Тарих жəне құқық факультеті ҚР тарихы кафедрасы


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата03.03.2017
өлшемі0,87 Mb.
#6462
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:  
1. Тайпа құрлымы неге негізделді?  
2. Көшу түрлерін атаңыз? 
3. Отырықшылық ұғымын қалай түсінесің? 
Əдебиет: Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1-том. – 
Алматы: «Атамұра», 1996. – 544 бет. 
7 апта   
13, 14 кредит сағат  
№13, 14 дəріс 
Тақырып: XIV ғ. екінші жартысындағы Қазақсатан экономикасы.    
Дəрістің  мақсаты:  XIV  ғ.екінші  жартысындағы  Қазақсатан  экономикасына 
Монғолдар  шапқыншылығының  тигізген  зардаптарына  тоқталу.  XIV  ғ.екінші 
жартысындағы  Қазақсатан  аумағындағы  шаруашылық-экономика  жағдайларының 
салаларын ашып көрсету. 
Қарастырылатын  сұрақтар:  1  .Монғолдар  шапқыншылығының  Қазақсатан 
экономикасына  əсері.  2.  XIV  ғ.екінші  жартысындағы  Қазақсатан  аумағындағы 
шаруашылық жағдайлары. 
Дəрістің мазмұны:   
1.  Қазақ  елінің  өзіндік  дамуына  Монғол  шапқыншылығы  зардабын  тигізді. 
Монғолдар келгенге дейін дамудың жоғарғы сатысында түрған Қазақстанның оңтүстік-
шығысындағы  -  Баласағұн,  Тараз,  Алмалық,  Сығанақ,  Екіоғыз  секілді  үлкенді-кішілі 
қалалар мен елді мекендер жер бетінен жогалып кетті. ұлы империя құруда Шыңғысхан 
жаулап  алған  жерлерін  өзінің  ұлдарына  бөліп  берді.  Қазақстан  аумағы  үш  Монғол 
ұлысының қүрамына енді. 1227 жылы Шыңғысханның ұлы Жошы өлгеннен кейін оның 
ұлы  Батый  билік  басына  келеді.  Батый  Еділдің  төменгі  ағысында  Алтын  Орда  атты 
жаңа  Монғол  мемлекетін  құрды.  Алтын  Орда  көпұлтты  мемлекет  болды.  Оның 
құрамына  бір-бірінен  қоғамдық-экономикалық  даму  деңгейі  жағынан  айырмашылығы 
бар,  өзіндік  мəдениеті  мен  салт-дəстүрі  сақталган  ұлттар  мен  халықтар  кірді. 
Көшпелілер негізінен түркі халықтары-ең көбі қыпшақтар, қаңлылар, наймандар т.б., ал 
отырықшылардан-бұлгарлар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер енді. Мұнда Монғолдар 
азшылық  болды.  XIII  гасырдың  аягы  мен  ХІҮ  ғасырда  Монғолдар  толығымен 
түркіленіп, Алтын Орда халқы «татарлар» деген атау алды. 
Монғолдар  шапқыншылыгы  жаулап  алган  елдерінің  экономикасын  мешеу 
қалдырды.  Марко  Полоның  айтуынша,  Монғолдар  жаулап  алған  жерлерінде 
қалалардың  əскер  енгізуіне  бөгет  жасайтын  қамал-қабырғалары  мен  қақпаларының 
болуына  рұқсат  етпеді.  Осылай  ауыздықталған  халық  көнбіс  келеді,  бас  көтере 
алмайды. 
Монғол  феодалдары  үстемдік  еткен  бір  жарым  мың  жыл  ішінде  бұрын  қалалық 

мəдениеті  гүлденген,  отырықшы-егіншілік  дамыған,  халық  тығыз  қоныстанған 
Қазақстанның  осы  бөлігі  бұрынғы  экономикалық  саяси  жəне  мəдени  маңызынан 
айрылды.  Өзінің  стратегиялық  жағдайына  байланысты  Оңтүстік-Шығыс  қазақстан 
Монғол  шапқыншылыгы  жоспарында  маңызды  орын  алды.  Елді  мекендерді  қирату, 
егістік жерді мал тұяғына таптату, бау-бақшалар мен суару жүйелерін жою, қалаларда 
сауданың тыйылып, олардың көрші қалалармен жəне егінші аймақтармен қатынасының 
үзілуі  –  осының  бəрі  Жетісудағы  қалалар  өмірінің  экономикалық  жəне  əлеуметтік 
негізіне зиянын тигізді. Қол астындағы халықты ауыр салықтар мен төлемдер төлеуге 
мəжбүр етті. 
Алтын Орда тарихта Еуразия халықтарына жағымды əсері де болды: 
•  мемлекеттердің орнауы, соның ішінде Русь мемлекеті; 
•  монғол-түрік-славян мəдениеттерінің байланыстарының күшеюі; 
•  Алтын  Орда  кезеңінің  аяқталуы  жəне  Еуразия  континентінде  жаңа  тарихтың 
басталуы; 
•  Қытайдың бірігуінің аяқталуы; 
•  Монғол  билігінің  ынталандыруымен  сауданың,  халықаралық  қатынастың, 
пошталық қызмет жүйесінің енгізілуі; 
- Алыс халықтармен сауда жəне мəдени байланыс орнатылуы; 
•  Ұлыс  территориялары  арасында  сауда  керуендері,  елшілік  адамдары  жүріп 
жатты,  саяхатшылар  алыс  елдерге,  Еуропаға  шығып,  бұрын  белгісіз  болып  келген 
Азиялық елдер мен халықтар жайлы мəліметтер таратты; 
•  Монғолдардың  билікті  орталықтандыру  идеясы  барлық  үйымдаспаған 
тайпалардың басын біріктірді; 
•  Монғол  кезеңінен  кейінгі  Қазақстан  территориясында  мемлекеттіктің  хандық 
формада жəне əлеуметтік ұйымдасу нормаларының орындалуы. 
Алтын Орданың тарихы ішкі қайшылықтарына қоса, орыс княздарымен Ирандағы 
Қүлағу  ханның  эулетімен,  Ақ  Орданың  жəне  Хорезмнің  билеушілерімен  үздіксіз 
соғыстар  жүргізді.  Өзбек  хан  түсында  1312  жылы  ислам  діні  Алтын  Ордадағы 
мемлекеттік дін деп жарияланды. 
2. ХІҮ ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда алауыздықтан əлсірей бастады. 
ХҮ ғасырда бірнеше үлыстар өз алдына хан сайлап алып, Алтын Орда біржола қүлады. 
Бұл  үлыстардың  ең  ірісі  ХҮ  ғасырдың  30  жылдары  Еділ  мен  Днепрдің  аралығында 
қүрылған  Ақ  Орда  болды.  20-60  жылдары  Ноғай  Ордасы,  Сібір,  Қазан  хандығы, 
Қырым,  Астрахань  хандықтары  бөлініп  шықты.  Осы  күрделі  кезеңнің  бастапқы 
сатысында  Қазақстан  тарихында  Дешті  -  Қыпшақтағы  жəне  Орта  Азиядағы  Шыңғыс 
эулетінің  иеліктерінде  Монғол  дəуірінің  ыдырау  процесі  жүрді.  Соңғы  сатысында 
жергілікті халық мемлекеті - Қазақ хандығы құрылуымен аяқталды. Монғол дэуірінен 
кейін де бұл аймақ - Ақ Орда, Моғолстан, Əбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы сияқты 
бірнеше мемлекеттің қүрылуынан қүлауына дейінгі кезеңдерді бастан кешірді. 
Енді  осы  ХІҮ  ғасырдың  екінші  жартысында  Қазақстан  территориясындағы 
хандықтар  мен  халықтардың  негізгі  шаруашылықтары  мен  экономикалық  жағдайына 
тоқталайып, қорытынды жасайын. 
ХІҮ  -ХҮ  ғасырлардағы  Қазақстан  халқының  негізгі  əрекеті,  бү_ған  дейінгі 
сияқты,  көшпелі  мал  шаруашылығы  болып  кала  берді.  Көшпелілер  қой  мен  жылқы, 
түйе, өзен жайылымдары мен тау бөктерлерін мекендеген ноғайлар мен қарақалпақтар 
ірі  қара  өсірді.  Сондай-ақ,  суармалы  жəне  табиғи  егін  шаруашылығымен,  балық 
аулаумен  жəне  барлық  жерде  аң  аулаумен  айналысты.  Жылқы  көшкенде  жəне  соғыс 
жорықтарына  мінетін  көліктің  негізгі  түрі  болды.  Қой  барлық  жерде  өсірілді.  Негізгі 
тамақ  түрі  -  еттен  басқа  ол  тері,  былғары,  киім,  төсек-орын,  кілем,  киіз  бұйымдарын 
жасайтын жүнімен жоғары бағаланды. 

Мал  шикізатын  үйде  өңдеу  арқылы  көшпенділер  өздерінің  киім-кешек  жəне  үй 
түрмысы  жабдықтарына  қажетін  қанағаттандырып  отырды.  Қолы  шебер  адамдар  ең 
күрделі  бұйымдарды  - ат  əбзелдерін, қару-жарақ  түрлері  (қанжар, найза,  садақ,  жебе), 
арба, киіз үй сүйектері т.б. жасауға маманданды. 
Мал  шаруашылығының  үш  түрі  -  көшпелі,  жартылай  көшпелі  жəне 
отырықшылық  -  əкологиялық,  саяси  жағдайлар  мен  халықтардың  жаппай  қоныс 
аударуына байланысты кейде орын алмастырып отырды. Табиғи жер жағдайына жəне 
тарихи  дəстүрлерге  байланысты  қалыптасқан  көші-қон  жолдарының  бағыты  да 
осындай  шарттар  мен  жағдайларда  ғана  өзгеріске  ұшырады.  Қалыптасқан  дəстүр 
бойынша,  Ақ  Орда  мен  Əбілхайыр  хандығының  көшпелі  тайпалары  Шығыс  Дешті 
Қыпшақтың жекелеген аудандарынан Сырдария аңғары мен оның салаларына, Қаратау 
бөктері  мен  Арал  маңына  барып  қыстап  жүрді.  Деректер  Іле  алқабында  ?лы  жұлдыз 
жəне    Кіші  Жұлдыз  жайлаулары  Шырын  мен  Шіліктің  арасында  Абыш  жазығы 
жайылымдары болғандығын атап өтеді. 
ХІҮ  ғасырда  оңтүстік  шығыс  Қазақстан  халқының  шаруашылығында  түбірлі 
өзгерістер болды. Монғол хандары мен феодалдардың үстемдігі ХІҮ ғасырдың аяғына 
қарай  Жетісудағы  отырықшы  -  егіншілік  пен  қалалық  мəдениеттің  түбіне  жетті. 
Көшпелі мал шаруашылығ жергілікті халыктың басты шаруашылық кəсібіне айналды. 
Егіншілік  іздері  тек  Жетісудың  батысында  Шу  мен  Талас  аңғарында,  қирап  біткен 
қалалар айналасында ғана сақталды. Жазба деректерге қарағанда, ХІҮ ғасырда жаңадан 
елді  мекендер,  керуен  сарайлар,  бекіністер  салына  бастаған.  Отырықшы  егінші 
аудандар мен қалаларға билік жүргізу үшін қиян -кескі ұрыстар толастамады. 
Шығыс  Дешті  Қыпшақ  пен  Жетісудың  далалы  аймағын  мекендеген  малшылар 
мен  оңтүстік  Қазақстанның,  Орта  Азияның  егінші  жəне  қала  халқының  арасындағы 
тауар  айырбасы  оңтүстікте  қалалық  жəне  егіншілік  шаруашылықтың,  қырда  мал 
шаруашылығының  өркендеуіне  қолайлы  жағдай  тудырды.  Қалалар  арқылы  дала 
ақсүйектері арасына мүсылман діні, жазу, кітаптар таралды. 
ХІҮ-ХҮ ғасырларда бұрыннан басталған сауат ашу, бірігу, түркі эдеби тілінің үш 
негізгі диалектілік: қарлүқ-ұйғыр, ұйғыр-оғыз жəне қыпшақ - оғыз топтарына ұйысуы 
дами түсті. Монғол жаулаушылығы Монғол тілінің таралуына ықпал ете алмады. Түркі 
ортасы монғол тілінің əлементтерін оп-оңай жұтып қойды. 
ХІҮ  ғасырда  қыпшақ  тілінде  көптеген  эдеби  ескерткіштер  дүниеге  келді,  халық 
ауыз  Əдебиеттері  дамыды.  Қыпшақтар  мен  басқа  да  түркі  тайпаларының  өз  ауыз 
эдебиеті  болды.  Қыпшақ  тілінің  «Кодекс  куманикус»  атты  ескерткішінде  фольклор 
үлгілері (жұмбақтар, қанатты сөздер, жайдақ өлеңдер) сақталған. 
Оңтүстік  Қазақстанның  отырықшы  -  егінші  аймағында  ислам  діні  кеңінен  қанат 
жайды,  сопылық  ұйымдар  ықпалын  жүргізді,  көшпелі  халық  шаман  діні  мен  ата-
бабалар аруағына сыйынуын тоқтатпады. 
ХІҮ  ғасырларда  көптеген  түркі  тілдес  жəне  Монғол  тілдес  этникалық  топтар 
бірлестігінен  қазақ  халқының  қалыптасу  процесі  аяқталды.  Монғол  ұлыстарына 
күшпен бөлінген халықтардың өз бетімен өмір сүру үшін күресі, езілген халықтардың 
өз ішіндегі өзгерістер Алтын Орда мен Шағатай əулеті қүрған мемлекеттердің ыдырау 
процесін  тездетті.  Монғол  шапқыншылығы  əкелген  ауыр  экономикалық  зардаптар 
біртіндеп жолға қойылды: егіншілік, қала тұрмысы жаңғырды, қолөнер кəсібі дамыды, 
мал басы саны өсті, орталық Қазақстан мен Жетісудың далалық аудандарының оңтүстік 
Қазақстан мен Орта Азияның жазиралы алқаптарымен сауда байланысы қайтадан қолға 
алынды. Қоғамдық қатынастар өркендеді. 
Əдебиет:  Қазақстан  тарихы  (көне  заманнан  бүгінге  дейін).  Бес  томдық.  2-том.  – 
Алматы: «Атамұра», 2010. – 640 бет. 
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:  

1.  Шығыс  Дешті  Қыпшақ  пен  Жетісудың  далалы  аймағын  мекендеген  халық 
қандай кəсіппен айналысты? 
2. Егіншілік іздері Қазақстанның қай жерлерінен табылды? 
8 апта   
15, 16 кредит сағат  
№15, 16 дəріс 
Тақырып: XV-XVII ғ.ғ. қазақ хандығы: халқы жəне шаруашылығы. 
Дəрістің  мақсаты:  XV-XVII  ғғ.  қазақ  хандығының  экономикалық  даму 
тарихының ұлттықдəстүрлі ерекшеліг і туралы білімдерін дамыту. 
Қарастырылатын  сұрақтар: 
1).  Ұйымның  түсінігінің  жүздік  бөліспен  ауысуы. 
2).  Мал  жəне  үй  шаруашылығы.  Жер  өңдеу.  3).  Қазақстанның  кейінгі  ортағасырлық 
қалалары: а) қалалар жəне қала тұрғындары саны; б) қалалар құрылымы, қаланың жер 
иеленуі.  4).  Салық  жүйесі.Күйме,  хисар,  Вакф,  мүлік,  мардинар,  рийат,  Ясы,  Сайрам, 
Сығанақ, 
Дəрістің мазмұны:   
Қалалар  функциясы.  Жазбаша  хабарламада  Шығыстың,  Орта  Азия  мен 
Қазақстанның орта ғасырлардағы қалаларындағы қолөнердің ұйымдастырылуы туралы 
мəлеметтер  аз.  Ұсақ  тауарлы  өндіріспен  қатар,  натуралдық  өндіріс  те  сақталып,  ол 
қазынаның  шеберхана-қарқанда  шоғырланды.  Отырар  шеберханалары  бірінші  кезекте 
дербес  тауар  өндіруші  –  үйінің  жанындағы  өз  шеберханасында  жұмыс  істейтін 
құмырашының  жеке  өндірісі  туралы  түсінік  береді.  Қаланың  орталық  бөлігінде  де, 
құмырашылардың  жеке  қоныстары  мен  махалалары  бар  қала  іргесінде  де  қолөнердің 
шоғырланғаны  байқалады.  Шеберханалардың  өздерінің  орналасуында  бірнеше 
ғасырлар бойындағы сабақтастық аңғарылады, мұның өзі қолөнер мен өндірістің өзіне 
өнімінен  –  керамикадан  жақсы  байқалатын  дəстүрлі  сипат  берді.  Қолөнершілер 
арасындағы  мүліктік  бөлініс  те  байқалып  отырады.  Бұл  шеберхана  көлемі,  пештер 
саны, баспана интерьеріне қолданылған күйдірілген кірпіштер сипатынан да көрінеді.  
Қалада  қолөнершілердің  цехтық  ұйымдарының  болуы  туралы  əнгіме  күрделі 
мəселелердің  бірі  болып  табылады.  Орта  Азиядағы  цехтар  туралы  алғашқы  айтылған 
сөздер 
XIV-XV 
ғасырлардағы 
деректемелерден 
кездестірілді. 
Алайда, 
А.Ю.Якубовскийдің  пікірінше,  Орта  Азия  қалаларының  қолөнершілері  X  ғасырдың 
өзінде-ақ цехтарға біріккен.  
Отырар шеберханаларының қазба материалдары мұнда серіктестіктер де, цехтық 
бірлестіктер  де  болған  деп  жорамалдауға  негіз  береді.  Отырар  шеберханаларында 
өндірілетін  керамикалық  толтырылған  шүңқырлардан  алынған  керамикаға,  сондай-ақ 
бірқатар  жағдайлар  бойынша  сапалы  жағдайына  жеткізіле  күдірілменген;  күйдіріу 
қуыстарындағы  керамикаға  жасалған  талдау  шеберлердің  мамандануы  туралы  айтуға 
мүмкіндік  береді.  Зерттеушілердің  пікірінше  бұл  маңғол  шапқыншылығына  дейін-ақ 
болған жайт.  
Кірпіш  күйдіретін  пештер  мен  шеберханалар  сананың  көп  болуы  құрлыс 
жұмыстарының құлаш жайғанын дəлелдейді.  
Моңғолдар  кезі  мен  моңғолдардан  кейінгі  кезде  қола  айналар  өндірудің  едəуір 
ұлғайғаны байқалады. Айна жасайтын жаңа орталықтар Орта Азияда да пайда болады. 
Сондай орталыққа Отырар да айналған сияқты.   
Суреттеліп  отырған  уақытта  күмістен  жасалған  бұйымдар  өндірісінің 
техналогиясымен,  əшекейлердің  түр-түрімен  жəне  сипатымен  байланысты  мəселелер 
үшін  Отырардың  XIII  ғасырдың  60-жылдарында  жасалған  деп  саналатын  күміс 
заттардың  көмбесі  зор  ынта-ықылас  туғызады.  Көмбеден  табылған  зергерлік 
бұйымдардың  бір  бөлігін  Оңтүстік  Қазақстан  қалаларының  қолөнершілері  жасаған. 
Бұлар  –  түп  негізі  XI  ғасырдың  өзінде-ақ  Оңтүстік  Қазақстан,  Жетісу  аудандары  мен 

Орта  Азияның  солтүстік  аудандарынан  мəлім  орама  тəрізді  білезіктер.  Білезіктерді 
дайындған кезде түрлі сипаттағы күміс шанышқылар мен ширатпалар пайдаланылған. 
Отырардың  жылтыр  білезіктері  күміспен,  бірақ  неғұрлым  жоғары  сапалы  күміспен 
қапталған дөңгелек күміс кесегінен жасалған.   
Қалаларда  бұрынғысынша  түрлі  түске  құбылып  тұратын  жасыл,  көк  ,  көгілдір, 
қызыл,  сары  жəне  қою-қошқыл  шыныдан  ыдыстар  жасау  дамыды.  Бұйымдардың  түр-
түрі  едəуір  көп,  олар  –  қақпақтар,  тостағандар,  бокалдар,  рюмкалар,  графиндер. 
Бұйымдардың бір бөлігі қалыпқа келтіріліп үрлеу кезінде жасалатын басу, шеңберлер, 
ромбылар  түрінде  бедерлі  өрнекпен  əшекейленген,  басқа  біреулері  пісірілген 
талшықтардың  нақ  өзіндей  немесе  басқа  түсті  шиыршықтардың,  қайырмалардың 
арқасында неғұрлым əдемі көрінеді. Шыныдан əшекей заттар -  көз салып безендірілген 
білезіктер,  түрлі-түсті  шыны  талшықтарынан  жасалған  білезіктер,  моншақтар,  ұсақ 
моншақтар дайындалған. 
Қалаларда Қазақстан қалаларына тəн дəстүрлі сүйек ою кəсібі дамыған. Олжалар 
арасында  дөңгелек  өрнекпен  безендірілген  пышақ  саптары,  түймелері  мен  қарсы 
ілгектер  бар.  Жылқы  мен  сиырдың  ұзын  сан  жіліктерінің  сүйектерінен  –  жүн  өңдеуге 
арналған  жылтыратқыш,  қой  мен  ешкінің  жұқа  сүйектерінен  –  біз  бен  түйрегіш 
жасалған.  Үй  жануарлары  мен  жабайы  хайуандар  -  киіктің,  қарақұйрықтың,  бұғының 
мүйіздері шикізат ретінде пайдаланылған. 
Тастардан  диірмен,  əр  түрлі  шой  балғалар,  келсаптар,  сүргілер,  қайрақ  тастар 
дайындалған.  Өкінішке  қарай,  тоқыма  кəсібін,  кілем  тоқу  ісін  жəне  басқа  да  қала 
қолөнерін  дəлелдейтін  айғақтар  аз  сақталған,  бірақ  олардың  дамығаны  даусыз. 
Мысалы,  қала  тұрғындарының  үйлерінен  табылған  мақта  қауашақтарын, 
ұршықбастарды-тоқыма  кəсібінің  дамуын  көрсететін  дəлел  ретінде  пайдалануға 
болады. 
Сауда  жəне  керуен  жолдары.  Моңғолдардың  жаулап  алған  кезде  қалалардың 
талқандалуы,  егіншілік  алқаптары  мен  дала  өңірінің  қаңыратылып  тасталуы  қала  мен 
оның  төңірегінің,  қала  мен  даланың  саудасына  теріс  əсер  етті.  Алайда,  халықаралық 
сауда жолдары жұмыс  істей берді. Қытай мен Моңғолияны Орта Азиямен, Орта жəне 
Таяу  Шығыспен,  Еуропамен  жалғастырып  жатқан  Жетісу  жолында  бұрынғыдай 
жүргіншілер  көп  болды.  Еуропаны  Азиямен  жалғастырып  жатқан  оңтүстік  орыс 
даласы, Еділ бойы арқылы Оралға, одан əрі Хорезмге, Сырдарияға жəне Жетісу арқылы 
Алмалық  пен  Моңғолияға  өтетін  дипломатиялық  жəне  керуен  жолы  зор    маңыз  алды. 
Бұл  жолмен  Плано  Карпини  мен  Вильгельм  Рубрук  жүріп  өткен.    Плано  Карпини 
Жолын кейінірек ішінара Андре де Лонжюмо миссиясы қайталанған. 
Мөңке  хан  өлгеннен  кейін  өзара  қырқысты  соғыстар  өршіді.  Орта  Азия  мен 
Жетісу арқылы өтетін жолмен жүру қауіпті болды. Тек XVI ғасырдың 20-30 жылдары 
ғана  моңғол  иеліктерінде  қайтадан  халықаралық  саудаға  қолайлы  жағдай  орнады. 
Көпестер  мен    миссионерлер  бұрынғыша  Кафадан  Танға,  Көне  немесе  Жаңа  Сарайға, 
Үргенішке,  Отырарға,  Алмалық  пен  Ханбалыққа  сапар  шегіп  отырды.  Балдучи 
Пегалоттидің  (1340ж.)  есептеуінше  бұл  жол  290  күнге  созылды.    Халықаралық  сауда 
нəтижесінде  Батысқа  жібек,  əшекей  бұйымдары  жеткізілді.  Пеголоттидің  көпестерге 
полотно  маталар  ала  барып,  оларды  Үргеніште  сатуға  жəне  татар  елдерінде  өтімді 
күміс жамбырлар жинап алуға кеңес берген куəлігі сақталған. 
Аталған  тауарлар  ішінара  Оңтүстік  Қазақстанның  қаллаларында  қалып  отырды. 
Халықаралық  сауданың  кең  көлемде  жүргізілгенін  жоғырыда  аталған  күміс  көмбе 
дəлелдей  алады,  онда  Алмалық,  Еміл,  Пулад,  Жент,  Қырым,  Сивас  теңгелері  бар. 
Көмбе  бұйымдарының  бір  бөлігі,  мысалы,  жоғарыда  суреттелген  құрама  белдіктің 
бөлшектері мен ұйғырша жазбасы бар қалақшалар Орта Азиядан, Шығыс Түркістаннан, 
кіші Азиядан шыққан. 

Халықаралық саудамен қатар жергілікті, облыс ішіндегі сауда да дами бастайды. 
Тауар-ақша  қатынасына  дала  тайпалары  да  тартылды.  Көшпелілер      қабірлерінен, 
қоймаларынан табылған мəнет олжалар көп. 
Қазақстан  аумағындағы  ақша  айналымы  тарихын  осы  кезеңдегі  Орта  Азия  ақша 
өндірісінен  бөліп  қарастыруға  болмайды.  Шағатайлықтар  империясындағы  ақша 
өндірісі дамуын үш кезеңге бөлуге болады. 
Бірінші  кезең  моңғолдардың  Орта  Азияны  жаулап  алғаннан  кейінгі  ширек 
ғасырлық  уақыт,  шамамен  XIII  ғ.  ортасына  дейінгі  аралық  жатады.  Екінші  кезең 
шығарылған  жеріне  қарамай  барлық  Шағатай  мемлекетінде  жүрген  сапасы  төмен 
алтын  мəнеттер  шығарумен  сипатталады.  Аясы  тар  айналым  үшін  күміс  жалатылған 
мыс  дирхемдер  шығарылды.  Бұхара,  Самарқанд,  Ходжент  пен  Отырарда  мəнет 
сарайлары  жұмыс  істеді.  Осы  кездері  ұсақ  ақша  саудасы  да  жанданды.  Айталық, 
Отырарда хижраның 649 жылынан (1251-1252жж.)  662 жылына (1263-1264жж.) дейін 
тек  қалада  ғана  емес,  сонымен  қатар  Оңтүстік  Қазақстан,  Ташкент,  Ферғана 
аудандарында күміс жалатылған мыс дирхемдер саудада жүрген. 
Үшінші  кезең  хижраның  670  жылында  (1271-1272  ж.ж.)  басталған  Масудбектің 
ақша  реформасынан  бастап  есептелінеді.  Реформа  Орта  Азия,  Қазақстанның  оңтүстігі 
мен Жетісудың көптеген қалалары мен облыстарында бағалы күміс теңгелерді тұрақты 
соғып  тұратын  етті.  Қазір  XIII  ғ.  соңғы  ширегінде  жұмыс  істеген  15-тен  астам  теңге 
сарайлары  белгілі  болып  отыр,  олардың  арасында    Отырар,  Тараз,  Кенже,  (Кендже), 
Жент  сарайлары  бар.  Нумизматикалық  мəліметтерге    қарағанда,  Қазақстанның 
оңтүстігі мен Талас алқабы сауда – саттық үшін қолайлы жағдайда болып келген. 
1321ж.  Кебек  хан  жаңа  күміс  теңгелер  –  «кебектерді»  айналымға  енгізді. 
Бұрғысынша Отырар, Тараз бен Кенжеде мəнеттік өнімдер көптеп шығарылды. XIV ғ. 
екінші жартысында Сығанақта да мəнеттер соғылды.   
Егіншіліктің  құлдырауы.  Моңғол  шапқыншылығы  ауыл  шаруашылығының 
дамуына  кері  əсерін  тигізді.  Дегенмен  Қазақстанның  оңтүстігінде  шаруашылық 
біртіндеп дами бастайды. XIII ғ. ортасы мен XV ғасырда Сығанақта, Сырдарияның сол 
жағалауында,  Отырар  төңірегінде  суландыру  жүйелері  қалпына  келтіріледі.  XIIIғ. 
соңы-  XVI  ғасырда  Арыстан  тартылған  магистраль  канардар  арасында  Отырар 
Құйрықтөбе  Алтынтөбе  Күйікмардан  қалашықтарының  арасында  төртбұрышты 
егіншілік алқабы қалыптасты. 
Түркістан,  Сауран,  Аққорған,  Аркөк,  Созақ  қалаларының  жанындағы  табиғи 
аймақтарда да адамдар өмір сүре бастайды. 
Жетісуда бұдан өзгеше жағдай қалыптасады. XIIIғ. ортасына қарай Іле алқабында 
егіншілік мəдениеті күйрегендігін археологиялық материалдар мен сол замандарда өмір 
сүрген  авторлар  да  айғақтап  отыр.  Қоныстардың  қиратылуы,  егін  егетін  жерлерді 
жайылымға  айналдыру  саясаты  XIIIғ.  соңына  қарай  Іле  алқабында  -  оны  көшпелі  мал 
шаруашылығы ауданына айналдыруға алып келді. 
Осындай жайт Оңтүстік Батыс Жетісудан да байқалады. Өзара қырқыстар, билік 
үшін  күрес,  ауылдық  қоныстар  мен  қалалардың  қиратылуы  XIIIғ.  ортасына  қарай 
егіншілік мəдениеттің күйреуіне алып келді. 
Ал,  Жетісуда  сақталған  егіншілік  мəдениет  ошақтарының  күйреуіне  Темір 
жорықтары түпкілікті соққы берген бодатын. 
Қала мəдениеті. Моңғолдар шапқыншылығы күйзелткеніне қарамастан, Оңтүстік 
Қазақстан  мен  Жетісудағы  қала  мəдениетінің  дəстүрлі  дамуы  тоқтала  қойған  жоқ. 
Мəдениетте  XIII-XV  ғасырларда  пайда  болған  инновациялар  алдыңғы  кезеңдегі 
мəдениет дамуындағы үзілісті немесе одан қол үзуді білдірмейді. Мұндай құбылыстар 
моңғолдар  жаулап  алған  аймақтағы  дамыған  қалаларға  да  тəн  еді.  Қазақстанның 
оңтүстігінде  бұл  сəулет  өнері  секілді  салалардан  байқалады.  XIV-XV  ғасырлардағы 

архитектуралық  нысандарды  зерттеушілер  əлемдік  сəулет  өнерінің  жақын 
құбылыстарына жатқызады. 
XV  ғ  бас  кезінде  Ахмет  Яссауи  кесенесі  тұрғызылады.  XVғасырда  салынған 
архитектуралық  құрылыстар  арасынан  қазір  қирап  қалған  Сығанақтағы  Көккесене 
белгілі.  XIV  ғ.  соңы  мен  XVғ.  бас  кезінде  Отырар  маңындағы  Арыстанбаб  кесенесі 
салынған. 
Мешіт,  медресе,  кесене  құрылыстарының  салынуы  қала  тұрғындары  арасында 
мұсылмандық кеңінен таралғандығын білдіреді. 
Қала  тұрғындары  арасында  сопылық  ілім  кеңінен  таралған.  Үй  құрылысында, 
оның  жоспарында  жəне  баспана  интерьерінде  көптеген  элементтер  сақталды.  Қыш 
ыдыстарын  өндіруде,  дəлірек  айтсақ  тұрпаты  мен  ою  өрнектерінде  бір  ізділік 
байқалады.  Оңтүстік  Қазақстан  қалаларында  келесі  экономикалық  жəне  мəдени 
өмірдегі  өрлеу  бұл  жерлердің  Темір  ипериясының  құрамына  кіруімен  байланысты, 
мұны XIV ғ. соңы мен XVғ. ортасында Самарқандта, Бұхарада соғылған көптеген мыс 
мəнеттер  нақтылай  түседі.  Осы  уақыттарда  Ұлықбекте  Отырарда  мыс  теңгелер 
соқтырылды.  Отырарда  табылған  Астрабад,  Герат,  Йезд,  Кашан,  Кум,  Шираз 
қалаларында соғылған күміс мəнеттер қоймасы - Оңтүстік Қазақстанның сыртқы сауда 
байланыстарының нақты көрсеткіші. 
Қалалар саны, кейінгі ортағасырлық қалалардың топографиясы мен типологиясы. 
Қазақстан  тарихында  қарастырылып  отырған  кезең  осынң  алдындағы  кезеңмен 
салыстырғанда  жазбаша  деректемелерде  едəуір  толық  баяндалған.  Жазбаша 
деректемелерде  қалалар,бірінші  кезекте  Ясы-Туркісиан,  Отырар,  Сығанақ,  Сауран, 
Созақ,  Сайрам  қалалары  өмірінің  кейбір  жақтары  туралы  тусінік  беріледі.  Осының 
алдындағы  уақытпен  салыстырғанда,  деректемелерде  айтылатын  қалалар  саны  (18 
ғасырдың екінші жартысы - 15 ғ.) 20-дейін, ал мезгіл 15 ғасырдың екінші жартысы - 18 
ғасырдың басы деп белгіленетін қала жұрттары 23-ке дейін азайып кеткен. 15 ғасырдың 
екінші  жартысында  жазбаша  деректемелерде  енді  Солтүстік  Қаратаудың  Ұрысоған, 
Соғылкент, Құмкент қалаларының аттары кездеспейді. Осы қалалар деп саналатын қала 
жұрттары,  археологиялық  зерттеулердің  көрсеткніндей,  15  ғасырдың  аяғы  -  16 
ғасырдың  басына  қарай  бос  қалады.  Сырдарияның  төменгі  ағысында-  Жаңқала, 
Қызқала  қала  жұрттары,  Бөгенде  -  Бұзықтөбе  (Шілік),  Сырдарияның  орта  ағысында 
Құйрықтөбе мен Оксус (Оқсыз) қала жұрттары тіршілігін тоқтатады. 
15  ғ.  ортасынан  бастап  Отырар  төңірегі  қаңырап  қалды.  16  ғасырға  қарай  оның 
аумағы  бір  га-дан  сəл-ақ  асты,  барлық  қала  тіршілігі  орталық  төбешік  маңына 
шоғырланды. 
Сайрам,  Сығанақ,  Үзкент,  Созақ  қалаларының  аумағы  да  тарылады.  Олардың 
рабадтары  қаңырап,  қалалық  тіршілік  мейлінше  бекіністі  орталыққа  ауысады.  Бұл  тек 
археологиялық материалдар бойынша ғана анықталып қоймаған. Айталық, П.П.Иванов 
Сайрам  қарттарына  жүргізген  сауалдарының  негізінде  қаланың  орталық  бөлігіндегі, 
яғни  қорғануға  жеңіл  бұрынғы  цитадель  мен  шахристан  аумағында  тұрғындар  тығыз 
қоныстанғандығын жазады. 
Өңірдің  16-17  ғасырлардағы  саяси-экономикалық  өмірінде  Сырдарияның  сол 
жағалауындағы  Аркөк,  Құжан,  Аққорған,  Үзгент  қалалары  маңызды  рөл 
атқарды.Қаратаудың солтүстік беткейіндегі Сайрамның маңызы артады. Ясы-Түркістан 
бүкіл Оңтүстік Қазақстанның дəрежесіне дейін тез арада көтеріледі.  
Мұнда  Темірдің  бүйрығы  бойынша  Ахмет  Яссауи  қабірінің  үстінен  кесене 
тұрғызылып,  қала  аймақтың  ресми  идеологиялық  орталығына  айналғаннан  кейін 
қаланың  қауырт  өскені  байқалады.  Сол  кезден  бастап  қала  өлкенің  Темір  ұрпақтары, 
Шайбани  ұрпақтары  əкімдерінің  орталығына,  ал  сонан  соң  қазақ  хандарының 
астанасына айналады. 

Қаланың  астаналық  жағдайын  16  ғасырдың  60-жылдарында  теңгелер  соғуды 
қайта жаңғыртқан Түркістан теңге сарайының белсенді жұмысы да айқын көрсетеді. 
Соңғы орта ғасырлық қалаларының типографиясында “хисар” - қаланың дуалмен 
қоршалған  орталық  бөлігі  мен  қала  төңірегіндегі  аудандар  айқын  аңғарылады. 
Г.А.Пугаченкованың  анықтауынша  хисар  -  “қаланың  халық  тығыз  тұратын,  үкіметтік 
үйлер,  казармалар,  күмбезді  мешіт,  басты  базалар  мен  қолөнер  шеберханалары, 
қаланың  негізгі  топтарының  тұрғын  үйлері  шоғырланған  бекіністі  бөлігі”.  Кейде 
хисардан  қосымша  бекінісі  бар  цитадель-  қала  айқын  байқалады.  Мұндай  бекіністер 
Яссы-Түркістан,  Сығанақ,  Қараспан,  Сүткент,  Аққорған  типографиясында  да  тəн  еді. 
Дуал хисар сыртындағы құрылыс іздері бар аумақ қала төңірегі, ауылдық өңір болған 
жəне  кейінгі  этнографиялық  материалдардың  дəлелдегеніндей,  оның  өмірі  хисардың 
өмірінен, қаланың өз өмірінен күрт ерекшелінеді.  
Оңтүстік  Қазақстанның  соңғы  орта  ғасырлардағы  қалаларына  көбінесе  дөңгелек 
сипаттағы моңғолдарға дейінгі жоспарлау негізге алынып отырған. Ал дəстүр бойынша 
тік  бұрышты  етіп  жоспарланған  қалалар  оны  кейінгі  кезде  де  сақтап  қалған  ;  бұл 
мысалы Сайрамда сақталған. 
Жазбаша  деректемелердің  автолары  парсыша  «қала»  деген  «шаһар»  терминін 
Қазақстан  қалалары  жөнінде  сирек  қолданады,  ол  термин  уəлаяттың  əкімшілік 
орталығына, дуалмен қоршалған ірі елді мекенге қоса қолданылатын . Мұндай термин 
Сайрам  мен  Ясы-Түркістанға  қатысты  ғана  қолданылған.  Уəлаят  орталықтары  үшін 
Ясы,  Сайрам,  Отырар,  Сауран,  Сығанақ,  Созақ  үшін  «қала»  термині  пайдаланылған. 
Неғұрлым шағын елді мекендер Аркөк пен Құжан да кейде нақ сол терминмен аталған. 
Барлық  қалаларға  «қалашық»,  «шағын  мекенді»  білдіретін  «балада»,  «орын», 
«егіншілік қонысты» білдіретін «маузи» терминдері де қолданылған. 
Шығыс  шығармалары  авторларының  белгілі  бір  елді  мекендер  жөнінде 
терминдері  құбылтып  қолданғанына  қарамастан,  олар  сол  мекендердің  сауда-саттық 
маңызын, қолөнердің, мешіттердің болуын атап көрсетеді. 
Қалалардың  əрқайсысы  əрбір  тарихи-мəдени  аудан  үшін:  Сайрам  –  Талас 
Алатауының  етегі  өңірі  үшін,  Отырар  –  Арыстың  төменгі  ағысы  үшін,  Сауран  – 
Сырдарияның орта ағысы үшін, Сығанақ – Сырдарияның төменгі ағысы үшін, ал Созақ 
–  Қаратаудың  теріскей  беткейлері  үшін  дəстүрлері  орталық  болды.  Басқалары  қала 
статусын  иемденді.  Жазбаша  дерек  көздеріне қарағанда  сол  уақыттардағы  қалалар  да, 
қалашықтар  да  аграрлық  сипатта  болған.  Сонымен  бірге  оларды  ауылдық  (селолық) 
қоныстар  деп  есептеу  дұрыс  емес,  себебі  оларға  қолөнер  мен  сауда  тəн  еді.  Тіпті 
аумағы  ең  шағындары  да  көшпелілермен  мəдени-экономикалық  байланыстардың 
өзіндік орталығына айналған болатын. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет