СЕМИНАР САБАҒЫНА АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Дәріс 1-2. «Тарихи қосалқы пәндердiң тарих ғылымындағы орны». 1. Тарихи қосалқы пәндердiң түрлерi, өзара байланысы, тарих ғылымын дамытудағы ролi.
2. Тарихи қосалқы пәндердiң теориялық, методологиялық мәселелерi. Зерттеу деңгейi.
3. Тарихи қосалқы пәндердiң дерек көздерi.
Сабақтың әдісі: түсіндіру – деп заңдылықтарды, оқылатын объектінің өзіне тән қасиеттерін, жекелеген ұғымдар, құбылыстарды сөзбен жеткізу.
МОДУЛЬ № 1. ПАЛЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ АРХЕОГРАФИЯ.
Дәріс 3-4. Палеографияның міндеттері мен мақсаты. 1. Тарихи қосалқы пән ретiндегi палеографияның маңызы. Негiзгi мiндеттерi. Зерттеу әдiсi. Ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы.
2. Көне жазба ескерткіштерді зерттеудегі полеографияның қызметі.
3. Жазу құралдары мен материалдары. Қағаз жасау ісі.
Палеография – (гректің көне + жазамын) жазу деректерінің сыртқы бейнесін, сонымен қатар жазудың графикасын, материалын, қағаздағы бедерлерді, форматын, жазбаның көркемделуін зерттейтін ғылым. Алғашында палеография көне жазбаларды зерттеумен айналысса, қазір жаңа қолжазбаларды да зерттейді, соған байланысты «неография» деген термин пайда болды. Палеография ғылыми сала ретінде ХVІІІ ғасырда Францияда пайда болды. Қолжазба пергаментте, қағазда, берестада... жазылуы мүмкін. Пергаментті жас малдың терісінен жасайды, қымбат болуына байланысты оны қайта пайдалануы мүмкін, оны – «палимпсеста» деп атайды. Оның тағы бір бағалы жағы бар, ескі өшірілген жазуларды жаңа технологиялық әдістермен қайтадан оқуға болады. Қағаз жасағанда фабриканттар оған «водяной знак», «филигрань» деп аталатын белгілер қалдырып отырған. Ғалымдар ХVІІІ ғасырдан бастап осындай белгілердің альбомдарын жасаумен айналысып келеді. Сол арқылы қағаздың жылы мен жасалған жерін нақты білуге болады.
Қолжазбаларды ХІІІ ғасырдан бастап «тиснение» жасайтын болды, ХVІІ ғасырдан бастап алтыннан жасалған кездеседі, кітап бүлінбес үшін аяқ та жасап қоятын. «Заставки» – бөлімдердің бас жағындағы ою-өрнек, парақтың біраз жерін ол алып жатса, қалған жағын үлкен әшекеленген басты әріп – «инициал» болатын. Сөз жолдарының арасында да әшкейлер орын алатын – «полевые цветки», сонымен қатар кітаптың аяғында сондай әшекейлер бар. ХVІІ ғасырдан бастап барокко, ХVІІІ ғасырдан рококо, ал ХІХ ғасырдың басынан бастап кітап баспаларында ампира стильдеріне еліктеу болды. Сонымен қатар оқиғаны «миниатюралар» толықтырып тұратын болды. ХVІ- ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында портреттік бейнелеу «парсунное письмо» кең жайылды, оның дамуы Симон Ушаков атымен байланысты. ХVІ- ХVІІ ғасырда грамоталарды «столпец» деп аталатын лента секілді даярлайтын, мысалы 1649-шы жылғы Соборное уложение 959 біріне-бірін желімдеген қағаздардан тұрады, оның ұзындығы 300 м.-ден асады. Кейін оларды дәптер секілді бір жерге тіге бастайды, бір іс қағаздарын бөлек буып қоятын. Оларды ХVІІІ-ХІХ ғасырларды мұрағат кеңселерінде сақтайтын. Қолжазбаларды әсерлеу, әшекейлеу үшін «вязь» деген жазудың түрін пайдаланды, ол қызы бояумен немесе сонда қанық бояумен жазылды. Мұндай жазудың түрі ХІV-ші ғасырдың аяғынан бастап кездеседі.
«Криптография», «құпия жазу»: 1) кириллицаны өзге алфавиттердің әріптерімен алмастыру – глаголицамен, грек, латын т.б.; 2) әріптердің орнына шартты белггілерді пайдалану; 3) литорейді пайдалану, немесе «тарабар грамотасын» пайдалану, барлық дауыссыздар (кейде дауысты) екі қатарға бөлініп, бірін-бірі алмастыратын; 4) пермдік әріптерді пайдалану; 5) әріптің бөлшегін ғана бейнелеу; 6) әр сөздегі әріпті кері тәртіппен қолдану; 7) әріп орнына ерте орыс тіліндегі соған сәйкес санды пайдалану.(Л.В.Черепнин. Русская палеография. М., 1956, с.261-266, 389-397.).
Қосалқы тарихи пәндер қатарындағы палеографияныңмақсаты мен міндеттері. Палеографияның қосымша тарихи пән ретінде қальштасуы. Жазу мсн санау жүйесінің пайда болу тарихы. Палеографияның тарих және филология ғылымдарымен байланысы. Көне жазба ескерткіштерін зерттеудегі палеографияның қызметі.
Месопотамия (клинописі) ойма-жазу. Көне Египеттегі иероглифтер, «Розеттасы» және иероглифтердік шешудегі Франсуа Шампольонның рөлі. Қытай әріптері. Көне Египет. Шумер, көне Қытайдағы, Ежелгі Грециядағы сан жазуы, латын нумерациясы, араб сандары. Алфавиттер тарихы: солтүстік семит, финикий, этрус, грек алфавитгері. Латын алфавиті. Көне түрік руникалық жазуы. Диакриттік белгілер (таңбалар). Жылдам жазу.
Әлемдегі казіргі алфавиттің әралуандығы: араб, армян, бирма, глагомиза, грузин, деванагари, иврит, корей, руно, кириллица, тай және т.б.
Жазу құралы және материалдары. Папирус, пергамент, қайың қабығы, қағаз. Қолжазбаларды белгілеудегі филиграндар. Қолжазбалардағы әшекейлер: кондырылуы, аты-жөні, әдіптелуі (аякталуы). Орыс кириллица жазбасының дамуы: жарғы, жартылай жарғы, жылдам жазу. Ресейдегі кириллица реформалары. Қазакстанда латын әріптерінің енгізілуі. Қазақстанда кириллицаньщ енгізілуі.