Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Оғыз саяси бірлестігінің саяси тарихы, қоныстану аумағы, этникалық құрамы



Pdf көрінісі
бет16/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   103
Байланысты:
Тарих 125 с ра Эф-22-5к1

17. Оғыз саяси бірлестігінің саяси тарихы, қоныстану аумағы, этникалық құрамы. 
Оғыздардың саяси бірлестігі – оғыздардың 9-11 ғасырдардағы феодал 
мемлекеті.Шамамен 8 ғасырдың ортасында Оғыз тайпалары түп аталарының тобы 
Жетісудан кете бастады. Бұл, сірә, Батыс Түрік және Түркеш қағандықтары құлағаннан 
және Жетісуда Қарлұқ федерациясы тұрақтағаннан кейін арасындағы күреске байланысты 
болса керек. Жетісу түріктерінің бір бөлігі Қаратау бөктері мен Сырдарияның төменгі ағысы 
бойына қоныс аударды. Олар кенгар-печенек бірлестігімен ұзақ жылдар қақтығысып, 
соғысып (9-10 ғ.), Арал теңізінің батысы мен Каспий теңізінің солтүстігіндегі жерлерді басып 
алды. Бұл соғыстар Оғыз тайпаларының саяси жағынан топтасып қалыптасуына жағдай 
жасады. Оғыздар бірнеше тайпаға, ал тайпалар көптеген ру тармақтарына бөлінді. Махмуд 
Қашғари (11 ғ.) оғыздар алғашқыда 24 тайпадан құрады, ал Марвази (12 ғ.) 12 тайпадан 
құралды дейді


9 ғасырдың соңы – 11 ғасырдың 1-ширегінде Оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан 
Еділдің (Волга) төменгі ағысына дейінгі байтақ жерлерд мекендеді. Олар Ырғыз, Жайық, 
Ембі, Ойыл ө-дерінің алқабында, Аралсор көлінің жағалауы мен Сырдария Қаратауының 
бөктерінде көшіп-қонып жүрді. Арал теңізі маңында, Каспийдің солтүстігіндегі жерлер мен 
Сырдарияның төменгі ағысы алқабын мекендеді.
[3]
8 ғасырдың 2-жартысы мен 9-ғасырдың соңында Оғыз тайпаларында мемлекет ұйым 
нышандары пайда болып, нығая түсті. Орта Азияға, Шығыс Еуропаға, Шығыс Қазақстан 
мен Монғолияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жеріне орналасқан Янгикент 
қаласы 10 ғасырда Оғыздардың саяси бірлестігінің астанасы болды. Мемлекет басында 
жоғарғы әкім (билеуші, құрметті лауазымы «жабғу») тұрды. Олардың орынбасарлары күл-
еркіндер деп аталды. Жабғу сөз жүзінде хан болып сайланғанымен, іс жүзінде мемлекет 
билігі атадан балаға мирас болып қалып отырды. Оғыздардың бас хандары әскери 
демократия кезіндегі халық жиналыстарының қайталанған түрі іспеттес кеңестерде 
сайланды. Жабғу мемлекетінде оғыз әскерлерінің бас жетекшісі (лауазымы «сюбашы») 
үлкен рөл атқарды. Ол мемлекеттің саяси өміріне араласып, кейде жоғары әкімге де қарсы 
шығып отырды. 9-10 ғасырдағы Оғыздардың саяси бірлестігі өзінің саяси және әлеуметтік 
құрылымы жағынан феодал қоғамға дейінгі дәуірден ертедегі феодал қоғамға өту 
дәуіріндегі мемлекет болды. Мұнда ескі ру-тайпалық институттар жойылып, патриархалды-
феодал қатынастар дамыды. 10 ғасырдың аяғы – 11 ғасырдың басында Сырдария 
жабғулары мемлекетінде тұрақты салық жүйесі қолданылды. Бұл мемлекетте белгілі бір 
басқару аппараты қалыптасқанын көрсетеді. Сондықтан 11 ғасырдағы Оғыздардың саяси 
бірлестігін ертедегі қарапайым феодал мемлекет бірлестік деп атауға болады. 965 ж. 
оғыздар Киев Русымен одақтасып, Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауларындағы 
жерлерді иемденген Хазар қағандығын талқандады. 986 ж. оғыздардың Жабғуы орыс 
князьдарымен бірге Волга-Кама бұлғарларын күйрете жеңді. Мұның бәрі Оғыз мемлекеті 
саяси қуатының артуына жағдай жасады.
[4]
Алайда шамадан тыс ауыр салыққа наразы, 
тайпалар арасындағы көтерілісті және феодалдана бастаған ақсүйектердің езгісі мен 
зорлық-зомбылығына қарсы халық қозғалыстары нәтижесінде 10-11 ғасырда Оғыздардың 
саяси бірлестігі дағдарысқа ұшырап, төмен құлдырады. Ішкі қайшылықтар жегідей жеп, 
әлсіреген Жабғу мемлекеті Қыпшақ тайпалары көсемдерінің соққысынан біржолата 
құлады. Оғыздардың едәуір бөлігі қыпшақтардың қысымымен Шығыс Еуропа мен Кіші 
Азияға ығысты, енді бір бөлігі Мауараннахрдағы Қарахан әулеті мен Хорасандағы Салжұқ 
әкімдерінің билігіне көшті. 11 ғасырдың ортасында оғыздардың қыпшақтар талқандаған 
соңғы бөлігі Дешті Қыпшақтың түрік тілдес тайпаларына бірте-бірте сіңісіп кетті. 
Оғыздардың басым көпшілігі негіздерінен экстенсивті көшпелі мал шаруашылығымен (қой, 
жылқы, түйе, сиыр, ішінара ешкі) шұғылданды, аң аулады. Көшпелілермен қатар отырықшы 
және жартылай отырықшы оғыздар да болды. Олар Сырдария алқабындағы қалаларды 
(Махмуд Қашғаридың айтуынша – Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығнақ) мекендеді. Түрлі 
әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты малынан айырылған көшпелі оғыздар 
отырықшылардың қатарын толықтырды. Отырықшы оғыздар негізінен егіншілікпен және 
қолөнерімен айланысты. Түрлі аяқ киім тікті, ыдыс, әшекей бұйымдар жасады, оғыздардың 
шаруашылығында зат айырбасы мен сауда маңызды орын алды. Жетісу, Хорезм, 
Мауараннахрмен сауда жасауда Сырдария алабындағы қалалар (Янгикент, Сабран) елеулі 
рөл атқарды. Оғыздар шетке мал, ет, тері, аң терісін, малахит шығарып, соғыс кезінде 
қолға түскен адамдардан құл саудасын өрістетті. Оғыздармен жауласқан тайпалар мен 
халықтар өз кезегінде қолға түскен оғыздарды да құлға айналдырып, сатып отырды. 9 
ғасырда Хорасан билеушілері жылма-жыл Бағдад халифтеріне 2000 құл (оғыз) жөнелтіп 
тұрды. Орта ғасырлардағы деректемелерде оғыздардың әлеуметтік жіктерге бөлінгені 
айтылады. Ибн Фатлах (10 ғ.) 10000 жылқысы бар оғыз ақсүйектерінің болғанын жазады. 
Байлар да, кедейлер де, құлдар мен қатардағы қауым мүшелері де болды. Оғыздардың 
көпшілігі – мәжусилер болды, бақсы-балгерлерге табынды. Сонымен бірге оғыздар 
арасында бірте-бірте ислам діні тарады. Сырдария алқабындағы, Арал теңізі, Каспий 
теңізінің солтүстігіндегі жерлерді мекендеген Оғыз тайпалары қазақтардың этникалық 
тарихында елеулі орын алды. Тарихи аңыздарда олар қазақ халқының арғы аталарының 
бірі ретінде аталады. Оғыздар – тарихи тұрғыда түрікмендердің, өзбектердің, 
қарақадпақтардың түпкі аталарының бірі. Оғыздардың солтүстік-батыс бөлігі кейін төменгі 
Еділ бойы татарлары мен Оңтүстік Орал башқұрттарының құрамына қосылды. 11-13 
ғасырдарда Закавказье мен Кіші Азияға кеткен оғыздардың оңтүстік тобы Әзірбайжан 
және түрік халықтарының қалыптасуына үоес қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет