ISSN-p 2306-7365
ISSN-e 2664-0686
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
, №3 (121), 2021
168
Есіктің алқаларындағы (тоқпақшаларындағы) оң беттегі жазу. Қазақ тіліндегі
аударамасы:
Біздің мақсат артқа өрнек қалдырсақ,
Жаралыстың баяны жоқ аңдасақ,
Ақ жүректі адам ұлы кез болса,
Еске алып, дұға қылсын, біз бейбақ.
Са’дидің «Гүлстан» өлеңінің бұл шумақтары екі есіктің де тоқпақшаларында ғана емес,
шырағдандарда да жазылуы назар аудартады.
Тоқпақшаның екінші бетіндегі жазудың аудармасы:
Бұл есік достар үшін ашық және кең, әрқашан берекелі болсын,
Жаулар үшін тар және жабық болсын!
Ғарып құл ’Изз ад-дин ибн Тадж ад-дин Исфахани жасады. 780/1378–79 (немесе
751/1350–51) жылы [8, 157-б.].
Біз тоқпақшалардағы жазу аудармасына 2013 жылы «Эффект» ЖШС» баспасынан
жарық көрген «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі» кітабындағы Ә.Қ. Муминов пен
С. Моллақанағатұлының аудармаларын қолдандық. Еңбек авторлары альбом-кітапта
қабірхана есігінің тоқпақшаларының суретін бермегенімен, араб әрпімен берілген мәтіннің
А. Ивановтың 1981 жылы шыққан мақаласы [16, 78-б.] бойынша беріліп отырғандығын
жазады. Сол себепті 780/1378–79 жыл деп көрсетілген жыл көрсеткішті алдын ала абжад
есебімен яғни, араб тілінде әріптерді сандық белгілермен сәйкестендіріп шығарылған
А.А. Иванов бойынша берген. Осы мақалаға сілтеме жасаған Б.Т. Тұяқбаева «Сызбадағы не
хальканың өзінде екінші парсы өлеңінің «жабылсын» сөзінің алдында «ба» әрпін оқымай
жіберіп алуынан туындаған, сол себепті уақытты абжад бойынша – 780 хижра жылы (1378–
1379 жж.)», – деп жазған дейді [10, 34-б.]. 1995 жылы жазған мақаласында А.А. Иванов,
есіктің екі тоқпашасындағы жазуларды салыстыра отырып, бірінші тоқпақшада «...жылы
көрсетілген тұсының суретке анық шықпағанын және «жыл» сөзінен кейін өте аз орын»
екенін жазады. Ал, екінші тоқпақшада ұста аты мен «797 жыл» сөзін оқып, одан кейінгі
белгілердің анық оқылмайтынын және «бад» (болсын) сөзінің сыймай қалғандығын жазады
[12, 107-б.]. Яғни, А.А. Иванов «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі қабірхана есіктеріндегі
тоқпақшалар» атты кейінгі мақаласында өзінің алғашқы қателіктерін түзеуге мән бергенін
және жылдарды дұрыс көрсеткенін көреміз.
«Қожа Ахмет Ясауи кесенесі» кітабының авторлары аудармаға берген түсініктемесінде
«Біз қазандық қақпасының алқаларындағы (тоқпақшаларындағы) жазуға сүйеніп, ұстаның
ныспысын «Исфахани» емес «Иссаги» деп оқуды ұсынамыз. Бұл Ясы қаласының атауын
«Иси» деп жазудың бір формасын көрсетеді», – деп жазады [8, 197-б.]. Ал, Анатолий
Алексеевич ұста ныспысының «Исфахани» екенін, екінші тоқпақшада шамалы өзгешелеу
жазылғанымен «Исфахани» жазуының нұсқасы ретінде қабылдайды. Ал, «ас-Саки»
нұсқасына түсініктеме бере алмайтындығын жазады [8, 108-б.]. Изз ад-динді ирандық шебер
деген пікірде қалуды қалайды.
Изз ад-дин ибн Тадж ад-диннің есік тоқпақшаларын жасаған ұста екендігі, бұл
жәдігерлердің Түркістан қаласында жасалғандығы және көрсетілген уақыттың дұрыстығы
талас тудырмайтын мәселелер. Ұста есімінің тоқпақшалардағы ою-өрнекке үйлесіп, күміспен
көмкерілгеніне қарай отырып, осындай қорытынды жасалған.
Қақпа есік тоқпақшалары жүрек пішіндес болып келіп, өсімдік тектес, қошқармүйіз
оюлардан бөлек құс, барыс, балық сияқты хайуанаттар бейнеленген. Тоқпақшалардағы
барыстардың бірі айдарлы, көздері ашық болса, екіншісі көздері жұмулы айдарсыз. Екі
тоқпақшаны қаққанда дыбыс жиілігі әралуан, екі түрлі дыбыс шығарады екен. Жоғалған
қабірхана есігінің тоқпақшаларының да өзіндік құпия, ерекшеліктері болғаны анық. Иванов
ғажап жәдігерлер-тоқпақшалардың ұрланғанына 36 жыл болғанда жазылған мақаласында
«...оларды жойып жібермегеніне, күндердің бір күнінде қайта табылатындығына сенейік»,
|