Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы, қоныстану аумағы, этникалық құрамы



Pdf көрінісі
бет13/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   103
14. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы, қоныстану аумағы, этникалық құрамы. 
Қарлұқ қағанаты (756-940 жж. немесе 8-10 ғғ. аралығы)– 
Жетісу
жеріндегі ежелгі 
мемлекет.
Қарлұқтардың
 дербестікке ұмтылуы олардың 
Ұйғыр қағанатынан
 бөлініп шығуына жеткізді. 
746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. 
Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғы 
Қарлұқ
 тайпаларының 
мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары 
қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Бұл оқиғалар ертедегі түріктердің Терхин 
жазбаларында: «Ит жылы үш-қарлұқ опасыздық жасап, қашып кетті. Олар батыстағы он оқ 
халқының еліне келді»,—деп көрсетілген. 
Түргештердің
 әулеттік руларынын саяси билігінің 
әлсіреуін 
Шығыс Түркістандағы
қытай өкілдері пайдалана қойды. Тань әскерлері 
Суябты
басып алды, 
Шашқа
 (
Ташкентке
) дейін жетті, бірақ мұнда көк тіреген 
Қытайдың
мүдделері 
батыстан өздерінің ықпал ерісін кеңейту мақсатымен ілгерілеп келе жатқан арабтардың 
мүдделерімен қиғаш келді. Қайшылықтың шиеленіскен түйіні 751 жылы екі империялық күш 
арасындағы шешуші шайқас барысында шешілді, оның нәтижесінде тань әскерлері зор 
шығынға ұшырады. Араб тарихшысы Ибн әл-Асирдің мәліметтеріне қарағанда, 
Атлах
қаласынын түбінде 50 мың қытай өлтіріліп, 20 мындайы тұтқынға алынған. Тұтқындар 
арасында қөлөнершілер кеп болған. 
Талас өзеніндегі
 шайқастың 
Жетісу
және 
Мауараннахр
халықтарының тағдырларында зор тарихи манызы болды. Қытай әскерлері 
Жетісу
шегінен 
ғана емес, ұйғырлар мен тибеттіктердің қысымымен Шығыс Түркістаннан да кетті. 
Талас
 
аңғарында арабтар да тұрақтап қала алмай, Шашқа шегінді. Соның нәтижесінде қарлұқтар 
өз жағдайын нығайтып алды. 766 жылы Түргештердің екі қағанының ордалары—Тараз 
және Суябпен қоса бүкіл Жетісу қарлұқтар жабғуының қолына көшті. Сол арқылы саяси 
және әлеуметтік биліктердің қарлұқ көсемдерінің қолына көшуі Жетісуда Қарлұк 
мемлекетінің біржола қалыптасуына жеткізді. Қарлұктар өздеріне бағынышты жерлердіц 
шекарасын одан әрі кеңейте берді. 766—775 жылдары қарлұқтардың бір тармағы 
Қашғарияны басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың басқа бір тобы Ферғанаға өз 
ықпалын таратты. Бұл оқиғаларды бейнелей келіп, әл-Марвази бьшай деп жазады: 
қарлұктар «бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз-оғыздарға құл болды. Мұнан кейін 
олар өздерінің билеушілеріне қарсы көтерілді, түргештердің елін жаулап алды, ал ол 
жерден мұсылман елдеріне қарай жылжыды»
Қарлұқ
тайпаларының құрылуы мен ертедегі қарлұқ этникалық топтары қалыптасуының 
алғашғы кезендері Ішкі Азия аумағында түрік және теле (оғыз) тайпаларының қоршауында 
өтті. Этникалық үрдістің одан кейінгі даму кезеңі үш тайпалы қарлұқ конфедерациясының 
құрылуымен байланысты болды, ол кейіннен сан және сапа жағынан Жетісу шегінде қарлұқ 
халқыньщ қалыптасу сатысына ұласты. Алайда орта ғасырлар дәуірінде бұл үрдіс 
аяқталған жоқ. Жазбаша деректемелерде қарлұктар туралы алғашқы хабарлар қытайдың 
Суй әулетінің (581—618) шежіресінде кездеседі және V ғасырдың орта шеніне жатады. 
Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен 
Алтайдың
 (Ақтағ) баурайларын 
мекендеушілер ретінде бұлақ деп аталған. «Таншу» әулеттік (618—907) хроникасына сәйкес, 
қарлұктар (гэлолу, гэлу) түріктерден шыққан және олардың бір тармағы болған. 
Қарлұқтардың
 түріктермен генетикалық байланысы туралы деректер орта ғасырлардағы 
мұсылман тарихнамасында да жинақталған. «Олар (қарлұктар) — ежелгі түріктер», — дейді 
Ибн әл-Факих (X ғ.)47. 
Қарлұқтар
ежелгі түріктердін руналық ес- керткіштерінде де «үш 
қарлұқ» деп айтылған. Ол моңғол 
Алтайы
 мен 
Балқаш
көлі аралығындағы аумақты алып 


жатқан көшпелі тайпалардың күшті одағы болды. Қарлұктар туралы уақыты жағынан 
алғашкы хабар арабпарсы тілдес тарихи-географиялық әдебиетте — Табариде (737 ж.) 
кездеседі. Ол 
Тоқарстанда
 орналасқан қарлұқтар туралы айтады. 
Қарлұқ
конфедерациясына түркі тілдес көшпелі және жартылай көшпелі әр түрлі тайпалар: 
жікілдер, бұлақтар, халаждар, түргештер, азкишилер, тухсилер, шарұктар, аргулар, 
барсхандар кірген. Бұлардан басқа оның құрамында оғыздардың негізгі көпшілігі 
Сырдарияның
орта және төменгі ағысына көшкеннен кейін 
Жетісу
аумағында калған кейбір 
топтары, сондай-ақтүрік болып кеткен Жетісу соғдылары болды. 
Махмұд Қашғари
көптеген 
соғдылар түріктердің әдет-ғұрыптарын қабылдаған деп хабарлайды. Кейінірек 
қарлұқтардың Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың, отырықшы халықтарымен сіңісіп, 
ислам дінін қабылдаған бір бөлегі, сондай- ақ оғыздардың соларға сәйкес топтары да 
түрікмендер деп аталып кетті Араб саяхатшысы 
Әбу Дулаф
өзінің қарлұқтар жерімен 25 күн 
жүріп өтуіне тура келгенін хабарлайды; ал Ибн Хаукальдін деректері бойьшша, «қарлұқтар 
жерін батысынан шығысына қарай жүріп өту үшін тіпті 30 күн жол жүру керек болған». 
Қарлұқтар туралы деректер V ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Түркі руна 
ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын 
қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. VII ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі 
құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы 
түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ 
жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы 
Әл-Марвази (XII ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ 
конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, 
халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет