орындалуына орын алған нақты кемшіліктер кедергі жасады. Ешқандай даярлық және 
түсіндіру жұмыстары жүргізілмеді. Кейбір қожалықтар тіптен өздерінің отырықшыланып 
жатқанын білген де жоқ. Отырықшыландыруға қажетті орындар батпақты сайлар 
аңғарларынан, суы жоқ, егін егуге жарамсыз жерлерден «таңдап» алынды. Мұндай 
жағымсыз көріністердің орын алуына Қазақстан үкіметінің жерге орналастыру мәселесіне 
жете мән бермеуі де тікелей себепкер болды. Отырықшылану жөніндегі республикалық 
комитеттің жерге орналастыру және суландыру мәселесіне арналған қаражатты басқа 
мақсатқа – отырықшыландыру аудандарында құрылыстар салуға жұмсауы да осының 
көрінісі еді. Жерге орналастырушы және гидротехник мамандарды материалдық жағынан 
ынталандыруға жете мән бермеген Қазақстан үкіметі, оларға қысым жасауға және оларды 
жазалауға әрқашан да бейім тұрды. Мұндай отырықшыландыру жөніндегі тұрақты 
комитеттің жекелеген мамандарды «бүлдірушілік» әрекеттері үшін тұтқынға алу және сотқа 
тарту туралы ұсыныстар жасаулары орын алды. Топырақтанушылардың немесе 
агрономдардың арасында өз міндеттеріне жауапсыз, үстірт және немкетті қарағандар да 
кездескен. Олар кейде жергілікті халықтың мүддесін де, пікірлерін де ескермей, жерді өз 
беттерінше өлшеп, белгілеп картаға түсірді және аудандық қызметкерлерді үгіттеп, 
олардың келісімдерін алды. Кейіннен осы жерлерде отырықшыландыру іс жүзінде 
басталған кезде бұл жерлерде тұщы судың жеткіліксіздігі, топырақтың құнарсыздығы 
анықталып, бұл орындарды қайтадан өзгертуге тура келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет