Тарих факультеті



бет1/6
Дата15.04.2023
өлшемі317 Kb.
#82726
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дип.-XIV-ғасырдың-екінші-жартсындағы-Моғолстанның-ішкі-сыртқы-са


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ


БІТІРУ ЖҰМЫСЫ


XIV ғасырдың екінші жартсындағы Моғолстанның ішкі -сыртқы саяси жағдайы

Орындаған: 4-курс студенті


Морлибаев Р.Т.
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент
Телеуова Э.Т.

Қорғауға жіберілді


“.......” ......................2007 жыл
Кафедра меңгерушісі т.ғ.д., профессор
..................................Омарбеков Т.О.
АЛМАТЫ, 2007
Жоспар


Кіріспе


I-Тарау.Моғолстан мемлекетінің құрылуы және этникалық құрамы
1.1. Моғолстанның алғашқы хандары
1.2. Моғолстан халқының этникалық құрамы


II-Тарау.Моғолстан мен Әмір Темір арасындағы соғыстар
2.1. Мәуреннахр мен Моғолстанның қарым –қатынысы
2.2. Моғолстан билеушілерінің Әмір Темір шапқыншылығына қарсы күресі


Қорытынды
Пайдаланған деректермен зерттеулер тізімі

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің өз дамуында сапалы жаңа кезеңге аяқ басуынан туындайтын міндеттер мен мақсаттарға байланысты. Олардың қатарына отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелейтін ұлттық құндылықтарымызға құрметпен қарауға жетелейтін тарихи кезеңдер мен оқиғаларды жан-жақты зерделеу жатады. Әсіресе, халқымыздың өз алдына отау тігіп, тарих сахнасына шығуын, этникалық бастауларын зерттеудің ғылыми- практикалық маңызы ерекше.
Орта ғасырлар мен қазіргі заманымыз арасында бірнеше ғасырлар өтіп, сол дәуірлердегі саяси үрдістер ауылы алыстағанмен, оның салдарлары әлі де аса маңызды. XIV ғасырда оңтүстік-шығыс Қазақстан және Қырғызстан территориясында құрылған Моғолстан мемлекеті, монғол жаулап алушылығының нәтижесінде үзіліп қалған интеграциялық процестерді одан әрі қайта жалғастырды. Моғолстан мемлекеті Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекет Шығыс Түркістаннан бастап Жетісу өңірінен Оңтүстік Сібірге дейінгі көлемі зор, таулы-тасты, өзенді-көлді, ашық далалы, орман –тоғайлы жерлерді мекендеген түркі тектес тайпалардың басын қосты. XIV- XV ғасырларда Моғолстан орта ғасырлық авторлардың деректерінде мемлекеттің құрылу кезеңіне қарай «Моғол» атты этникалық саяси біртұтастыққа бірігудің ұзақ араласу және сіңісу процесінен өткен жергілікті турік және түріктенген монғол тайпаларының мемлекеттік саяси бірлестігі болды. Моғолстан мемлекеті, Қазақ хандығының құрамына еніп, қазақ халқының да құрылуының аяқталуында зор үлес қосты. Моғол тайпаларының жеріне уақытша қоныстанушы болып келе, енді біртіндеп, ол хандықты жұтып қояды. Оған басты үлкен себеп, жергілікті Жектісулық түркі тілдес және түтіктенген басқа тайпалардың жаңа құрылған қазақ хандығын қолдап олардың жағына шығуы. Бұлардың бірін-бірі қолдап қазақ хандығын қолдауындағы және басты бір себеп, олардың этникалық жағынан болсын бір- бірімен туыстық жағы басым болған. Сол себептен де бұл мезгілде Жетісу аумағындағы бұрыннан өмір сүріп келе жатқан этникалық құрамдар мен жаңа келген этникалық құрамдардың арасындағы табиғи туыстық байланыстың тарихын, Моғолстанның феодалдық қатынастарға байланысты, ішкі саяси талас- тартыстың әсерінен хандықтың құрылуын көрсеру өзекті болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет