Тарих кезеңдер 1913 жезқАЗҒандағы алғАШҚы тау-кен жұмыстары



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата25.05.2023
өлшемі101,08 Kb.
#97209
1   2   3   4
1998
Шілде айында Солтүстік Жезқазған кенішінің Итауыз карьері іске қосылды.
Жыланды кен орындары тобының кендерін игере қазуының басталуы.
1999
26 маусымда «Қазақмыс корпорациясы» АТАҚ «Қазақмыс корпорациясы» ААҚ болып қайта аталды.
Бұрынғы Ертіс полиметалл комбинатының тау–кен кәсіпорындары - Белоусов кен байыту фабрикасы, Ертіс
кеніші, Березовка кен байыту фабрикасы, Ертіс мыс қорыту зауыты (Шығыс Қазақстан Облысы) сатып
алынды.
Маусым айында «ВостокКазмедь» филиалы құрылды, оның құрамына Белоусовка және Березовка кен
байыту фабрикалары, Шығыс Қазақстан полиметалл кен орындары - Березовка, Ертіс, Юбилейно–
Снегирихинское және Анисимов ключ кірді.
Саяқ кенішінде (Балқаш) жерастылық тәсілмен кенді игеру басталды.
2000
20 қаңтар - Шығыс Жезқазған кенішінің 73/75 шахтасының (ШЖК) жұмысын іске қосу.
1 сәуірде Қарағанды құю зауыты (ҚҚЗ) өз жұмысын бастады.
Сәуірде Шығыс Қазақстан геологиялық барлау партиясы, «Жезказгангеология» ААҚ филиалы құрылды.
30 маусымда Жезқазған кен байыту фабрикасында ксантогенат өндіру цехы іске қосылды.
Шілде айында Балқаш кен байыту фабрикасында қайта өңдеу, Шатыркөл кеніші іске қосылды (құрылысы
1999 жылы басталды).
Жезқазған құрама темірбетон бұйымдары зауыты Корпорацияға ауысты.
«Жаман-Айбат» кенішінің бірінші кезегін игеру (келешекте «Жомарт» кеніші болып қайта аталды).
2001
Солтүстік Жезқазған кенішінің (СЖК) Жартас карьері іске қосылды.
Корпорация Қарағанды құю-машина жасау зауытын (ҚҚМЗ) сатып алды.
2002
Шілде айында Балқаш мыс балқыту зауытында ауаны ауыр қатты бөлшектерден 98%-ға дейін және одан да
жоғары тазалауға арналған құрғақ электрсүзгілері іске қосылды. Жаңғырту күкіртті ангидридті
утилизациялау кешенін салу бойынша БКМК экологиялық бағдарламасы шеңберінде жүргізілді.
22 қазанда Солтүстік Жезқазған кенішінің (СЖК) Қыпшақпай карьерінде жұмыстар басталды.
Сарыоба карьерінде аршу жұмыстарының басталуы 2003.
2003
Қаңтар айында Жезқазған КБФ-на Сарыоба карьерінің кені келіп түсе бастады.
Наурыз айында Балқаш мыс балқыту зауытындағы №1 Ванюков пешінің (ВП-1) сұйық ваннасында балқыту
технологиясы бойынша негізгі балқыту агрегатын қайта құру аяқталды.
28 шілдеде акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде «Қазақмыс корпорациясы» ААҚ
«Қазақмыс корпорациясы» АҚ болып қайта аталды.
10 қыркүйекте Қарашошақ карьері (Жезқазған аймағы) іске қосылды.
27 желтоқсанда «Қазақмыс корпорациясы» АҚ құрамында құрылымдық бөлімше – «Жезқазған тау-кен
металлургия комбинаты» (ЖТКМК) құрылды, оған Жезқазған өнеркәсіптік алаңының кәсіпорындары кірді.
Нұрқазған (Қарағанды облысы) мыс шоғырланған кен орнын игерудің басталуы.
2004
21 ақпанда Балқаш мыс балқыту зауытында Ванюковтың сұйық ваннасында (ВП-2) балқыту технологиясы
бойынша екінші балқыту агрегаты іске қосылды.
15 шілде күні KCC International PLC тіркелді.
2 маусымда жаңа Абыз кенішіндегі (Қарағанды облысы) алғашқы кен шөміші көтерілді.
Степной кеніші (Жезқазған) пайдалануға берілді.
Нұрқазған кенішінің құрылысы.
Қарағайлы КБФ-да қалпына келтіру жұмыстары 1992 жылдан бастап ұзақ уақыт тоқтап тұрғаннан кейін
басталды. Қалпына келтіру жобасын Қазақмыс корпорациясының жобалау институты жүзеге асырды.
2005
«Қазақмыс корпорациясы» АҚ атауы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС болып өзгертілді.
14 шілдеде Қазақмыс корпорациясының құрамында Ақбастау кеніші мен Құсмұрын кенішіне қосумен бірге
Қарағайлы кен байыту фабрикасы мен Абыз кенішінің базасында «Қарағайлы тау-кен байыту комбинаты»
құрылымдық бөлімшесі құрылды.
Сонымен қатар 14 шілдеде Жезкент тау-кен байыту комбинаты (ЖТКБК) құрылды.
12 қазаңда Қарағайлы КБФ-да Абыз кен орнының мыс-пирит және мыс-мырыш кендерін өңдеу басталды.
Қазан айында Қазақмыс өз акцияларын Лондон қор биржасына орналастырған алғашқы қазақстандық
компания болды. 2005 жылдың желтоқсанында компания Ұлыбританиядағы ең ірі листинг
компанияларының тізіміне енгізілді - FTSE 100.
Западный кеніші (Жезқазған аймағы) пайдалануға берілді.
2006
3 наурызда Жомарт кенішінде («Жаман-Айбат» кен орны) алғашқы кен алынды.
1 сәуірде Құсмұрын кенішінің алғашқы кен шөміші Қарағайлы КБФ-на тиелді.
Қазаң айында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС - «Қарағандытүстімет» ӨБ құрылымдық бөлімшесі құрылды.
Бөлімшеге ҚҚМЗ, ҚҚЗ, «Борлы» КД кірді.
Артемьев кенішінде (Шығыс Қазақстан облысы) кен өндіру басталды.
Қазақмыс Қазақстанның экономикалық дамуына ықпал етуге бейілділігін көрсете отырып, Қазақстан қор
биржасында акциялар саудасын бастады.
2007
Ақбастау және Құсмұрын кендерін қосымша өңдеу үшін Қарағайлы КБФ-н қайта жаңарту бойынша
жұмыстар жүргізілді.
Нұрқазған кен байыту фабрикасы (НКБФ) (Қарағанды облысы) пайдалануға берілді.
2008
6 маусымда Балқаш мыс балқыту зауытының күкірт қышқылы цехы (КҚЦ) пайдалануға берілді.
Жезқазған аймағында «Шығыс Сары-Оба» шахтасын іске қосу.
Жезқазған аймағында Қарашошақты (карьердің тау-кен жұмыстары 2008 жылдан бастап, жерасты тау-кен
жұмыстары 2016 жылдан бастап) іске қосу.
2009
15 қаңтарда Балқаш және Жезқазған мыс балқыту зауыттарын қамтитын Қазақмыс Металлургия кешені
құрылды.
Нұрқазған кеніші пайдалануға берілді.
2010
Қазақмыс Қытай Даму Банкі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ұсынған $4 млрд-тан астам несие
желісін алуға келісім жасасты.
Қаражат өндірісті кеңейту жөніндегі жобаларды іске асыруға, атап айтқанда, Бозшакөл мен Ақтоғай сияқты
негізгі жобалардың құрылысына бағытталған.
Қазақмыс компаниялар тобына құймаларда шығарылатын күміске «Good Delivery» (сенімді жеткізу)
халықаралық мәртебесі берілді.
Мәртебе жоғары сапалы стандартты құймаларға, қымбат асыл металлдың жоғары сынамасына және
беделді аккредиттелген өндірушінің таңбасына беріледі.
Жезқазған аймағында Қыпшақпай шахтасы пайдалануға берілді.
2011
Қазақмыс тобы «Ашықтыққа ұмтылысы үшін» номинациясы бойынша Қазақстан қор биржасының үздік
эмитенті болып танылды. Компания бұл құрметті марапатқа үшінші жыл қатарынан ие болды (2008-2011
жж.).
Азиядағы дамып келе жатқан қатысу стратегиясының бөлігі ретінде Гонконг Қор Биржасында екінші
листингті аяқтау.
Директорлар кеңесі Бозшакөл кен орнын - өндіру масштабы бойынша да, көлемі бойынша да посткеңестік
кеңістіктегі ірі тау-кен жобасын әзірлеуді бекітті.
2012
Ақтоғай кен орны бойынша жұмыстардың басталуы.
Наурыз айында әлемдік және корпоративтік стандарттарға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті
қорғау бойынша жобаның басталуы.
3 шілде әлемдік деңгейдегі ірі жоба - Бозшакөлдің ресми іске қосылу күні.
Металлургиялық кешен базасында құрылған «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС қызметінің
басталуы. Құрамына Балқаш мыс балқыту зауыты, Жезқазған мыс балқыту зауыты, Казкат зауыты, мыс
және кіреукесымдарын өндіру цехы, оттегі өндіру кәсіпорны кірді.
8 қарашада ЖТЭО, БТЭО және МАЭС-2 базасында жаңа заңды тұлға – «Kazakhmys Energy» (Қазақмыс
Энерджи) ЖШС құрылды.
2013
9 қаңтарда 2007 жылдан бастап қолданыстағы «Қазақмыс сервис» ЖШС базасында «Kazakhmys Maintenance
Services (Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз)» ЖШС құрылды.
2014
31 қазанда акционерлер мен реттеуші органдардың келісімімен «Қазақмыс» тобы екі компания болып
қайта құрылды: жеке (көпшілікке жарияланбайтын) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және көпшілікке
жарияланатын KAZ Minerals PLC.
Көпшілікке жарияланбайтын компанияға Қарағанды облысының кәсіпорындары мен объектілері және
Шатыркөл кеніші кірді.
Жария компанияның артында Шығыс Қазақстан облысының жобалары және Қырғызстандағы кеніш
қалды.
Қайта құрудан кейін екі компания да тәуелсіз экономикалық қызмет жүргізеді. Негізгі өндірістік,
коммерциялық және өндіру, бастапқы өңдеу, мыс қорыту сияқты өзге де процестерді қамтамасыз ету үшін
тараптардың қазақстандық активтері арасында бірқатар ұзақ мерзімді және сервистік келісімдер жасалды.
2014 жылдан бастап Қарағанды құю-машина жасау зауытында (ҚҚМЗ) станоктық паркті, өндірістік
зертханаларды жаңғырту, SIEMENS компаниясының бағдарламалық өнімдері негізінде өндірісті
даярлаудың бірыңғай конструкторлық-технологиялық жүйесін енгізу басталды, компьютерлер мен
ұйымдастыру техникасы толық ауыстырылды.
2015
1 желтоқсанда Қарағанды құю-машина жасау зауытының (ҚҚМЗ) базасында құрылған «Maker (Мэйкер)»
ЖШС кәсіпорнын жеке заңы тұлғаға бөлілді.
Желтоқсан айында Жезқазған кен орындарының селдір кендеріне гидрометаллургиялық өңдеу
технологиясының өнеркәсіптік сынақтары (зертханалық жағдайларда) жүргізілді.
2018
1 ақпанда МАЭС-2 «Kazakhmys Energy» (Қазақмыс Энерджи) ЖШС құрамынан «Главная распределительная
энергостанция Топар» ЖШС жеке заңды тұлғасына бөлінді.
Жезқазған жылу электр орталығын жаңғырту аясында №8 жаңа турбогенераторды іске қосу.
«Борлы» және «Молодежный» көмір разрезі базасында «Kazakhmys Coal» ЖШС құрылды.
«Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытында 10 жылдық үзілістен
кейін екінші кен қыздыру пешінің (КҚП-2) жұмысын қайта бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет