Зерттеудің хронологиялық шеңбері. Моғолстан мемелекетінің құрылуы, яғни 1348ж. Тоғлық Темірдің билікке келуінен бастап XV ғасырға дейінгі аралықты қамтиды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған деректер мен зерттеулер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда Моғолстанның құрылуы, алғашқы хандарымен этникалық құрамы қаралса, екінші тарауда Моғолстанның Мәуренахрмен қарым- қатынасы, Әмір Темір шапқыншылығына қарсы күресі көрсетілді.
I-Тарау.Моғолстан мемлекетінің құрылуы және этникалық құрамы.
1.1. Моғолстанның алғашқы хандары.
Моғолстан Шыңғыс ханның ұлы Шағатай ұрпағы мемлекеті ыдырағаннан кейін пайда болды. XIVғасырдың орта шенінде Шағатай мемлекеті батыс және шығыс бөліктерге бөлініп кетті. Шығыс аймағы Моғолстан атанып, хан тағына Тоғылық Темір отырды. Саяси өмірдегі басты ролді дулат тайпасының көсемдері атқара бастады. Өйткені XIV ғасырдың орта кезінде дуоаттар Жетісудағы ең ірі түркі тайпаларының бірі болды. «Шағатай хан өз мемлекетін бөлгенде, ол Әмір Поладшының атасы Өртөбеге Маңлай Сүбені берді...Оның шығыс шекарасы- Құсан мен Тарбүкір; батыс шекарасы- Шаш, Ғаз бен Жакишман, оның соңғысы Ферғана уәлайатында орналасқан; солтүстік шекарасы- Ыстықкөл, ал оңтүстігінде Жарқан мен Сарыұйғыр. Әмір Полатшы билеген осы аталған бүкіл аумақ Маңлай Сүбе аталды. Сол уақытта бұл елде бірнеше қалалар болды. Олардың ішіндегі ең үлкендері: Қашғар, Қотан, Жаркент, Қашан, Ақшыкент, Әндіжан, Ақсу, Атбасы, Құсан. Осы қалалардың ішінен әмір Полатшы Ақсуды өзінің ордасы етіп таңдап алды» /14/
Моғолстан деп аталған жаңа мемлекет осылайша қалыптасып, ол Шағатай ұлысының щығыс бөлігінде ұлан-байтақ жерді алып жатты. Мемлекеттің шекарасы Мырза Мұхаммед Хайдардың еңбегі бойынша мынадай болды: «…қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығымен көлденеңі жеті- сегіз айшылық жол. Шығыс шеті қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі; оңтүстігінде Ферғана уәлайатымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Турфанмен шектеседі.» Осылайша Қазақстанның Оңтүстік-Шығысы мен Қырғызстан Моғолстан аумағының негізін құрады. Моғолдар мемлекетінің аумағы туралы Мұхаммед Хайдар Дулати тағы да былай деп жазған: «Моғолстанда көлемі жағынан Жейхунға тең көптеген іті өзендер бар, олардың ішінде Іле, Ертіс, Емел, Шұлық және Нарын бар. Бұл өзендер Сейхуннан еш кем кмкс. Осы өзендердің басым көпшілігі Моғолстан мен Өзбекстан арасына орналасқан және оларды бөліп тұрған Қөкшетеңіз көліне құяды» /15/
Орта ғасыр Шығыс Түркістанның авторлары айтуы бойынша қазіргі Қырғызстан және Іле ауданы кіреді. Мысалы: Заин ад-Дин Васифи Қырғызстан территориясы Ыстықкөлді қоса алғанда Қазақстан территориясына кіреді. Онда Шу Және Талас өзендері де елдерді біріктірген қазақ хандығы құрылда деп көрсетілді. Бұл территория XVIғ. дейін Моғолстан территориясына кіргізілді. Акимушкиннің де өз мақаласында Моғолстан территориясы М.Х.Дулати бойынша сәйкес келеді. Сырдария, Сарысу, Балқаш, Ертіс және Орталық Тянь Шаньнің оңтүстік бөлігі. Моғолстан Батыс-Шығыс және оңтүстік-Солтүстік жерлері жеті- сегіз айшылық жол болып табылады. /16/
Моғолстан территориясына Шығыс Түркістан территориясының ежелгі қалалары кірген (Ақсу қаласын қоспағанда.) Бұл бөлініс XX ғасыр Парсы авторларының еңбектерінен белгілі. Бірақ та уақыт өте келе, тарихтағы оқиғаларға байланысты территориясы Жетісу және Іле мен Ертіс өзененің аралығындағы территорияны қамтиды.
Моғолстан ордасының орныққан орталығы – Алмалық қаласы болды.
Моғолстан мемлекетінің құрылуының себебі XIII- XIVғғ. Феодалдық қатынастың дамуы түркі хандарының экономикалық және саяси жағдайын дамытты. Монғол билеушілеріне қарсылық білдіру, олардың көзқарасымен келіспеу, Алтын Орда және Шағатай ұлыстарында күрес жүріп жатты. Жергілікті түрік халықтары өздерінің мемлекетін құру үшін күрестер жүргізді. Міне, осындай күрестің болуы, XIVғ. Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда Моғолстан мемлекетінің құрылуын алып келді.
Оңтүстік Қазақстан және Қырғыз территориясында тәуелсіз Моғолстан мемлекетінің құрылуына бірнеше себептер болды. 1) Феодалдық қатынастардың дамуы; 2) Монғол билігіне хандардың қарсылығы; 3)Шағатай және Алтын Орданың ыдырауы. Осы мемлекеттің құрылуы Қазақстан территориясында мемлекеттің құрылуына, яғни хандықты қалыптастыруына алғаш қадам жасалды. Мемлекеттің негізін қалаушы Тоғлық Темір болды. Тоғлық Темірдің әкесі Есенбұғаның Сатилмиш Хатун атты бәйбішесі болған, оның Меңлік атты сүйікті тоқалы да бар еді. Бәйбіше бедеу болатын. Сондықтан да ханда бала болмаған. Хан бірде жорыққа кетеді. Моғолстанның ескі әдет ғұрпында тоқалдар билігі бәйбішенің қолында болады. Егер қажет деп тапса, ол тоқалды басқа күйеуге беруге де құқылы еді. Сатилмиш Хатун Меңліктің ханнан жүкті екенін біліп қояды. Қызғаныштан оны Ширәввәль Духтуй атты сарайдағы мәртебелі әмірлердің біріне сыйға тартты. Хан жорықтан оралып, Меңлік Хатун жәйін сұрайды. Сатилмиш Хатун оған: «мен оны басқаға сыйладым,»- деп жауап береді. Хан: «ол менен жүкті еді ғой,»- деп наразылық білдіргенімен, Моғол дәстүрі солай болған соң үнсіз қалады./16/
Коп ұзамай Есенбұға хан қайтыс болады. Моғол тағы хансыз қалады. Ұлыс күйреп бүліншілікке түседі. Осы хәлді көрген әмір Болатшы дулат менің ұлы атам, ханға екі атадан қосылатын туыс болғандықтан хан сайлауға бел буып, елде тәртіп орнату жұмысына кіріседі. Ол Тастемір есімді адамды Духтуй және Меңлік Хатунның жайын біліп келсін деп жұмсайды, егер де ұл туған болса, ұрлап алып келуді тапсырады. Тастемір бұл сапардың ұзақтығын және атты адамның көп тамақ алып жүруі мүмкін еместігін айтып әмірден үш жүз ешкі сұрайды. Әмір тілегі орындайды.
Тастемір Моғолстанды тегіз ұзақ аралайды. Ханнан алған үш жүз ешкіден тек бір сұр ешкі қалғанда Меңлік Хатун еліне жетеді. Сұрастыра жүріп Меңліктің ханнан ұл туғанын және оны Тоғлық Темір атағанын біледі. Сондай ақ Меңліктің Дахтуйдан да Інжу Мәлік есімді ұлы барын және олардың екеуінің бірге екенін естйді. Қысқасы, ол амалын тауып Тоғлық темірді ұрлап алады да, елге бет түзейді.
Тастемір елге жеткенде оның жалғыз сұр ешкісі қалған болатын. Сондықтан ол «көк ешкі» лақабына ие болды. Осылайша әмір Болатшыға Тоғлық темірді алып келеді. Әмір оны мұнда хан сайлайды. Тоғлық темір өз билігі дәуірінде бүкіл Моғолстанды өзіне қаратты, тіпті шағатай ұлысының көптеген ұлысын өзіне тәуелді етті.
XIVғасырдың екінші жартсында Моғолстанның саяси тарихы туралы мағлұматтар аз, әсіресе ішкі өмірі жайлыкөп айтылмаған. XIVғ. Ортасында Оңтүстік Шығыс Қазақстанның және Қырғызстанның территориясында қалыптасқан жаңа мемлекеттің ішкі саясаты тарихи деректерде аз айтылған. «Тарих-и Рашиди» бойынша. Тоғлық Темір дулаттың көмегімен мемлекеттің ішкі жағдайын тұрақтандыра алды және Моғолстан территориясында орналасқан тайпалардың басын біріктіріп басқара алды. Саяси өмірде дулаттар негізгі ролді атқарғанымен, дәстүр бойынша мемлекетті Шыңғыс ұрпақтары басқарды./33/
Моғолстан мемлекетінің ханын сайлап алғаннан кейін, дулат Әміршілері мемлекетте өз биліктерін күшейтті. Мемлекеттің ішкі саясатында ең негізгі мәселе хандықта бір орталыққа бағындыру болды. Тоғлық Темір мемлекетінің әкімшілік саяси құрылымы бойынша Әмір және ұлықбектер басқарды. 1-ші ұлықбек Әмір Тулик, содан кейін Болатшы болған. Тоғлық Темір кезінде салық мүселесіне байланысты бірнеше жүйелер пайдаланды. Мысалы: Канан бақшыдан заңсыз салық алғаны үшін шағымдар қарастырылды. Мемлекеттік жер инжу деп аталды. М.Х.Дулатидің және Махмуд бен Валидің айтуы бойынша Тоғлық темір бастаған Моғолстан халқы Ислам дінін белсенді түрде Тоғлық Темір Мәуренахрдың ханы Тармашырын және Кебек ханы Ислам дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдады. Қарахан деректерде Жетісу қалалары мен Мауренахр орталығы ислам Жібек жолы сауда қатынасы арқылы дамыды. Ал бұл кезде моғолдардың Шағатай әулеті және түріктенген моғолстан феодалдық түңірді ұстанды. М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегі бойынша Тоғлық Темірдің ислам дінін кабылдау туралы былай деп атады: «Сол қала күні бүгінде құм астында жатыр, кейде жел құмды ұшырып алып кетсе, күмбез бен мұнаралардың басы қылтиып көрініп қалады. Жел қатты соқса үйлер де құмнан аршылып қалып жататын. Ондайда үйлерге енсең: «Үй жихаздарының сол қалпында сақталғанын, тек үй иелерінің ағараңдаған, қаңырап жатқан сүйегін көрер едіңіз.» Катак ірі қала бола тұра осылай құм астында қалады./16/
Қысқасы, шейх Катактан Айкөлге келді. Ол Ақсумен жалғасып жатқан өлке –тін. Тоғлық Темір Ақсуда еді. Оны Ақсуға алғаш алып келгенде жасы он алтыда болатын, ал шейхпен кездескен кезде он сегізде еді. Оның шейхпен кездесен оқиғасы былай болған еді. Тоғлық Темір аңға шығады да, бұл хабардан ешкім шет қалмасын деген жарлық береді. Аң аудап жүрген кезінде хан сарбаздары бір топ босқындарға кезігеді. Сарбаздар оларды байлап-матап хан алдына алып келіп, оларға хан бұйрығын бұзып, аңға дайындалмай келген деген айып тағылады. Хан олардан: «Сендер неге менің әмірімді орындамадыңдар?»-деп сұрайды. «Біз жат жерлікпіз, қираған Катактан келе жатырмыз, сіздің жарлығыңыздан бейхабармыз, әйтпесе бұйрығыңызды бұзбаған болар едік»,- деп жауап береді шейх. Ашулы хан: «Тәжіктер адам емес», -дейді. Ол бұл сәтте иттеріне шошқа етін беріп отырған еді, қабағын шытып шейхтан былай деп сұрады: «сен бе, әлде сенен мына ит жақсы ма?». Шейх оған: «Егер мен иманды болсам, мен жақсымын, ал имансыз болсам, менен мына ит артық »,- дейді. Бұл жауаптың ханға әсер еткені сонша, кенет шетке барып өзінің қызметшілерінің біріне: «анау тәжікті құрметпен атқа міңгізіп алып жүріңдер»,-деп бұйырды. Моғол шейхтің алдына өз атын көлденең тартты. Шейх аттың ер-тоқымына шошқа қаны тигенін көріп, одан бас тартты: «Жаяу-ақ барамын»,-деді. Моғол оған бұйрық осылай деп тұрып алады. Шейх амалсыздан иіліп тазарту үшін «мәс» жасап атқа мінеді. Осы кезде оның көзі жалғыз отырған ханға түсті, онда да қанның ізі қалыпты. Шейх қасына жақындағанда хан одан: «Адамды иттен артық ететін бұл не нәрсе?»- деп сұрады. Шейх: «Иман»,-деп жауап береді. Содан кейін жалпы ислам діні, мұсылмандық шарттары жайлы толық түсіндіреді. Сонда хан оған: «Егер мен хан болып тәуелсіздік алсам, міндетті түрде сіздің келуіңізді сұраймын. Мен исламды қабылдаймын»,- дейді. Шейхты құрметпен шығарып салады.
Осы оқиғадан кейін Шеих хәл үстінде жатып, баласы маулана Аршададдинге болған оқиға жайлы әңгімелейді. Сонымен бірге, мынадай өсиет қалдырады: « Мен бір түс көрген едім, түсімде бір шырақты жоғары көтеріп жүр екенмін. Оның нұры бүкіл Шығыс жақты жарқыратып тұр екен. Осыдан кейін мен Ақсуда Тоғлық Темір ханға кезіктім»,- деп, өткен оқиғаны ұлына баяндайды. Менің ғұмырым жетпеді. Енді сен: «Егер сол балаң жігіт хан болса, іздеп бар, ол өз уәдесін орындауға тиіс. Сол бақыттың қолдаушысы өзің боласың. Оның мұсылман болуы бүкіл әлемді жарқыратады»,- деді»./18/
Біршама уақыт өткен соң, Тоғлық Темір хан болды. Осы дақпырт, хабар маулана Аршададдинге жетеді. Маулана дереу жолға жиналып, Ақсудан Моғолстанға сапар шегеді. Хан бұл кезде кемеліне келіп, айбары асқақтап тұрған еді, қаншалықты әрекеттенгенімен маулана ханмен кездесе алмады. Сонда ол әр таң сайын хан сарайына жақын арадан азан шақыруға кірісті. Бірде таңертенгісін хан өз қызметшісін шщақырып алып, былай дейді: «Сен мына дауысты естисің бе? Бір неше күн болды, таң сәріде біреу әндетіп айғайлайды. Барып біл, ол не қылған адам?»-деп бұйырады. Хан жарлығы екі болмайды. Таңғы азанын бітіртпестен сарбаз маулананы желкелей хан құзырына алып келеді.
Хан: «Сен кімсің, таңғы тәтті ұйқының кезінде неге әндетіп айғайлайсың?»- деп сұрады. Шейх: «Мен сол баяғы өзіңіз мұсылман боламын деп уәде берген кісінің баласы кдім», -дей келе, жоғарыда айтылған оқиғаны баяндайды. Хан оған: «Сенің келгенің жақсы болды. Ал сенің әкең қайда?»- деп сұрады. Маулана: «Әкем дүниеден өткен, бұл жұмысты маған өсмет етті»,-деді. Хан сонда: «Мен хан болған соң уәдем жайлы ойланып жүр едім. Тек ол кісінің келмей қойғанына қайран қалатынмын. Енді сен хош келдің. Не істеу керек?» - «Сол бір таң шығыста ерекше арайлап атып еді. Күпірліктің қара түнегі түріліп, таң шапағын құрып шашты. Маулана ханды ғұсын жасатып, иман сөзін айтқызды. Хан мұсылман болды. Енді олар мұсылман дінін қалай өрістету шараларына кірісті. Әміршілерді бір-бірлеп шақырып алсақ, сонан соң бәрі ислам дінін қабылдаса мұратқа жеткеніміз, мына аятқа сай: «Бірақ кәпірлер бірігіп алып, сендерге шабуыл жасаса, сендер де бірігіп оларға шабуыл жасаңдар. Естеріңде болсын құдай қашанда діндарлар жағында». Сарайдағы әміршілерді кезекпен кезек шақырып мұсылман дініне кіруді талап еттіп, ұсынды. Бірінші болып шақырылған дулаттардың көсемі әмір Тулақ еді, ол мен пақыдың арқы атасы болып келетін және үкіметтің жоғары лауазымды шенінде болатын. Ол хан сөзін тыңдап болған соң көзіне жас ала отырып былай деді: «Мен осыдан үш жыл бұрын Қашқарда мұсылмандықты қабылдаған едім тек сізден именіп ағымнан жарыла алмағанмын. Енді маған бұдан артық бақыт жоқ»,- деді.Хан орнынан тұрып, қошеметпен қатарына әкелді.Үшеуі мұсылман болды. Осылайша барлық әмірлерді бір-бірден дінге шақырды. Кезек Шорасқа келген болатын. Ол діннен бас тартып былайша шарт қойды: «Егер мына тәжік Сангани Буга атты палуанмен белдеріп жеңіп шықса, сонда ғана иман келтіремін», - деді. Хан және басқа әмірлер бұған қарсы болды: «Бұл ақылсыз шарт, бассыздық»,- деді. Бұл жайды мауланаға хабарлағанда, ол келісті. «Алланың жазуы солай шығар, егер жеңіліп қалсам, оны исламға кір деуге хақым жоқ»,- деді. /18
Хан оған: «Мен ол адамды білемін. Ол тайлақты көтеріп кетері хақ. Ол кәпір, адамға жатпайды»,- дейді. Маулана: «Егер Алла қолдаса күш берері сөзсіз»,-дейді. Хан да, исламға кіргендер де бұған келіспеді.
Ел жиналып ортаға әлгі кәпірді шығарды. Өз күш қуатына масаттанған ол мауланаға тәкәппарлана, тұра ұмтылды. Қолдасқан сәтте маулана бір қолын оның төсіне қойып итере салады. Кәпір шалқасынан түсіп, есінен танды. Бір шама уақыттан соң есін жиып, мауланадан кешірім сұрап, «калима –и шәһәдәтті» аузына ала иман келтірді. Халайық қуаныштан думан ққрды. Сол бір күннің өзінде жүз алпыс мың адам келтірді де шаштарын алды. Хан бірінші болып өзін-өзі сүндетке отырғызды. Осылайша ислам нұры имансыздық түнегіне жарық сәулесін шашты. Ол сәуле Шағатай шаңырағына жайылды. Ислам дінін ханнан кейінгі, оның ұрпақтары барлық ынта – жігерімен өрістетті. Мусылман дінін кабылдамағандарды жазалап отырды.
Mіне, бірінші он жақтағы мемлекеттің ішкі саясаты осындай негізгі саяси окиғалар болды. Осы уақытқа дейінгі ішкі жүне сыртқы саясаты деректердің жетіспеушілігіне байланысты бөліп қарастыру өте қыиын. Бірақ та Тоғлық Темір ішкі саяси ой пікірі деректерді керініс табады. Ол Мауренахрда да (оз билігін) Шағатай әулетінің феодалдар арасында қайшылықты пайдаланып, өз билігін жургізуді жоспарлады Тоғлық Темір 1-ші жорығын 761 ж. раби ас-сани айында (1360 ж ақпан-наурыз) жасады. (Ташкент қаласының маңында) Бұл кезде Тармаширин хандығының дүниеден өткеніне де отыз үш жыл толған. Осы жүз жыл ішінде Шағатай ұлысында сегіз хан патшалық құрған екен.
Темір хан Ташкент даласындағы Ходжент езенінің маңында «чанақ бұлақ» (жаңа бұлақ) деген жерде біраз аялдап, тәре-р мекенді бекетті жиып кеңес ашады. Кеңесе келел Әміршілер мынадай шешімге келеді Керейіт тайпасынан Ұлық Тоқтемірді арқанут тайпасынан Қажыбекті, каңлы тайпасынан Бекжакты алғы сапқа жіберуді жөн деп тапты. Сырдария арқылы өтіп Шахрисябзага қарай бағыт алды. Ол елдің өзінің ішінде Әміршінің араласқан талас-тартыс болып, әмір Ходжа Хорасанға қашып кетті, ал калған түрік Әміршілері өз еркімен Моғолстанға бағынды. Тоғлық Темірдің Кеш қаласын басып алуына байланысты Әмір Темір барлас бачсын иді./20/
Жаулап алынған мүлікті бөлісу үшін әскерін басшының аралас талас-тартыс болгандыктан Тоғлық Темір кері қайтуға мәжбүр болды, ягни өз жорығын жалғастыра алмады. М.Х. Дулати және Шараф ад-Дин Али Йазди бұл туралы ешқандай мәлімет бермейді. Тоғлык Темірдің сәтсіздігі әскери басшылар тек қана өзара таласып коймай, сонымен қатар ханға қарсы шьқты.
Хан мен Өмірлердің арасында келіспеушілік болғандықтан, ойлары, алга қойган максаты бip болмағандықтан бұл жорық сәтсіз аякталды. Тоғлық Темір мақсаты әлсіреген Шағатай мемлекет калпына келтіру, күшейту болды, ал феодалдарды тек қана жаулап алған жерлерін тонап, сол байлықтардың нәтижесінде жағдайын жақсартуды көздеді.
Тоғлық Темір хан Мауренахр шешімін билігіне қол жеткізуі үшін сансыз әскер жинап, келесі жорығын 762 ж. (1361 ж. наурыз, сиыр жылы) джумада-л-аудал айында осы өлкеге сапар шекті. Ол Ходжентке жеткенде Әмір Баязид жалайыр оған бағыныштылық танытып бас иді. Әмір Байан сулдуз бас игендік ниетпен оны карсы алу ушін Самарқанға дейін келді. Әмір кажы барлас алғашқыда қарсыласқанына карамастан тәуекел етіп ханның алдына барды. Осы аралықта хан Әмір Баязидті ұстап өлтіруге жарлық берген болатын. Әмір қажы барлас осыны білген соң, қорқыныштан қашып құтылуға бет бұрды жуне Кеш уүлжаятын паналады. Өз ұлысының бip бөлігін Жейхун (Амудария) өзенінің арғы бетіне көшірді. Жете әскерінің көп сарбаздарын оның соңынан қуа келіп шайқас бастады. Осы шайқаста Жугаш барлас каза тапты.Әмір кажы Хорасанға кетті. Ол Сәбзевар ужаяты, Жувейн қаласы маңындағы хараше аулына жеткенде бip топ карақшылар оны бауыры идихумен бipгe қолға түсіріп өлтірді. Көп ұзамай хорасанды жаулап алғаннан кейін, кектенген үлемді жаулаушы Сахибқыран ыза-кек Семсерімен бip топ жамағатты өлтіртті./32/
Жете Әміршілердің ішінде ханға еркін кipe алатын тек әмір Хамид болатын. Ол курлакут руынан еді және өз катарының парасаттысы және қырағысы, кабілеттісі болатын және де ол ханға кандай кеңес берсе де, не тілек етсе де, құпталатын. Осы аралықта ол ұлы патша Сахибқыранның шексіз ерлігі жөнінде айта келе, оған кешірімділік жасауды өтініп, араша туседі және оның иелігіндегі аймақтарға рахымсыз жасауды сурады. Хан оны муқият тыңдап, пікіріне қосыла отырып хабаршы жіберіп, Сахибқыранның алдында келуіне талап етті. Муртебелі Сахибқыран оның тілегіне орай алдына келгенде хан оны ізгі ниетпен қабылдап, құрметтеді. Кеш және Тұман аймактарының оған тарту етеді.
Хан сол қыста Әмір Хусейінмен соғысуға бел буды. Әмір Хусейін эскерін жиып Вахш өзеніне келеді және осында әскерін кос тігеді. Хан Дарбанд-и Аханиннен өткенде екі жақтан әскері бip - біріне қарсы сап түзеді Осы кезде Кейхұсрау Хотталани өз қолымен Әмір Хусейінді тастап, хан жасағына келіп қосылды. Осыны көрген Әмір Хусейін қашуға ниеттенді, ал хан қуып отырды. Жейхуннан өтіп құндызға жетеді. Оның әскерлері осы өлке мекеніне Гиндкуштің таулы асуына дейінгі аудандарды тонап, талан-таражға тусірді. Көктем мен жазды олар осы аймақтардың төңірегінде, шекті аудандарда еткізді.
Күз түсісімен, хан Самарқанға бет алады. Жол жөнекей Әмір Байан Сулдузды өлтіруге жарлық береді. Самарқанға келгенде Мауренахрдың билігі толығымен оның қолына көшкен еді. Барлық Әміршілер мен нояндар шарасыздықтан оны мойындайды. Хан сенімсіздік білдірген адамын өлтіртті, ал сеніміне кіргендерге ілтипат керсетті.
Мауренахр өлкесіне өз ұлы Ильяс Қожаны билеуші етіп тағайындады. Оған Моғолстан әскерінің көп сарбаздары мен Әміршілерін бөліп берді. Оның ішінде Бекжан сынды айбынды, тамаша Әміршілері мен батырлары бар еді. Әмір Темірді ерекше кұрметтеп өз ұлының қасына қалдырды. Моғолстан Әміршілеріне басшыльқ ету Әмір Бекжанға жүктелді, ал сол елдің билігін жүргізу жумысы Әмір Темірге тапсырылды. Әмір Бекжан хан жарлығын орындаудан бас тартып, елде қысым көрсету зәбіршілік, бүлік өpic алды, зорлык, пен жаулық жолына түсті. Бұған, яғни Ильяс Қожаның билігіне Әмір Темірмен басқа әскер басшылары карсы шықты./29/
Әмір Темір ханның жарлығының орындалмай мемлекет жұмыстары өз арнасынан ауа бастағанын, осының бәрін өз кезімен көргендіктен, енді бұл жерде қалуды жөн көрмеді Ол Әмір Хусейнді табу мақсатында жолға шығады. Осы алауыздықты пайдаланып, Әмір Хусейнмен бipгe Моғолстанды басып алуға талпынды. Ильяс Кожа оған карсы 20 мың әскер жіберді. Тоғлық - Сальдузо және Кайхосроу және т.б. эскер басшылық саны 20 адам, Буканның баласы Темір, Сарык,, Бикджиктің баласы және басқа Әміршілер «Хазара» (мыңдық) және қошым. Шайқас Пул-и Сангин тасты көпірдің жолында болды. Моғол әскер басшысының ауыз-біршілігі болмағандықтан, әр кайсысының өз мақсаты болғандықтан жеңіліс тапты./25/
Әмір Темірдің әскерлері моғол әскерін Худжаратқа дейін қуып барды. Осы уақытта Кеш каласын азат етуге әскер жіберді. Бұл кезде Ильяс Кожаның әскерінің лагері Кеш қаласынан алыс емес жердегі Таш-Аригида болды.
Тоғлық Темір кайтыс болуына байланысты 764 ж бойынша (1362-63 ж) Ильяс Қожа Мауренахрды тастап, Моғолстанға қайтуға мәжбүр болды. Бірак, Әмір Темір мен Хусейн әскерімен Қаба-Матан жерінде шайқасуға мәжбүр болды. Осы шайқаста кептеген әскер басшыларынан айырылды. Тоғлык, Темір, Бахадүр, Әмір Бекжанның ағайыны Бики, Даулат - Шах және т.б. тұтқынға Әмір Бекжан, Ескендір Оғлан, Эмір Хамид (сол канатты бастаушы), Әмір Жуніс Қожа және Ильяс Кожа. Шариф ад-Дин Йаздидің айтуы бойынша Ильяс Кожа мен Әмір Бекжанды үлкен айып пұл төлеу арқылы босатып алды. Қалған Әмірлерді ұрып соқты. Ал моғол әскерлері Ташкентке қарай қашып кетті. Сейтіп Моғолстанның алғашқы Шағатай мемлекетінің бұрынғы иелігне жасаған «проектараты» осылай аякталды. Бірақ, Ильяс Қожа хан болғаннан кейін, өзінің әскерінің ішкі саясатын, яғни Шағатай әулетін күшейту саясатын жалғастырды. 1365 ж Чинас пен Ташкенттің ортасында Сырдарияның жағалауында Әмір Темір мен Хусейіннің эскерлерімен кездесті. 1365 ж - 22- шіl мамырда болған шайқас «Балшык, шайқас» деп аталды. (Джанг-и Лой) Шайқас болып жаткан кезде жауын басталып, бұндай климатқа уйренген моғолдын әскерлері шайқаста өз-өзін ұстай алды. Ал Әмір Темір әскерлері шыдай алмады. Жауыннан кейін киімдері, қару - жарактары су болып, ауырлап тойтарыс бере алмады. Жауын кезінде Моғолстан әскерлері қошмандарын жамылды. Темір әскерлері жақындағанда қошманын шешіп, су болмаған кару-жарактармен тойтарыс бере алды. М.Х.Дулати өз еңбегінде осы шайқасты былай суреттейді. Әмір Темір сол қанаттан соққы беріп, Әмір Хамидтің бауыры Шанкум ноян баскарған жауынгердің оң қанатын талқандады. Мұны көрген Ильяс Қожа хан аттың басын кері бұрды. Жауынгердің сол канаттағы ерекше бөлімі, Шир-и-үввал мен Қажы бек бастаған колды әскердің оң қанатын талкан етіп. Тиланжи лин Зинда Чашмиды соңынан қуа оларды Әмір Хусейін әскеріне дейін тысқарды. Бұл қанат ауыр соққыға шыдамай, қашуға айналды. Шир Баһрам мен Болат. Буға табан тіреп тапжылмастан ерлікпен куресті. Кажы бек сокқысымен оң қанатты бұзып өткенін көрген Фархид пен Бек Темір аңырап тоқтап қалды. Ана жактан Әмір Шамсаддин ауыр қолмен оңғар шашып, ерлік көрсетті. Осы кезде тарихшылардың айтуы бойынша, Хусейннің жауапсыздығынан Темір әскерлері жеңілді./26/
Су болмаған Моғол эскерлері Шамс ад-Дин Натанзи Самаркандқа барар жолдағы халықты тонағанын суреттеді: «Ислам елінде жеңістен кейін моғол әскерлері тонауға және жазалауға көшті». Темір және Хусейн Самарқандты тастап Амударияға кетті Бірақ, халқы өздері қарсылық көрсетіп. Самарқанд халқын сол кезде «Сербтар» деп атады. Моғол әскері Самарқандқа жеткенде, ол уақытта қалада қамал болмаған еді Сол кезде Мауланаза да Самаркандты және әбу Бүкір Кулуй Наддаф қала тұрғындарын көшедеде бекініс жасап, қаланы қорғауға шақырды. Халық, аскан ержүректікпен қарақұрым әскерге айбынды патшасыз қарсы шығып, жан аямай ұзақ уақыт шайқасты. Олардың каһармандығы арқасында душпанның қолынан қала турғынының дүние мулкі, мал-жаны да қорғалды. Алайда жұрт дұшпан қаланы ұзақ мерзім қоршап тұрғандақтан әбден титықтап шаршаған еді. Жамандатқыр ауруы моғол аттарына кырғидай тиеді. Сондықтан төрт адамда біреуден артық ат қалмады. әбден әлсіреп, әбіржіген моғол әскерлері кайтып кетуді қажет деп тапты.
Абд ар-Раззак Самарқанддықтың айтуы бойынша Моғолдар қарапайым көшпенділердің тактикасын пайдаланған: « кенеттен соққы беру». Бірақ ол жүзеге аспады. My ин ад-Дин Натанзи Самарқандқа моғолдар 10 мың әскер жіберді. бірінші жорықта екі мыңға жуық әскер талқандалды деп жазады. Жеңіліске ұшырағандықтан халықты тонап кетеді./17/
Моғолдың алғашқы ханының Шағатай мемлекетіне жорығы осылай аяқталды. Оның саясаттағы сәтсіздік Шағатай әулетінің кұлауындағы объективті кедергісіне көңіл аударуында болды. Өздерінің мемлекеттерінің ішкі жағдайын, шаруашылығын жақсартуды, феодалдық қарым - қатынасты нығайтудың орнына, Оңтүстік - Шығыс Қазақстанның алғашқы хандары сыртқы саясатқа кеп көңіл бөлді. Сондықтан Темір әскерлері жорық жасағанда мемлекетін нығайта алмады.
Ханның Тоғлық Темір кезіндегі ішкі саясаты туралы көп айтылмайды.
Моғол елінің аңыз -әңгімелерінде Ильяс Қожа туралы еш нәрсе айтылмаған. «Зафарнамедегі» дерекке қарасак, онда Тоғлық Темір хан қайтыс болған соң хан болған жөнінде мәлімет берілген. Ильяс Қожа хан әкесі қайтыс болған соң, «Балшық шайқасы» жеңісінен кейін, Самарқандты қоршауға алып, жамалдатқырдан көптеген ат көліктен айрылып кейін оралған соң аз уакыт патшалық құрған Моғол аңызында Тоғлық Teмip хан өлгеннен соң көп ұзамай Ильяс Қожа ханның да өлгені айтылды. Муин ад-Дин Натанзи: алғашында Камар ад-Дин және оның ағасы Шамс ад-Дин Ильяс Қожаны таққа отырғызды. 765 ж. (1365-1366 ж) Оны ұйықтап жаткан жерінен Камар ад-Дин өлтірді. Сосын Шамс ад-Динді таққа отырғызды» -дейді. Осы мәселеге байланысты М.Х.Дулати екі мәлімет айтады. Улысбегілік қызметі Әмір Болатшының колынды болды. Ол дүниеден өткеннен кейін, Болатшының ұлы Әмір Худайдадка беріледі. Әмір Қамараддин хан айдынына тізе бүгіп тұрып: «Ағамның орнына мен лайық емеспін» - деп айтты. Тоғол Темір хан өз шешімінен қайткан жоқ, сөйтіп билікке жеті жасар Худайдадты бекітті. Ол осыған қатты ренжіді. Ал екінші мәлімет бойынша Ильяс Қожа қайтыс болғаннан кейін шу көтереді. Қорыта айтқанда М.Х. Дулати моғол хандарының айтуына сүйене отырып, 18 жасар Ильяс Қожаны Әмір Камараддин өлтіреді. Сейтіп -өзі хан атағына ие болады. Ол хан ұрпағының барлығын қырады. Тек қана Тоғлык, Темір ханның емшектегі бip ұлы қалған еді. Оны Әмір Худайдад Мир аға деген шешесімен бipгe жасырды. Әмір Қамараддин оған сұрау салып бірнеше рет адам жіберді. Бірақ, олар дер кезінде айласын асырып жасырып отырды. Сонымен Әмір Қамараддиннің іздеуші адамдары оларды таба алмады./16/
Әмір Қамараддин Моғолдьң билігін игеруге кipicтi. Алайда Әмірдің оған карсылық көрсетуі және Әмір Темір әскерінің Моғолдарға келуі оның аяғын нық басып емін-еркін билік жургізуіне кесірін тигізді Әмірдің қарсы шығу себебі орталықтанған шыңғыс ұрпағының билігін жалғастыру емес, негізгі себебі дулат тайпасын жоғалту билік баскаруға мумкіндік бермеу болды. Бірақ Қамараддин Моғолдың жартысын бағындырып, Қызыр Қожа хан болғанша билік жургізіп отырды.
1.2. Моғолстан халқының этникалық құрамы.
Моғол туралы айтсақ, ең алдымен, Мырза Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашиди» атты еңбегіндегі этникалық атаулардың тегі мен шығу тарихын айқындап алғанымыз дұрыс болар. Әйтпесе, мысалы: моғол, мұғал, мугул, мағұл, моғұл сияқты бірнеше нұсқа оқырмандарды шатастыруы мүмкін./36/
«Моңғол мемлекетінің құрылуы, Әмір Шыңғыс әскерінің дүйім дүниенің тең жартсын жаулап алуы моңғолдардың атақ даңқын асырғаны соншалық, Азия халықтарының орта ғасырлық тарихи процесі моңғолдардың ықпалында болды. Шыңғыс ханның әруақ даңқы мен жазылатын ағын пайда болды» сондықтан: IX-XIII ғасырда аталған өлкеде өмір сүрген барлық тайпаларды «моңғол» тегіне жатқызып қарау осынау бір жақтылықтың салдары деп қараған жөн сияқты. Бұның бір мысалы ретінде Рашид –ед-дин Фазлолла һәмеданидің «Жәми-ат–тауарих» (Жалпы тарих) атты еңбегін айтуға болады. Онда түрік халықтарының тегін моңғол тайпаларына келіп жазған./39/
«Моғол» сөзінің Мырза Хайдар заманында қолданысқа енуін түсіну үшін, Шыңғыс дәуіріне қайта оралу қажет. Шыңғыс хан қайтыс болғанда, оның империясы төрт ұлысқа бөлініп, оның төрт ұлына берілді. Екінші ұлы Шағатай ханға (1227-1242) орталық ұлыс берілді, оған –Транс-оксияна, Хорезм (қазіргі Өзбекстан), Ұйғыр жерлері (қазіргі қытайдағы Шығыс Түркістан), Қашғар (қазіргі қытайдағы Батыс Түркістан), Бадаһшан, Қашғар, Балх, Ғазниндер жері – үнді өзеніне дейін (қазіргі Тәжікстан, Ауғанстан және Пәкістанның солтүстік-батыс аудандары) қарады. 1270 жылға дейін Шаатай хандары қалыпты, мазасыз дәуірді батан кешті, ал содан кейін хандық үшін ауыр заман басталды. Билік үшін таласушы бірнеше топ бір-бірімен қырқысып, бірнеше билеуші пада боды. Бұл кезең, Мырза Хайдардың айтуынша, XIV ғасырда Тоғлық Темірдің хандықтың шығы бөлігіндегі билік тізгінін алғаныны дейін жалғасты. Сол қыйын кезеңде Шағатай ханның ұлысы Батыс және Шығыс болып екі бөлікке бөлінді: батыс бөлігінің хандары Шағатай хандығы деп аталып кетті, ал шығыс бөлігінің жерлері Моғолстан деген атпен белгілі болды және сол жерді мекендеген адамдар Моғолдар деп аталды. Шыны керек шығыс бөлігінде де, батыс бөлігінде де мекендеген халықтардың көпшілігі (кейбір парсы тілді қалалардың тұрғындарын есепке алмағанда) моңғол емес түрік еді. Олардың барлығы да ортақ түркі тілде сөйлеп, бір түркі даласын мекендеген бір атадан шыққан халықтар еді. Бірақ моңғол атауы шығыс билігінің тұрғындарына ғана қолданылды, өйткені олар моңғолдануға көбірек ұшырап, ислам дінінен аздау әсер алған.Моңғолдар жайында бүгін біз аңғарғанымыз – олардың династиясы биліктен айрылған болса да баяғыда Орталық Азия халықтарының ұлттық сана –сезімдеріне өшпес із қалдырып кеткен.
Моғол термині және оның варианттары –моғыл және мұғал, қазіргі кезде, негізінен, «Ұлы моғолдарға» қатысты қолданылады. «Ұлы моғолдар» дегеніміз – Бабыр XVI ғасырда негізін қалаған Үнді империясының билеушілері. Бұл империя XIX ғасырға дейін Үндістанды биледі. Осы атау – көп уақыт қолднылу салдарынан туындаған қате атау. Бабыр да, оның із басарлары да өздерін ешқашан «моғолмыз» деген есем. Бабырдың апасы расында да моғол болған, ол моғолстан ханының қызы еді, бірақ әкесі Әмір Темірдің тұқымы және Шағатайлы түрік еді. Біз қазір Моғол деп атайтын хандар өздерін, аталары Әмір Темір құраған атымен «Көрекен әулеті» деп атаған. Бабыр әскерлерінің арасында Моғолстанның моғолдары болғаны мәлім, бәлкім, сол себептен Солтүстік Индияның жергілікті халқы Темір әулеттері моғолдар деп атап кеткен. Жергілікті халықтан кейін еуропалықтар да оларды XVI ғасырдан бастап солай атады./40/
«Тарих –и Рашиди» еңбегіндегі Моғолстан халықтарының тарихи-мәдени ахуалын анығырақ ұғына білу үшін олардың Дулат әмірлігімен арадағы әр түрлі саяси-әлеуметтік және мәдени байланыстың себептеріне үңілген жөн. Әуелі, «Дулат» сөзінің түп тамырына тоқталар болсақ, зерттеуші ғалымдардың қорытындысына қарағанда дулат сөзінің этимологиясы Қытай жазба деректерінде дулу, дулуғ, далу, далуғ-доғлад сөзінің фонетикалық-формалық өзгерістер заңына байланысты пайда болған екен. Қытай жылнамасында көбінесе дулу болып кездеседі. Оны кейбір зерттеушілер тулак, дуғлы деп те атайды.
Дулат –қазақ халқының этникалық құрамына еңген көне тайпалардың бір. Шығыс танушы Н.Я.Бичуринмен Г.Е.Грумм-Гржимайлонның жазуына қарағанда дулаттар б.з.б. II ғасырда өз алдына хандық құрған. Үйсін таипалар одағында болған. Үйсіннің күнбиі қартайған шағында он ұлының үлкенін өз орныны тағайындайды. Ол кейінгі тарихи оқиғалардың барысында Іленің бойынын еншісін алып алғашқы түрік қағандығын құруда зор үлес қосады. Ғұндар құрамындағы әйгілі тайпалардың бірі болады. Атилла әскерінде қыпшақтар мен қатар Дулаттар негізгі күшінің бірі ретінде тарихта із қалдырады. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда түрік халықтары тарихының ежелгі дәуірінен XV ғасырдың аясына дейін дулат тайпасы ықпалды саяси күш болғанын аңғартады. Тіпті, қазақ халқының дулаттан тараған «сиқым, жаныс, ботбай, шымыр руларының» ішіндегі Шымырдың есімін Әбулқасым Фердаусидің «Шахнама» дастанында кездестірдік. Онда: Иран патшасы Баһрам Гур түркі қағанын жеңген соң, оның еліне қосынындағы текті де, парасатты һәм бағы асқан Шымыр атты бір кісіні Тұран елінің патшасы етіп тағайындап, ай тәжі бар таққа отырғызады. Басына алтын тәж кигізді. Түран елі түгелдей қуанышқа бөленді деп жырланған.
«Шымыр» атауының тарихи тұлғадан тарихи ономастикаға ауысуы жайдан –жай емес. Наршәхидің «Бұхара тарихы» атты еңбегіндегі арап тіліндегі – «Сәмәран», парсы тілінде «Сәмәрқанд» деп аталатын қала бар дейді. Бұл қаланың атауы туралы тарихнамаларда айтылған пікірлерді Иран ғалымы Мүддарес Рәзәви баспаға дайындаған «Бұхара тарихы »кітабінің тұсініктеме бөлімінде әжептәуір деректер жинастырған. Мәселен, Әбулхасан Хорезми: «Сәмәран», «Сәмарқанд» атауының арабша түрі десе, басқа ғалымдар Сәмәрқандта әйгілі қала, оны Шымыр Әбукәріб құрды. Оның атымен Шәмәркент деп аталды. Фонетикалық өзгеріске ұшырап Сәмәрқанд делінді. Арабтар Шәмәр есемді Иәмән патшаларының бірі осы қаланы жаулап алып ойрандады. Сондықтан оны Шәмәркенд деп атады деген дерек те бар. /34/
Әлбетте парсының араб әліппесі негізінде жасалған үш әріп белгімен жазылып, бес дыбыс беретін жазуында дауысты дыбыстардың әріптік белгісі болмағандықтан айтылған сөз Шәмәр, Шымыр, тіпті Шемер деп те оқылады. Сол себепті тарихи оқиғалардың барысына орай ақылға қонымды нәтиже шығаруға тиіспіз. Яғни қазіргі Самарқанд қаласы ежелгі заманнан қалған түрік халықтарының сарқыты ретінде сақталған Шымыр атауымен де сәйкес Шымыркент болуы әбден мүмкін екендігін естен шығармау керек.
Парсы тіліндегі негізгі жазба деректерде Дулат атауын Фәзлолла Рашид ад-диннің «Жәми-ат-Тауарих» (Жалпы тарих) атты еңбегінен (1372) көре аламыз. Онда қазақ халқының құрамына еңген Жалайыр, Керейт, Қоңырат, Найман сынды ру тайпалары да аталады. Одан кейін Шарафәддин Әли Иаздидің «Зафарнама» атты еңбегінде Дуғлат Мырза Әбу Бәкір және Дуғлад Камараддиннің Мауеренахр мен Шығыс Түркістанның саяси сахнаға шыққаны жазылған./37/
Моңғол және моғолдың түрік халықтарымен тарихи қатынастарына терең көз жеткізіп, ара жігін анықтап ұға алмай жүрген шет елдік ғадымдар «дуғлат тайпасы –Шағатай, моғолдың бір бұтағы» деп жазғандары бар. Сол себептен қазақ ғалымдарының тарихына, мәдениетіне тілі мен әдебиетіне қатысты тарихи деректерін түпнұсқадан тікелей қазақ тіліне аудару мәселесіне көңіл бөлгендері абзал. Шетел ғалымдарын өзіміздің дәйекті қорытындыларымыз арқылы қазақтың шынайы тарихын мойындатуға тиіспіз. Тарих шынайлығын айқындау тәуелсіз еліміздің бүгінгі және ертеңгі ғалымдарының еншісінде болмақ.
Қазіргі кезде түрік халықтары бірнеше ұлт-ұлысқа бөлінгендіктен ортақ ріхани-тарихи мұраны әрбірі өз еншісіне алуға тырысады. Оның бір белгісі ретінде ұйғыр ғалымдарының: «Шыңғыс хан 1218 жылы Алтышаһар аймағына ұйғырдан шыққан «Маңлай Сүйе» атты бір кісіні әкім етіп тағайындады. Маңлай Сүйе –сүйікті, бақытты деген мағынаны білдіреді. Маңлай Сүйенің бір аяғы ақсақ болғандықтан Шыңғыс хан оны «Дуғлад» деп атаған. Өйткені дуғлат сөзі монғол тілінде ақсақ деген мағнаны білдіреді. Маңлай Сүйенің әулеттері Алтышаһарды 1224 жылға дейін билеп, тарихта дуғлад әмірлігі деп аталды. Маңлай Сүйе Шыңғыс ханның ұйғырдан шыққан жақын адамы еді» деп жазған.
Ал шын мәнінде, «Маңлай Сүйе» сөз тіркесі түрік және парсы тіліндегі маңдай –бағыт, жақ сөздерінен құралған болуы керек. Өйткені Шыңғыс хан билік құрған территориясын балаларының арасына бөліске салғанда, барлық әскері мен әмірлерін де олардың қарамағына өткізді. Соңда дуғлат әмірлері Шағатай ханның еншісінде қалды. Ал, Шағатай хан Маңлай Сүйені дуғлат тайпасының әміріне тапсырды. Мырза Хайдардың айтуынша: «Маңлай Сүйе» сөзі «күнгей жақ» деген мағнаны білдіреді. Оның бір жағы- Шаш, бір жағы- Чалиш (Шалыш), бір жағы Ыстық көл және бір жағы сары үйғырмен шектесіп жатыр деп анықтама берген. Екіншіден, автордың дуғлад тайпасының әмірлері деп жазғандығы басқаша анықтаманың артық екенін көрсетеді./42/
Моғолстан Шағатай, Жошы, Әмір Темір әулеттерінің талас –тартысында бөлініске түседі. Жалпы алғанда Қашғария ұйғырға, Мауренахр бір бөлігі өзбекке, Жетісу жерлері мен қазіргі Қазақстанның оңтүстүгі қазаққа тиесілі болды. Дулат тайпасының тағдыры осы бөліспен ұштасып жатты. Өйткені, Қашғарға Рашид хан билікке келіп дулат әмірлерін қудалай бастады. Амалын тауып Қашғарда қалып кеткен дулаттар, әрине, ұйғырлар құрамына енді. Мауренахрдағы дулаттар өзбек арасыны сіңісіп кетті. Мырза Хайдар дуғлат смяқты жеке адамдардың тағдыры да және дулат тайпасының рулық топтары да қилы заманның тәйкегіне түскенін байқауға болады. Мәселен, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның территориясындағы дулаттар қазақ хандығының құрамында қалды.
Шағатай хандығында дулат әмірлері екі саяси бағыт ұстанды. Біріншісі-моғол хандарынан дербес мемлекекет болып қалуды аңсады. Бұл топтың өкілдері ретінде мырза Әбубәкір дулатпен Камараддин дулатты атауға болады. Екіншісі- Шағатай хандығының құрамындағы тәуелді саяси топ болды. Бұл топтың басында Өртөбе мен оның әулеттерінің ішіндегі Әмір Болатшы бастаған дулат әмірлігінің әулеттері болды. «Тарих -и Рашиди» кітабінің авторы –Мырза Хайдар дулат заманына дейін моғол билігінің құрамында тәуелді саяси дулат әмірлігі өмір кешті. /16/
Моғолстанның шекарасы XV-XVI ғасырларда тұрақты болмай, өзгеріп тұрды. Тоғлық Темір ханның кезінде шығыс Түркістанның бір бөлігі моғолстан құрамына кірсе, кейін бұл жерлер Әмір Темірдің қол астына қаратылды. Содан соң қайтадан моғолдар хандығының иелігіне айналды. XV ғасырдығ 80-ші жылдарында моғолстан құрамына Ташкент пен Сайрам кіргізіліп Жетісу енбей қалды. Мемлекеттің ыдыруы кезінде оның аумағы ретінде Қашғария ғана қалды.
Моғолстан мемлекеті қазіргі Оңтүстік- Шығыс Қазақстан территориясында яғни, Жетісуда құрылғаны белгілі. Орыстың белгілі тарихшы-ғалымы В.В.Бартольдтың пікірінше алғашында Жетісу деп тек Іле өзенінің солтүстігіне қарайғы жерлер аталып келді. Іленің таулы және өңтүстігіндегі жерлерге Жетісу атауы орыстардың кезінде тарала бастады. «Маджму ат-тауарих» еңбегінде орталық және өңтүстік Тянь-Шань «моғол таулары» деп аталған, осы таулы өлкенің өзі және оның тұрғындарының тағдыры донінде монғол үстемдігі кезінде ешқандай мағлұмад кездеспейді. Жетісу атауы моғолдар құрған мемлекетке қатысты XIV ғасырдың бас кезінен Шыңғыс ханның екінші ұлының Шағатай ұрпақтарының үстемдігіне орай жиі айтыла бастайды. Осы тұрғысында В.В.Бартольд былай деп жазған: «...название Чагатай было перенесено и на самое государство, на сосавлявших его военную силу кочевников и на получивши высшее развитие в том же государстве, уже после утраты власти чагатайскими ханами. В этой же горной стране, на Исык-куле была зимняя ставка одного из чагатаиских ханов, Эсен –Буки, провившего, по всей вероятности, с 1309 по 1318г.; эта ставка, как и летняя ставка того же хана, была разгроблена войсками великого хана (из потомков Тулуя), владевшего китаем и Монголией. В1340-х годах чагатайская держава разделилась на два отдельных государства-западная (заключавшие в себе старые культурные области туркестана, с Бухарой, Самаркандом и другими городами) и восточная. Название чагатай было сахранено за западнымгосударством и его населением, хотя ханы из потомков чагатая, действительны или мнимые, правила в восточном; в западном c XIV до начала XVI в. Правили Тимур и его потомки. Потом власть перешла к пришедшим с запада узбекам. Население восточного государства называло себя монголами, или по среднеазиятскому пройзношению, моголами, свою страну – моголистаном.»
Моғолстандағы ру-тайпалар туралы айтатын болсақ, моғол тайпалары деректерде түркі тілдес автохтондық тайпалар ретінде саналған./38/
Моғолстан тайпаларының түркілер болғандығы және түркі тілінде сөйлегендерін дәлелдейтін деректер бір шама. Оларда айтылған ойлар моғолдардың түркі тілдес тайпа екендіктері туралы пікірлерді орнықтыра түседі. Сондай көзқарастардың негізінде В.П. Юдин моғолдарды түркі тілдес тайпалар деп санап, өз пайымдауын былайша жеткізген: «Как нам представляется, тюркоязычность могулов-явление не познее, а древнее. Что касаетстя того на каком тюркском языке говорили могулы, то нам представляется, что они говорили на тюркском языке кипчакского типа, близком к казахскому и киргизкому языкам. Вероятно этот язык обладал сближаишим с алтайским языком. Только такие качества языка могулов могут обяснить близость языков казахов и киргизов, киргизов и алтайцев.»
Орта ғасырлық тарихи шығармаларында Моғолстан жергілікті түркі және түркіленген монғол тайпаларының мемлекеттік-саяи бірлестігі түрінде көрсетілген. Деректерде моғолдарға түркі және монғол атаулары бар ірі дулат, қаңлы, керей, аргинут, баарин, арлад, барлас, бұлғашы тәрізді тайпалар аталады.
Керей –бұл тайпаны Тоғлық Темір мауренахрды жаулап алуға жіберген тайпалардың бірі. Бұл тайпа Әмір Темірмен Алматы ауданында шайқасты. Монғол Ұлықбек қарсы жорығында Ионга -Тараз аймағында керейіт қолбасшысының бірі Тоқ-Темірдің баласы Ибрахим ұсталған. Керейіт туралы моғол деректерінде бұдан басқа мәлімет айтылмаған.
Қаңлы- оларда мауренахрға жіберілген үш аймақтың бірі. Тайпаның басында Бекчик тұрды. Бұл саудагер Әміт Болатшыға ханды алғаш Ақсуға әкеле жатқанда көмектескен. Тоғлық Темір қайтыс болғаннан кейін қаңлы тайпасы деректерде айтылмайды. Олар кейінірек Бекчик деп аталатын болған.
Дулаттар –моғолдардың саяси өмірінде негізгі ролді атқарды.
Барлас – мауренахрдағы Шағатай әулетінің негізгі тайпаларының бірі. Мырза Хайдар барластарды тайпаның бір бөлігі ретінде көрсетеді. Осыған қарағанда моғолдардың территориясының бір бөлігін мекендеген.
Арлат- моғолстанның ең негізгі тайпаларының бірі.
Дохтуй – Тоғлық Темірге дейін моғолстанның құрамына кірген. Сұлтан Сайд –ханның Қашғарға жасаған жорығында айтылады. Барлас пен Дохтуй арасында әскерде сапта бірінші болып тұру үшін талас тартыс жиі болып тұрған. Әмір Джаббар –Берді Дохтуйды ылғи бірінші етіп қояды.
Аркануд – бұлар да мауренахрға жіберілген тайпалардың бірі. «Раузат ас-Сафада» Ұлысбектің аркануд-Хошун жерінде болғаны айтылады. Осы тайпаны лакнудтармен екеуі бір тайпа деп көрсетті, ал Н.А.Аристов арғындармен бір тайпа деп көрсетеді. Бұл екі мәліметте күдік туғызады./19/
Моғол деген атаудың өзі олардың қай тілге жататынын айтып тұр. Кейбір тарихшылар моғолдарды –монғолдар, ал басқалары –түріктер деп айтады, үшіншілері конгломерат түрік және монғол тайпалары десе, төртіншілері ешқандай жауап бере алмайды, бесіншілері моғолдарды жеке ұлт ретінде санамайды. Оларды Шағатай хандығының тарихқа сай келмейді. Себебі деректер бойынша моғолдар жеке ұлт болғаны дәлелденген. Ал оның тіліне келетін болсақ, деректелде ешқандай да монғолдар үлгісіндегі сөздер көрсетілмейді. Олардың түрік екенін дәлелдейтін факторлар аз етес. Моғолдарды айтатын болсақ моңғолдардың құрамында қаңлы тайпасы болды. Ал бұл тайпа түріктерге жатады. Халықтың басым бөлігін түркі тілінде сөйлейтіндер құраған./23/
Моғол рулары мен тайпалары туралы парсы, араб, түркі деректерінде мардымды мәліметтер келтірілмейді. Дегенмен моғолдардың жалпы рулық –тайпалық құрамы жайлы анағұрылым шынайы мағлұматтар жинақтаған, сондай-ақ бірін-бірі қайталайтын мұсылман деректерінің маңызы айтарлықтай.
Осы тұста айта кетерлік бір жайт, Моғолстан хандығы және ондағы тайпалар мен рулар, жалпы мемлекеттің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайын ішкі, сыртқы саясатын қарастыруда айтарлықтай мәліметтер беретін Мырза Мұхамед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегінің маңызы бар. Біз қарастырып отырған кезең бойынша бұл шығарма бірден-бір дерек көзі болып табылады. Сондықтан да Моғолстан мемлекетінің тарихына қатысты көптеген мәселелерді осы дерекке сүйеніп зерттеуге болады.
Моғолстан хандығының, ондағы рі-тайпалар тарихын зерделеуде Низам ад-Дин Шамидің «Зафарнаме», Шараф ад-Дин Али Йаздидің «Матла асса дайн ва маджма ал-бахрайн» тәрізді еңбектері де дерек көздері болып табылады./1/
Аса ірі шығыстанушы ғалым –В.В.Бартольд шығыс жазба, нумизматика, эпиграфика, этнография, археология деректерінің негізінде 1898 жылы «Жетісу тарихының очеркін» жазды. Еңбекте Жетісу өлкесінің тарихы ежелгі дәуірден XVIII ғасырға дейінгі аралықта қамтылған. Зерттеудің ең ұтымды тұстарының бірі онда Шағатай ұлысының, Моғолстан хандығының тарихы баяндалған. В.В.Бартольдтың бұл еңбегі Жетісу өңірінің тарихын зерттеуге арналған тұңғыш бірегей тарихи шығарма болып табылады. /4/
Моғолстан мемлекетінің тарихын зерттеген К.А.Пищулина өзінің монографиясын жариялады. Сонымен қатар Моғолстан тарихы орта ғасырлардағы Қырғызстан тарихына қатысты зерттеулерде қарастырылды. Бұл еңбектерде Моғолстан хандығының құрылуы, мемлекеттік – саяси құрылысы, этникалық топтар мен процестер, шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы, қоғамдық қатынастары, көрші елдермен байланыстары көрсетілген. К.А.Пищулина Жетісудағы тайпалардың тарихын зерттей отырып, Моғолстандағы ру-тайпалардың қазақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңіндегі аткарған ролін, этникалық процестердегі орнын айқындаған. Осындай тарихнамалық шолуды қорытындылай келе Моғолстан хандығының тарихы негізінен зерттелген деген тұжырым жасауға болада. Алайда хандықтағы ру-тайпалар, этникалық процестер, этносаяси карым-қатынастар толық зерделене қоймаған./6/
Моғолстан халқының әлеуметтік құрылымы сословиелік таптық сипатта болды. Мемлекеттің жоғарғы билеушілері шағатай ханның ұрпақтары хандар, сұлтандар саналды. Олар әмірлердің билердің, байлардың өкілдерінен тұратын тайпалар мен ру ақсүйектеріне сүйенді. Моғолстандағы түркі тайпаларының басшылыры деректерде әмірлер деп аталды. Дегенмен бек атауы жиі қолданылды. Олар мемлекеттік аппараттағы қызметтерді атқарды. Моғолстанда түркі ақсүйектерінің арасында Мұхаммед бек, Кебек бек, Қажы бектер жоғары лауазымды атаққа ие болған әмірлер еді. Фазлаллах Ибн Рузбихан Исфаханидің көрсеткеніндей «бай» атауы моғол тайпалары арасында «дәулетті адамды, аса көп мал иесіне» байланысты айтылған.
XIV-XV ғасырларда моғолстан Алтын Орда тұсындағыдай ұлыс деп аталып келді. Бұл кезде ұлыс ұғымы мемлекет деген мағынада айтылатын. Моғолстанда басшысы хан болды. Ханның билігі мұрагерлік жолмен келесі өкілге беріліп отырды. Алайда ханды ру –тайпа ақсүйектері сайлады. Ханның басқаруы рулық-тайпалық үстем тап өкілдерінің мүдделеріне байланысты жүрді. Ұлыс, тайпа бірлестіктердің билеушілері ханға вассалдық тәуелділікте болды. Олар ұлысты, тайпаны хан атынан басқарып отырған, сонымен қатар саяси, сот -әкімшілік міндеттерді шаруашылық билікті қоса жүргізген. Хан өзінің билігін күшейтуде әрі нәтижелі етуде хан кеңесін құрды. Хан кеңесі оның туысқандары мен ру-тайпа ақсүйектері өкілдерінен құралған. Моғолстанда хан кеңесі мәжіліс деп аталды. Моғолстан хандығында мемлекеттік кеңселердің қызметін диуандар мен дафталар атқарған. Мемлекеттік істерде, нақты айтсақ таққа мұрагерлік әскерді басқару, көрші елдермен елшілік қарым-қатынастар орнату мәселелерінде үлысбегінің қызметінің маңызы ерекше еді. Атабек, Көкілташ тәрізді бек атағына тең келетін лауазымдар болды. Ханның жанында регенат қызметін атқарған найб лауазымы да жоғары қызмер иерархиясынан орын алды./38/
Моғолстан көшпелі және жартылай көшпелі түркі тайпаларын біріктірген тұрақты саяси құрылым ретінде тарих сахнасынан орын алды. Мемлекеттің әкімшілік басқару жүйесін әскери-демократиялық деп сипаттауға болады. Ол негізінен билеуші топтпрдың мүддесін қорғауға бағытталғанмен, онда хан сайлау, тақты мұралану мемлекеттің қорғанысы, оның тұтастығы тәрізді мәселелер ең бастылыары болып саналды.
Көрші елдермен қарым – қатынаста алдыңғы орында тұрды. Моғолстанның осындай әкімшілік басқаруына да қатысқандығы күмән түдырмайды. Жалайыр тайпалары Моғолстан хандығының батыс бөлігіндегі саяси оқиғалардың бел ортасында болды. Осы аумақтағы ұлысбектерге бектер мен әмірлерге қолдау көрсету арқылы жалпы моғолдық саяси дамуға өз үлестерін қосты./42/
XIV ғасырдың ортасы XVII ғасырдың бас кезіндегі Моғолстан хандығының саяси тарихын қалыптасу, нығаю және ыдырау кезеңдері деп үшке бөлуге болады. Қалыптасу, яғни хандықтың құрылу кезеңіне XIV ғасырдың орта кезін жатқызуға болады. Екінші кезеңі-нығаюы XV-XVI ғасырдың бас кезін қамтиды. Ал үшінші кезеңі –XVI ғасырдың орта кезінен XVII ғасырдың бас кезі аралығындағы мерзім, яғни Моғолстанның ыдырауы./43/
Бірінші кезеңде Моғолстан хандығында Тоғлық Темір бастаған Шағатай ұрпақтары билік жүргізіп, өз беделдерін арттырып, көрші елдерді жаулап алу үшін жорықтар ұйымдастырды. Жекелеген тайпалар арасында да моғол тайпаларын өздеріне бағындырып, күшею мақсатында тартыстар болып тұрды. Әсіресе, дулат тайпалары жоғары әкімшілік қызметтерге ие болып, ерекше артықшылықтарға қол жеткізгілері келді. Мұның өзі тайпалардың арасындағы бытыраңқылық пен қайшылықтарға әкелді. Осыған орай Моғолстанның жекелеген тайпалары мен ұлыстарының шекаралары өзгеріп отырды. Бұл жайында Хафиз- и Абрудың «Зубдат ат- тауарих» атты түрік тілінде жазылған деректе айтылған. Ильяс Қожа ханның ұзаққа созылмаған билігі кезінде түрлі феодалдық топар арасында күрес күшейген. Осының салдарынан Моғолстандағы хан билігі әлсіреді. Хандар феодалдық тектілер алдында дәрменсіз еді. Дегенмен Ильяс Қожа хан өз билігін ел ішінде қарсыластарын басу және сыртқы жаулап алу соғыстары арқылы күшейтуге ұмтылды. Әйтсе де Моғолстанда бір орталықтан билігі бар мемлекетке айнала алмады. Этникалық топтардың басшылары жүргізген феодалдық соғыстар олардың мемлекет ішіндегі дербестіктіктерін көрсетті. Моғолстанның этно-саяси бірлестіктері ру-тайпа тектілерінің жеке дара феодалдық иеліктерінен құралды. Деректерде Камараддин бастаған саяси және экономикалық жағынан мықты дулат тайпаларынан басқа Қыпшақ, Жалайырлар туралы айтылған. Осындай жағдайларға байланысты мемлекеттің аумағы да өзгеріп отырды. XV ғасырдың 70 жылдарында Шығыс Түркістан моғол хандарына бағынды, сөйтіп мемлекет құрамына кірді. Осы кезде моғол хандарының иеліктеріне Ташкент пен Сайрам қаратылды. Моғол мемлекетінің құлдырау кезеңінде Қашқар жерлері ғана Моғолстан хандарының қол астында болды.
Моғолстандағы хан билігінің әлсіреуіне феодалдық бытыраңқылық әсер етіп қойған жоқ, сонымен қатар Әмір Темірдің жорықтары да ықпалын тигізді. Жетісу мен Тянь-Шань жерлеріндегі түркі тайпаларының бірігуіне кедергі келтірді. Әмір Темір жорықтарының салдарынан Моғолстан тұрғындарының саны азайды. Деректерде көрсетілгендей дулат, керей, үйсін, қаңлы, жалайыр тайпалары үлкен шығынға ұшырады./17/
Моғолстан хандығының тарихына қатысты айта кетерлік бір жайт, мемлекет өмір сүрген уақыт аралығында онда үнемі әрі тұрақты түрде билік үшін күрес әрі тайпалап арасындағы тартыс болып тұрды. Мұның өзі хандықтың алғашқы құрылған кезінен бастап ыдырауына дейінгі кезеңдерді қамтыды. Мемлекеттің тарих сахнасынан жойылуына бірден –бір әсер еткен фактор осы феодалдық бытыраңқылық болды. Қызыр Қожа хан қайтыс юолғаннан кейін оның ұлдарының арасында билік үшін тартыс күшейді. Ханның төрт ұлы моғолдардың көшпелі тектілерінің өкілдеріне арқа сүйеді. Осындай күрестің салдарынан Моғолстан бірнеше бөліктерге бөлініп кетті. /13/
Осылайша XV ғасырдың алғашқы ширегінде Оңтүстік Шығыс Қазақстан феодалдық қырқысулар мен көрші елдердің жаулап алу аймағына айналды. Саяси билік үшін күрес және батысында Темір әулетінің, шығысында ойраттардың Моғолстан жерлеріне басып кіруі мемлекеттің тұрақтылығына кері әсерін тигізді. Ондаған жылдарға созылғвн феодалдық қырқысулар мемлекетті әлсіретіп, шаруашылығын құлдыратып, сауда байланыстары мен егіншілікті жүйелі түрде жүргізуге кедергі келтірді. Феодардық тартыстар мен бытыраңқылықтар, келеңсіз сыртқы жағдай, жаулап алушылардың жиі басып кіруі мемлекеттің біртұтастығын сақтауға мүмкіндік бермеді. Осылардың барлығы тұрғындардың этникалық жағынан бірігуіне кедергі келтірді, халықтың этникалық консолидациясының сабақтастығы үзілді. Дегенмен ру- тайпалар тектілерінің экономикалық және саяси күш – қуаты артты. Мәселен, Мұхаммед Хайдар Дулатидің жазуынша Дулат тайпасының әмірі Саийд Алидің ұлдарының біреуінің ғана меншігінде жүз алпыс мың қой болған. Елдің саяси өмірінде сайысқа түскен басқа да рі – тайпалардың, соның ішінде жалайыр тайпасы әмірінің де байлығы өзгелерден кем болмаған. Ру –тайпалардың қазыналы тұғыры олардың орталық биліктен тәуелсіз болуларына, қоғамдық – саяси өмірде алдыңғы қатарда тұруларына, өзіндік саясат жүргізулеріне қолайлы негіз қалады.
Моғолстан этникалық бірігу жағынан Шығыс Түркістандағы бірнеше этносаяси бірлестіктердің болашақ қазақ, қырғыз, ұйғыр халықтарын топтастырды. Мүны өзі осы этникалық топтапдың дамуын қиындатты. Тарихи деректер бойынша Моғолстан тұрғындары жалпылама моғолдар деген атаумен белгілі болды. Осы атаудың ішіне Жетісу мен Тянь-Шаньның барлық түркі тілдес және түркіленген тайпалары кірді. Деректер мен зерттеулерде моғол этнонимы туралы әр түрлі пікірлер айтылып, оның мәнін моңғолдармен шатастырмау керектігі ескертілген. Моғол этнонимі жайында дәйекті көзқарас танытқандардың бірі В.П.Юдин. Ғылымда тарихшы - зерттеуші В.П.Юдиннің пікіріне балама тұжырым әлі де болса айтылмай келеді. Сондықтан да В.П.Юдиннің пікіріне назар аударайық. «Этноним могул на территорию Семиречья принесли монголы, выделенные в улус Чагатаю и Угедейю. Однако их было немного и судьба их была аналогично судьбе монголов в Дашт-и Кипчаке: они быстро были ассимилированы тюркоязычными племенами. Закреплению этнонима могул, видимо, способствовало стремление могулских феодалов на первых порах сохранить кочевые традиции, эталоном которых был кочевой быт монголов, и почеркнуть приемсвенность власти ханов – чагатаидов.»/19/
Дегенмен В.В.Бартольд моғолдарды моңғолдар, С.Аманжолов түркілер, К.П.Петров түркі және моңғол тайпаларының қосындысы (конгломерат) десе, В.П.Юдин оларды ерекше этникалық ұжым ретінде санаған.
XIV-XV ғасырларда Жетісуда Ұлы жүздің жетекші тайпалары болған Жалайыр, Үйсін, Дулат, Қаңлы, Шапыраштылардың өмір сүргендерін анықтау қиын емес. Өйткені деректерде Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Үйсін, Керей, Жалайыр, Арғын тәрізді ірі тайпалардың өкілдері аталады. Масуд бен Усман Кухистани, Камал ад-Дин Бинай, Шади, Мырза Мұхаммед Хайдар, Махмуд пен Вали және т.б. шығыс автрларының шығармаларында XV-XVI ғасырлардағы Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Түркістандағы ру – тайпалар бірде өзбектер, кейде өзбек –қазақтар, қазақтар деген атаумен көрсетілген./34/
Соңғы кездері жаңа ғылыми зерттеу орталықтары құрылып, Моғолстан мемлекетінің тарихын, ондағы этникалық құрамын, соның ішінде жалайыр тайпасының ролін ерекше атап көрсетті. Солардың ішінде Н.А.Аристовтың пікіріне байланысты былай деп жазды: Моғолстандық Жалайырларды шағатайлықтардың ұрпағы деп санауға болмайды. Балғалы және Қайшылы тайпалары нағыз шағатайлық қандас жалайырлар, өйткені, Зеравшан ойпатындағы Қатты –қорған уезіндегі жалайырлар осы руларға бөлінеді. –деп түсінген. Осыған қарағанда жалайыр тайпалары Әбілқайыр хандығында да, Моғолстанда да ру-тайпалардың құрамында болған. Жалайырлардың Күшік және Арық-тыным тайпаларының қара қырғыздан таралуы жайында пікір бар. Бұл пікір күшік және арық тегінің ежелгі қара қырғыздарға жататындығымен дәлелденді. Н.А.Аристовтың пайымдауы бойынша жалайыр тайпаларының арасында дулат, албан рулары кездеседі. Андас руының ішінде қара қырғыздар да бар. Зерттеушінің пікіріе қолдай отырып, Моғолстан хнадығының этникалық құрылымында жалайыр тайпаларының орын алғандығына тағы да көз жеткіземіз. Ал Күшік, Арық тыным, Андас тайпаларының қара қырғыздармен этникалық байланысын олпрдың біртұтас мемлекеттің, яғни Моғолстан хандығының құрамында юолған деп топшылауға негіз бар. өйткені, Моғолстан хандығының аумағы Ыстық көлге, Жарқан мен Сары-ұйғырға децін, йғни қазіргі Қырғызстан жерлерін қамтығандығы тарихи деректерден белгілі.
Олардың ішінде Сыпатай тайпасы да Моғолстан хандығының этникалық құрамында болған. Сыпатайдың өзі Ақ МАрқа және Қара Марқа болып бөлінген. Бұл рулардың атауының Алтайдағы Марқа көлін еске түсіретіндігі туралы Н:А:Аристовтың пікірі шындыққа жақын. Себебі, XIII ғасырдың бас кезінде Батыс Монғолия жерлерінен ығысқан жалайырлар көбінесе Қазақстанның Оңтүстік-Шығысы мен Шығысына орналасқан. Н:А.Аристовтың топшылауы бойынша Ақ Марқа, Қара Марқа рулары осынлай атаулармен белгілі болған Қарлұқ тайпаларынан қалған топтар. Қарлұқтар Батыс Тянь –Шаньға Оңтүстік –Батыс Алтайдан келген. Сондықтан да олар осы жерге Алтайдағы Марқа көл атауын ала келген. /13/
Моғолстандағы жалайырлардың Мырза тайпалары Шағатай ұлысындағы туркі тайпалары арасында ислам дінін уағыздаушылар болған деген болжам бар. Жүніс ханның ұлдарының Шығыс Түркістанға қуылуына байланысты Мырзалар Моғолстандағы жалайырларға қосылған деп тұжырымдауға болады.
Моғолстан хандығындағы жалайыр тайпаларына қатысты оқиғаларға тоқталмай тұрып, осы мемлекеттің тарихы жөніндегі еңбектерге шолу жасап, зерттелу деңгейін аша кетсек дейміз.
Зерттеушілер XIV-XV ғасырлардағы Қазақстанның, Алтын Орданың ыдырауы барысында құрылған ірі саяси бірлестіктерге, соның ішінде Моғолстан хандығы тарихының мәселелеріне айтарлықтай көңіл бөлді. XIX ғасырда орыстың шығыстанушы ғалымдарының ОРталық Азия мен Қазақстанның түркі- монғол халықтары тарихының аса маңызды проблемаларына арналған зерттеулері жарияланды.
Достарыңызбен бөлісу: |