Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Қазақстан мәдениеті (XVIII – ХХ ғ. басы)



Pdf көрінісі
бет66/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   103
80. Қазақстан мәдениеті (XVIII – ХХ ғ. басы) 
Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті. 
Абайдан
басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын 
XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі 
түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия 
орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны 
азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын 
қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда 
Қазақстандағы
 толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ 
пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа 
ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс 
халықтарының оянуына 
панисламизм
, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. 
Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. 
Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, 
қазақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты 
Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. 
XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып 
Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет 
халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-
демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз 
пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының 
күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола 
тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер». (Оян, қазақ! 10-бет). 
Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан 
шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов 
бодандықтан көреді.
[1]
Екі ғасырдың арасында қазақ мәдениетінде пайда болған бір 
құбылыс кейін өріс алған маргиналдықтың көбеюі. Бұл жерде әңгіме ұлттық мәдениеттен 
алыстап, үстемдік етіп отырған жат өркениетке қызмет еткендер туралы болып тұр. 
Болыстар мен тілмаштар, әкімшіліктің маңайындағы неше түрлі пысықтар көптеген 
жағдайларда «мәңгүрттік» қасиеттерге ие болып, ұлттық мәдениеттен қол үзе бастады.
Қазақ кеңес мәдениеті туралы әңгіме еткенде оның тарихи ерекшеліктері мен өзіндік 
белгілеріне тоқталып өткен жөн. Егер бұрынғы қазақ мәдениетін дәстүрлік өркениет деп 


бағаласақ, онда тоталитарлық жүйеде ұлттық негіздерді жойып жіберуге бағытталған 
болышевиктік шараларды ескеру керек. «Тағдыры ортақ жаңа қауым», «тарихта бұрын 
болмаған адамдардың жоғары бірлестігі — кеңес халқы», сондай-ақ, «мазмұны пролетарлық 
және түрі ұлттық социалистік мәдениет» ұрандарын басшылыққа алған идеологтар мен 
саясатшылар рухани мәдениеттің тамырына балта шапты. Ерте заманның өзінде атақты 
Аристотель мазмұн мен форманың бірлігін дәлелдесе, революционер марксистер 
мәдениеттегі ұлттық мазмұнды бекерге шығарды. Шын мәнінде, ең алдымен, мәдени 
туындының мазмұны ұлттық болып табылады. Өйткені мәдени қайраткерлер өз 
шығармашылығында нақтылы ұлттық көкейкесті мәселелерді көтереді; қаңдай 
абстрактылы шығарма болғанымен, оның тамыры этностық фольклордан, халықтық 
педагогика, этика, дүниетанымнан нәр алады. Жоғарыдағы «социалистік» мазмұнды 
көмкерген ұлттық форманы Сталин тек тілге әкеп тіреген. Олай болса, өз ұлтының тарих-
талғамын орыс тілінде жазған 
Ш. Айтматов
 пен 
О. Сүлейменовты
 қалайша ұлттық 
мәдениеттен аластаймыз. Әдеби тілден басқа әр этностың өзіндік рәміздері, таңбалары, 
музыка, театр, көркемөнер тілі бар. Әр этностың төлтума мәдениетіне үлкен нұқсан 
келтірген большевиктік «тәжірибелердің» бірі — ұлтаралық некелесуді дәріптеу. Әрине, 
табиғи-тарихи жағдайларда бұл — прогрессивті процесс, дүниежүзілік мәдени сұхбаттасу 
ағынының бір бұлағы. Әр түрлі этностардың, тіпті нәсілдердің араласуы нәтижесінде қазіргі 
әлемде көрнекті рөл атқаратын американдар, бразилиялықтар, мексикандар, үнділер 
сияқты халықтар қалыптасты. Этнобиологиялық және этноинтеграциялық тұтастануды 
оқшаулану деп түсінудің ауылы ақиқаттан алыс. Алайда Кеңес Одағында бұл процесс 
өктемділікпен жүргізіліп, империядағы басқа халықтарды орыстандыру саясатында өтті. 
Саяси-идеологиялық ұрандардың желеуімен 200-ден астам этностар араластырылып 
жіберілді. «Нәтижесінде жүзге тарта төлтума мәдениет мәңгілік жоқ болып, жұмыр жердің 
мәдени-рухани болмысы солғын тартты. Осынау жойқын да жойдасыз қасіреттің орнында 
мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан төлтума мәдениетін әбден таптап, химералық күйге 
жеткен 300 миллион тобыр қалды; басқа ұлтпен некелескен 60 миллион дүбара қалды; 60 
мың тірі жетім балалар қалды (тіркеуге алынғаны ғана); абақтының тұрақты тұрғындарының 
саны 20 миллионға жетті». (Тарақты А. Ауызша тарихнама — Қазақ, 36-бет). Шын мәнінде, 
Кеңес Одағы маргиналдар қоғамына айналды.
Әр ұлттың мәдени архетиптерін шайқалту Кеңес Одағында мемлекеттік саясат дәрежесінде 
нысаналы түрде жүргізілді. Мысалы, 1951 жылы Орталық мұсылман халықтарының «Деде 
Қорқыт», «Алпамыс», «Манас». «Ер Сайын», «Шора Батыр», «Қобыланды» сияқты эпостарын 
діншіл және ақсүйектік деп жариялап, оларға тыйым салды. Халықтық мәдениетті 
қудалаудың сорақы бір көрінісі — домбыраны феодализмге апарып тіркеу. Тоталитарлық 
жүйенің мәдениет саласында жүргізген саясаты тек кеңестік ұлттарды «тазалаумен» 
шектелген жоқ. «Жаңа коммунистік мәдениетті қалыптастыру» дегенді басшылыққа алған 
партократия дүниежүзілік озық мәдениет үлгілеріне тосқауыл жасады. Белгілі «темір 
пердемен» қоршалып қойылған КСРО-да таза пролетарлық мәдениет дәріптелді; бүкіл 
Батыс — буржуазиялық, ал Шығыс — ескішіл феодалдық деп жарияланды. Мұның бір 
дәлелі — Отан соғысынан кейін сталинизмнің жүргізген шаралары. «Космополиттік 
мәдениет», «империализм ықпалдарына түскен» ғылымдар қатарына кибернетика, 
генетика, тілтану т.б. қойылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет