Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Қазақстандағы отарлық дәуірдің басталуы



Pdf көрінісі
бет45/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   103
.
53. Қазақстандағы отарлық дәуірдің басталуы 
1731
 жилы 
Кіші Жүз
ханы 
Әбілқайырдың
 
Ресейге
 қосылуынан басталды (қ. Әбілқайыр). Бұл 
процесс 130 жылдан аса уақытқа созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай 
толық жүзеге асырылды. 
1731
 – 
1860
 жылдары Қазақстан Ресейге, көбіне сөз жүзінде ғана 
бағынып, іс жүзінде ру, тайпа билеушілері дербес саясат жүргізді. Патша өкіметі халық 
көтерілістерін аяусыз басып отырғанымен, елдің ішкі істеріне (сот жүйесіне, ру аралық 
мәселелерге) араласпады. Ел ішіндегі беделді адамдарға, ру басыларына жалақы 
тағайындап, әр түрлі атақтар беріп, екінші жағынан әкімшілік реформалар жасап, 
көнбегендерін жазалау арқылы өз билігін күшейтті. Мысалы, 
1822
 жылы 
Орта жүзде

1824
 
жылы 
Кіші жүзде
 хандық басқару жойылды, қарсы шыққандар күшпен талқандалды 
(Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы). 19 ғасырдың 
ортасына қарай Батыс, Солтүстік-шығыс, Орталық Қазақстан Ресейге толық бағынды. 
Оңтүстік, Оңтүстік-шығыс Қазақстан 
Қоқан

Хиуа
 хандықтарына қарады. Олар жергілікті 
қазақтарға салықты үсті-үстіне көбейтті. Көтеріліске шыққан халық Ресей өкіметінен көмек 
сұрады. Бұған қоса осы кезде 
Орталық Азияны
 отарлау жөнінде Ресей мен Ұлыбритания 
елдері арасында бәсеке күшейе бастады. Үндістан арқылы Ауғанстан мен Иранға орныққан 
ағылшындар 
Қоқан

Бұхар

Хиуа
хандықтарын Ресейге айдап салып, оларға өз ықпалын 
жүргізуге тырысты. Қоқан, Хиуа хандықтарының езгісіне қарсы көтеріліске шыққан 


қазақтарға көмек беруді желеу етіп Ресей өкіметі оңтүстік бағытта ел ішіне ене түсті. 1854 
жылы Верный (Алматы) бекінісі салынды. 1862 – 64 жылдары орыс әскерлері Әулиеата, 
Шымкент, Түркістан қалаларын басып алды. Оңтүстік Қазақстанды бағындырғаннан кейін 
Қазақстанды Ресейдің оарлауы толық іске асты. 1867 – 68 жылғы Ресей үкіметінің 
“Уақытша Ережесі” бойынша әкімшілік және сот жүйелері толығымен Ресей өкіметінің 
қолына көшіп, қазақ жері облыстарға бөлінді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет