Бұрындық хан
(1474 - 1511)
"Тарих - и Рашиди" еңбегінде Бұрындық өзіне жақын
топпен бірге Самарқанға кеткендігі баянадалды
Керейдің үлкен ұлы
Хан Жетісудың, Орталық Қазақстанның көшпелі тайпаларын біріктіре алды
30 жылдан астам уақыт бойы хан болды, бірақ билікті
өмірінің соңына дейін ұстап қала алмады
"Кез келген уақытта Бұрындық хан ұлысына "аттарыңа мініңдер, жауға
аттанамыз" деп бұйрық берген кезде жер қайысқан қол жиналған
Ибн Рузбихан
@aqjurekter
Мамаш хан
(1518-1522)
@aqjurekter
ХVI ғасырдың 20–30-жылдары
Жәнiбектiң ұрпақтары Мамаш хан,
Тахир хан, Бұйдаш және басқалары таққа отырды.
Мұхаммед Хайдар деректерiне сәйкес, 1518 жылы Қасым ханнан
кейiн таққа оның ұлы Мамаш отырды. Бірақ Мамаш хан 1522 жылғы
шайқастардың бiрiнде қаза тапты.
«Тарих-и-Рашиди» еңбегiнде:
«Қазақ хандығында Мамаш хан
өлгеннен кейiн үлкен келiспеушiлiк басталды, Дештi Қыпшақ сұлтандары
бiр-бiрiмен ұзақ соғысты. Ең соңында
Тахир сұлтан хан болып жарияланды
», – деп жазады.
Тахир ақсүйектер қауымы және өз халқымен ортақ тiл табыса алмады. Тахирдi жақсы бiлген
Мұхаммед Хайдар: «ол табиғатынан мейiрiмсiз және қатал, еш пендеге сенбейтiн адам болатын.
Осыған байланысты сұлтандардың одан көңiлдерi қалды»
, – деп жазады. Халқы алдындағы
беделінен айырылған Тахир хан шет жерде дүние салды.
Қасым хан
(1511 - 1518)
@aqjurekter
Жәнібек ханның ұлы
Бұрындық ханның "белгілі сұлтаны, атты әскер басшысының бірі"
болған
"Қасым хан Жошы ханнан кейін ешкім жете алмаған бүкіл Дешті
Қыпшақтағы қуатты әміршіге айналып, даңқы мен құдіреті артты"
Тарих-и-Рашиди
Қасым Қазақ хандығының Батыс Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстандағы ықпалын
күшейттi. Ол өзiнiң сыртқы саясатында Ноғай Ордасына зор мән берді.
Хан Қазақ хандығының аумағын батысында Жайықтың арғы бетіне дейін жеткізеді
Қасым хан тұсында Қазақ хандығы мен Мәскеу мемлекеті арасында алғашқы
байланыстар орнатылды. Қазақтар осы кезде тұңғыш рет Батыс Еуропаға белгілі
болды.
Қасым ханның қол астындағы халық саны Мұхаммед Хайдар деректерiне сәйкес, бiр
миллион адамнан асты. Ол 300 мың адамға дейін қарулы жауынгер шығара алды.
"Қасым ханның қасқа жолы" заңдар жинағы
Хақназар алғашында Қазақ хандығының Жайық жағасындағы жағдайын
жақсартты. Ноғай мырзаларын Еділдің арғы жағына ығыстырды
Достарыңызбен бөлісу: |