Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат Адамзат өзінің тарихи эволюциялық даму барысында мəжбүрлеудің тек екі балама жүйесін қалыптастырды. Біріншісі — адам еркіне əкімшілік ықпал ету жəне екіншісі — өндірушінің құқықтық еркіндігіне кепілдік бере отырып экономикалық мəжбүрлеу жүйесі. Олардың қатар өмір сүруі іс жүзінде мүмкін емес, өйткені əкімшілік жүйе мəжбүрлеудің экономикалық мүддесінің əсерін əлсіретіп шектейді, жəне керісінше оған экономикалық құралдарды енгізу əкімшілік жүйені билігіне нұқсан келтіреді.
Жаңа экономикалық саясаттың аясында қабылданған міндеттердің ішіндегі ең маңыздысы – азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы шешім болды. Азық-түлік салғырты кезінде шаруа қожалықтары өндірілген өнімнің өзін қамтамасыз етуге қажетті үлесінен артығын мемлекетке тапсыруға міндетті еді.
Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС).РКП(б)- ның 10 съезінде 1921 жылы наурыз айында Жаңа экономикалық саясат қабылданды,яғни «Әскери коммунизм» саясатынан осы ЖЭС-қа көшуді жөн көрді.ЖЭС - Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет болып табылады.
• Жаңа экономикалық саясаттың белгілері:
- Азық-түлік салығының енгізілуі.
- Сауда еркіндігі.
- Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру.
- Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту.
- Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру.
- Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.
Жаңа экономикалық саясаттың мәні-салғыртты салықпен ауыстыру болды.
Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия
конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады. Жаңа
экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды
ЖЭС кезіндегі өнеркәсіптегі өзгерістер:
Экономиканы дамыту үшін ең алдымен ірі өнеркәсіпті қалпына келтіру және қайта құру қажет болды.
1. Кәсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді.
•Бірінші дәрежелі кәсіпорындар «Одақтық маңызы бар» тресттерге біріктірілді.
•Екінші дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік трестерге біріктірілді.
2. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға берілді.
3. Өнеркәсіп, темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті.