ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
, №3 (121), 2021
ISSN-p 2306-7365
ISSN-e 2664-0686
167
4-сурет – А. Гуржиенко салған
сурет (1905 ж.). А. Ивановтың
1983 ж. мақаласынан алынды.
Қожа Ахмет Ясауи қабірханасы есігінің жоғалған тоқпақшалары
Шығыстанушы археолог Массон Михаил Евгеньевич өзінің Қожа Ахмет Ясауи
кесенесіне арнаған екі еңбегінде де қабірхана есігін суреттейді. Бұл еңбектерде қола
тоқпақшалар туралы мәлімет бар. Диваев Әубәкір Ахметжанұлы, Ахмеров Павел (Шабхаз-
Гирей) Николаевич, т.б. ғалымдардың Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жазба
материалдарды зерттеудегі еңбегі атап өтерлік. Қабірхана есігі алқаларының ортасында
орналасқан балғалары (тоқпақшасы) жайлы Б.Т. Тұяқбаеваның еңбегінде келтірілген, онда
бұл балғалардың (тоқпақшалардың) қандай болғанын сәулетші А. Гуржиенконың
қарындашпен салған (1905 ж.) суретінен ғана білуге болатыны туралы жазады және
сипаттамасы берілген. Сипаттамадан берілген балғалардың тұрпаты негізгі есіктегі алқаларға
ұқсап келген, ортасы өрнектелген, жиектеріне Құран сүрелері жазылған зат екенін, бірақ
көлемі кішірек болғанын байқаймыз. Соңғы деректер бойынша аталмыш балғалар 1959
жылы жоғалған. Бұл балғалардың топсаларымен (шарнир) қоса жұлып алынғандығын байқау
қиын емес [14, 200-б.].
Дегенмен, Орта Шығыс және Таяу Шығыс елдерінің өнері және мәдениеті саласы
бойынша әлемге танымал маман, Мемлекеттік Эрмитажда 60 жыл қызмет жасаған Иванов
Анатолий Алексеевичтің 1995 жылы жариялаған «Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана
есігінің тоқпақшалары» (О молотках на дверях усыпальницы мавзолея Ходжа Ахмеда Ясави)
атты мақаласы біз зерттеп отырған мәселеде бірден-бір жазылған мақала болып есептеледі.
Эрмитаж қызметкерінің Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі құнды жәдігерлерге деген
қызығушылығы 1959 жылдан басталып, тайқазан, шырағдандар, кесене есіктерінің
тұтқалары, т.б. заттардағы жазуларды, мәтіндерді, өзге де қырларын зерттеген. Мақала
авторы Эрмитаждың Шығыс бөлімінде қызмет еткен В.И. Кесаевтың соғыс қарсаңында Орта
Азияға сапары барысында түсірілген тоқпақша суреттерінің төрт негативін бөлімнің
фототекасынан кездейсоқ тауып алғандығын жазады. Негативтен шығарылған суреттерде
тоқпақша жазуларының анық көрінетіндігін атай келе, төрт суреттен есік тоқпақшаларының
екі жақ бетінде де жазбалардың бар екендігін жазады. Әдетте көрінетін оң беті ғана
безендірілетінін еске алсақ, бұл шынында да ерекше жағдай. Кесененің үлкен қақпа
есігіндегі тоқпақшаның бір беті ғана безендендірілген. Тоқпақшада бейнеленген барыстың
бірінде айдарлы, екеншісінде айдарсыз болуымен де бір-бірін қайталамайтындығын көреміз.
А. Иванов өз зерттеуінде В.И. Кесаевтың суреті мен
А. Гуржиенконың сызбасын салыстырып, А. Гуржиенко
бір тоқпақшаны ғана, оның екі бетінің суретін салғанына
көз жеткізген. Тоқпақшалардағы жазулардың бірінде оң
жағынан, екіншісінде сол жағынан бастап жазылғандығын
көргеннен соң осындай пікірге келген [12, 106-б.]. Қола
пластина бетіндегі тоқылдақшадағы жазулар үш бөліктен
тұрады [15].
Жоғалған тоқпақшалардың суреттеріндегі жалпы
сипаттамалармен А. Ивановтың мақаласы арқылы толық
танысуға болады. Мақала авторы тоқпақшаның екі
бетіндегі
жазуларды
салыстыра
отырып,
кесене
порталындағы қақпа есік тоқпақшаларының жазу
мәтінімен бір екендігіне мән берген. Дегенмен ұстаның
қолтаңбасында ас-Саки емес, Исфахани деп жазылғанына
ерекше тоқталады. Тоқпақшаның оң бетінде Са'дидің
«Гүлстан» өлеңінен үзінді жазылғандығын, екінші бетінде
екі қатар шумақ және ұстаның есімі «Исфахани Тадж ад-
дин ұстаның ұлы Изз ад-дин жасады. 797 жыл» (1394–
95 жж.), – деп жазылған [12, 107-б.].