«Тарих және педагогика» факультеті



бет4/5
Дата07.01.2022
өлшемі3,29 Mb.
#17885
1   2   3   4   5
Г а л л ю ц и н а ц и я 
    • нақты объекті болмай –ақ пайдабболатын қабылдау. Қабылдаудың қалыпты күйінде үнемі елестеу болады. Галлюцинация басымдық жағдай елестеуінің әсерінен туады, соның нәтижесінде шынайы  әсерді ішкі образдар алмастырады. Сондықтан да галлюцинацияны ырықсыздықтан, күшті сезімнен пайда болатын, нақты дүниені жобалап, сол арқылы шындыққа тән объективті қасиетті туындататын елестету деп атайды.

Галлюцинация

көру

есту

иіс

дәм

күрделі

Көру галлюцинациясы формасыз- жалын, түтін, тұман түрінде болуы мүмкін, бұлардың формалары айқын  болмайды, кейде керісінше, барлық бөлшектеріне дейін анық, тіпті нақты заттардан айқын көрінеді. Елестің шамасы табиғи түрде байқалып, кішірейген , ұлғайып, алып күйлерде есептейді. Көру галлюцинациясы түссіз де болуы мүмкін, кейде олар тгабиғи бояулы , ал кейде бір түсті , өте анық бояулы ашық-қызыл немесе көк түсті болады.

Е с і т у   г а л л ю ц и н а ц и я с ы  акоазмаға – салдыр, гүрдірлі, шуды, атысты есіту мен фонемаға – сөзді, әңгімені есітуге бөлінеді. Есіту галлюцинацисы өзінің қарқындылығы жағынан ақырын, натуралдық, қатты, құлақ тұндырарлық болуы мүмкін. Олар жоғарғы- төменнен немесе басқа тұстан , кей жағдайларда, кейде жақыннан естіледі. Вербальдық галлюцинацияның мазмұны енжар,  қорқынышты, маскүнемдік,  қорлаушылық, сақтандырушылық жорамал жасаушылық болуы мүмкін.

И і с   с е з у    Г а л л ю ц и н а ц и я с ы әр түрлі жалған иістердің – түтін, күйік, шіру иістерінің, оқта-санда жағымды иістердің көрінісі ретінде байқалады. Жалған иістер қарқыны жағынан әр түрлі, кейде жеңіл түрінен бастап, тұншықтыратын түріне дейін болады.

Д ә м    г а л л ю ц и н а ц и я с ы  әдетте  иіс сезу галлюцинациясынан  ажырағысыз байқалады; бұл қабылдап жүрген тағам мен сусынға ұқсамайтын, кейде жағымсыз, жиіркенішті дәм түрінде сезіледі.

К ү р д е л і    г а л л ю ц и н а ц и я –да  бір мезгілде әр түрлі галлюцинация түрлері  ұштасып келеді.Ауру адамда галлюцинацияның бар екендігіне болжам оның сыртқы  түрі мен мінез-құлқына қарап жасалады.  Көру галлюцинациясында аурудың көзқарасы бір нәрсеге  шоғырланған, кейде  қорыққан,  масаттанған түрлерде байқалады.

      И л л ю з и я – нақты заттар мен құбылыстарды жалған, қате қабылдау. Нақты объектіні жалған қабылдаудың міндетті түрде болуы иллюзияны галлюцинация дан ерекшелеп тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет