Тарих факультеті



бет16/86
Дата29.04.2023
өлшемі0,88 Mb.
#88482
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   86
Ежелгі Египет календары. Ежелгі Египет қоғамында өмір сүру Ниль өзенімен тығыз байланысты болғандықтан, оның тасуы, төменгі ағыста судың көтерілуі күннің ең ұзақ кезіне (солнцестояние) дәл келуі, оның ғасырлар бойы өзгермеуі, сонымен қатар б.з.д. ІV және ІІІ-ші мың жылдықта күн ұзақтығына, судың тасуына енді Сириустың (солтүстіктегі көкжиекте) көрінуі қосылды. Сириус (Большой Пес щоқжұлдызы), немесе египеттіктер айтқандай - Сотис, олар оны әйел құдайы – Изидамен қатар қойып, оған табынған. Сонымен Египеттіктердің календарында Күн, Сириус және Нильдің қатысы болғаны заңды болатын. Ол күн календары б.з.д. ІV-ші мың жылдықта пайда болды, негізінен 3 маусымнан тұрды. Әр қайсысында 4 отыз тәуліктік ай болды. 1.Тот, 2. Фаофи, 3. Атир, 4. Хойяк, 5. Тиби, 6. Мехир, 7. Фаменот, 8. Фармути, 9. Пахон, 10. Пайни, 11. Эпифи, 12. Месори. Египеттіктер 12 айда 30 күннен, және де қосымша 5 күн қосылатын болған. Сонда барлығы 365 күн болатын, бірақ тропикалық жылдан 0,25 тәулікке қалып отырды. Осы жыл санағы әр төрт жылда 1 күнге қателесіп отыратын. Сонда жылдар өте келе маусым күні жылжып, календарлық жыл ерте келетін болды, ал 1460 тропикалық жылдан соң (365 × 4= 1460) жаңа жылдары тағы да Сириустың көрінуіне дәл келетін. Оны олар «Сотис кезеңі» деп атаған. Ал Египетте календарьдің қатесін біліп, оны реформалаудың дерегі 1866-шы Нильдің сағасынан табылған плитада Птоломей ІІІ Эвергет патша тұсында Сириустың әр төрт жылда бір күнге алға кететінін, мейрамдар күндерінің ауысатынын,… айта келе ол ендігі жерде 1 күн қосу керек екендігін дәлелдеген сөздері табылды. Бұл ескерткіштердің датасы б.з.д. 238 жыл. Яғни, юлиан календарынан 200 жыл бұрын оларға «високостық» жыл белгілі болған. Дегнмен Эвергеттің календары қолданысқа түспеген, тек б.з.д. 26 жылы Август Египетте юлиандық календарды енгізген.
Ежелгі Қытай календары.
Қытайларды айкүндік календары б.з.д. ІІІ мың жылға, қола дәуірінен басталады. Мұнда табиғаттың және қоғамның, жер құнары мен патша билігінің тығыз байланыстылығы байқалады. Уақыты өлшеу мемлекеттік саясаттың деңгейіне дейін көтерілді. Чжоу дәуірінің императорлары (б.з.д. ХІ-ІІІ ғасырлар.) бес жылда бір рет, дәстүр бойынша елді аралап шығуы керек болды. Император көктемде, жыл басында, өзінің айналасындағылармен көк жасыл киіммен елдің шығыс бөлігіне, жазда қызыл түсті киіммен оңтүстікке баратын, ал күзде киімдерін ақ түске өзгертіп, елдің батысына, қыста өздерінің саяхатын қара түсті киіммен елдің солтүстігінде аяқтайтын болған. Ал кейінгі төрт жылда ол осындай саяхатты «тағдыр залында» - әлемдік модельдің, өзінің дәстүрін жалғастыратын. Ол әр жылға сәйкес, дүниенің төрт бағытына қарай айналып, көктем, жаз, күз, қыс маусымдарын «ашып» отырған. Үшінші жаз айында император сары түсті киім киіп, жылдың ортасын көрсетіп «тағдыр залының» ортасынадағы тақта отыратын балған. Осындай салт-дәстүрдің көбісі 1911-ші жылы монархияны жойғанға дейін сақталып келді. Қытайда (Моңғолияда, Кореяда, Жапонияда) 60 жылдық цикл бойынша уақыт өлшеу жүйесі болды. Бұл жүйенің енген кезін жорамалдап б.з.д. 2397 жыл деп есептейді.
МОДУЛЬ № 5 НУМИЗМАТИКА - ҚОСАЛҚЫ ТАРИХИ ПӘН




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет