Тарих факультеті


Дәріс 19-20. «Тарихи қосалқы пән ретiндегi нумизматиканың маңызы»



бет39/86
Дата29.04.2023
өлшемі0,88 Mb.
#88482
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   86
Байланысты:
силлабус қосалқы тарих

Дәріс 19-20. «Тарихи қосалқы пән ретiндегi нумизматиканың маңызы».
1. Нумизматика пәнi, мiндеттерi, зерттеу әдiстерi. Ғылым ретiнде дамуы. Қазақстан нумизматикасы.
2. Нумизматиканың негiзгi түсiнiктерi мен терминдерi.
3. Бонистика. Ақша жасау iсiнiң негiзгi кезендерi. Қазақстандағы ақша реформалары.
Сабақтың әдісі
Пікірталас – белгілі бір мәселе бойынша көзқарастар алмасуға негізделген және бұл көзқарастар қатысушының жеке пікірін білдіреді және басқалардың пікіріне сүйенеді.
Тақырыптық тезаурус жасау – бөлім, тақырып бойынша негізгі ұғымдар кешенін реттеу.
Идеялардың матрицасын жасау - әр автордың еңбектеріндегі біртектес заттардың, құбылыстардың салыстырмалы сипаттамасы.
Нумизматика
Нумизматика (латынның numisma – «монета» деген сөзінен шыққан) – монеталар жайлы ғылым, оның зерттейтін аймағына монета жасау техникасы, медаль жасау өнері, жетон жасау да енеді. Ол сонымен қатар қағаз ақшаларды (бонистика) да зерттейді. Нумизматика ғылым ретінде тарих, археология, саяси экономия, өнертану, тіл білімі, т.б. да ғылымдардың мәселелерін шешуде үлкен роль атқарады. Нумизматика қаржы жүйесінің ертедегі жүйелерін, оның тарихи эволюциясын қарастырады, осы жағынан ол метрология пәнімен тығыз байланысты, себебі монета да өлшем бірлігі.
Нумизматиканың да өзіндік терминологиясы дамыған:
Эмитент – монетаны өзінің атынан соғатын құқы бар – император, король, монета сеньоры, феодалдық республика, ерікті қала;
Аверс – монетаның беті, онда негізінен герб бейнесі, немесе оны шығарған мемлекет басшысының портреті болады;
Реверс – қарсы беті; гурт - өңделген қыры: бедерсіз, суретті және жазулы түрі болады. Жалпы, гурт жалған ақшаны жасауды қиындатады;
Монетное поле – монетаның астыңғы және үстіңгі беттер;
Легенда – монетадағы жазу;
Номинал – монетаның құнын көрсететін жазу;
Лигатура – алтын, күміс, платина монеталарындағы құнды емес металдар қоспасының монета салмағындағы пайыздық көрінісі;
Монета кірісі (монетный доход) – монета номиналы мен оны жасау құнының айырмашылығы (металдың құны да есептеледі, монета кірісі оны жасаған мемлекетке тиесілі.);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет