Орындаған: Серіков Қуаныш Серікұлы МФЗ-201 тобының магистранты
Семей қаласы Тақырыбы: «Егемендігім – елдігімнің белгісі»
Мақсаты: егемендік қазақ халқының басты арманы, бабалар аманаты. Осы бір қасиетті ұғымның астарында жатқан Отанға, Туған жерге, өлкеге деген ұлттық болмысты, ұлттық тәрбиені, өз ұлтына деген перзенттік болмысын, жүрек-тебіренісін ояту. Келешегі Отанымыздың жас ұрпақтың қолында екендігін түсіндіру.
Іс-шара түрі:мектепішілік әдеби-сазды кеш
Өтетін орын: «№39 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Актовый зал
Жүргізуші:Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Ала таудың күндерін.
Жеріңде гүл, көгіңде күн бір жүзген,
Ұлан байтақ Республикам бұл менің.
Жүргізуші: 25 қазан – Республика күніне арналған ұлттық мерекелік салтанатты бастаймызТуған жеріміздің тұғыры биік болсын!(Әнұран ойналады)
Жүргізуші: Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан. 1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.
Отан, Отан!!! Сен болмасаң нетер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем!
Жүргізуші: Тәуелсіз елдің рәміздері: мемлекеттік жалау, елтаңба, әнұран бекітілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы, теңге айналымға түсті.
Жүргізуші: Ту.
Желгіре туым желбіре,
Көргенде сені қуанам.
Мақтан қып сенің сәніңді,
Атманмен алыс атанам.
Желбіре туым, желбіре,
Әлемге жетсін шуағың.
Өзіңді ұстап қолыма,
Қасқайып төрде тұрамын.
Жүргізуші:Елтаңба
Алтын қанат көмкерген.
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бине сен қыран,
Жай бине емес ұғып ал.
Көгілдір түс аясы.
Бейбіт дала елесі.
Шаңырық жұрт панасы,
Уықтан күн сәулесі.
Аңызға ұшқыр төзімді,
Пырақ халық арманы.
Жоғары да түсер көз,
Бас бармақты жұмуға.
Ал, Қазақстан деген сөз.
Таныс барлық ұл, қызға.
Маған, саған қымбатты
Ел таңбасы ол – Елтаңба.
Жүргізуші: Ұшырмай көкіректен жыр кептерін,
Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін?
Армысың жиналған топ үлкен, кіші,
Армысың айналайын халқым менің.
Жүргізуші: Қазақстан, Қазақстан – алтын күн,
Жанымызда жарылқайтын жарқын күн.
Атандың сен барлық әлем тілінде,
Атыменен «Қазақ» деген халқыңның.
Жүргізуші: Қазақстан, Қазақстан – ұлы анам,
Есіміңді естігенде қуанам
Қазақстан – қиял жетпес биік тау,
Қазақсатн – жазғы күнгі гүл алаң.
Жүргізуші:Тәуелсіз елдің өз Парламенті, мемлекетіміздің айшықты белгісіндей Ата заңымызды қабылдып, қазақ тілі – мемлекеттік тіл дәрежесін алды.
Жүргізуші: Біз Қазақстан халқы, қазақ жерінде мемлекет құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік, татулық, бейбітшілік, азаматтық қоғам деп, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілікті негізге алып, Ата заң – Конститутцияны қабылдадық.
Жүргізуші: Астана қаласы 1997 жылы желтоқсанның 10 – нан бастап Қазақстан мемлекетінің Елордасы атанды.
Жүргізуші: Бірлік, татулық, ынтымақ! Халық осы үш ұғымның қадірін жақсы біледі. Қазақстан Республикасы жүздеген ұл пен ұлыстың басын біріктіріп, ынтымағын жалғыстырып отырған Ұлы мемлекет.
Жүргізуші: Елім менің!
Қазақстан – менің туған анамсың,
Өзгеде жоқ, өзімде бар даламсың.
Кеңдігіңмен, молдығыңмен момақан,
Ақыл, сабыр үлестірген данамсың.
Елім менің атыңды атап ер жеттім,
Ақ сүт беріп, әлдиіңмен тербеттің.
Тербеттің де, құдіретті сөз бердің,
Тек өзіңе тең биікпен сөйлетің.
Соның бәрін көрскттірген өзіңсің,
Ғажаптармен жол шектірген өзіңсің.
Қазақстан, менің Қазақстаным!
Сөзімсің де жұртқа қарар көзімсің!
Жүргізуші: Қазақстан – туған Отан алтын бақ,
Қазақстан – мейірлі ана, дос қымбат.
Қазақстан – бізді туған Ұлы Отан,
Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап.
Қазақстан – көпті көрген қария,
Жайнай берсін, жайнай бер сен мәңгілік!