Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орнын сипаттаңыз



бет42/47
Дата03.04.2023
өлшемі150,75 Kb.
#78842
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары

55. Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орнын сипаттаңыз
Егемендiк алған соң Қазақстан республикасы тәуелсiз мемлекет ретiнде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы наурыздың 3 күнi Қазақстан Бiрiккен ұлттар ұйымына мүше болды, сондай-ақ республика халықаралық валюта фонды, халықаралық қайта құру және даму банкi, халықарылық банк, дүниежүзiлiк денсаулық ұйымы және тағы басқа көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болды. Тәуелсiз Қазақстанды бүгiнгi таңда 113 мемлекет мойындады, олардың 105 мен елшiлiктер, өкiлеттiктер дәрежесiнде дипломатиялық қатынас орнатты. Қазақстан шет елдiң 55, шет елде Қазақстанның 30 елшiлiгi бар.
Қазақстан БҰҰ-ға мүше болып қабылдана салысымен-ақ Бас Ассамблеяның барлық жұмысына белсене қатысқан. Сессиялар қабылдаған аса маңызды мәселелер женіндегі бірнеше қарардың қосалқы авторы бола білген. БҰҰ-ның басшы органдары мен қүрылымдары сайлауын өткізуге де белсене атсалысыпты. Соның нәтижесінде еліміз бірсыпыра комитеттің мүшесі болған, сессиялардың тең төрағаларының орнына сайланған. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастыққа аса зор маңыз береді. БҰҰ Бас Ассамблеясының 52-сессиясында Семей полигоны жөніңде арнаулы қарар қабылданды, ал оның мамандандырылған ұйымдары Еуропалық экономикалық комиссия мен Азия және Тынық мүхит аймағы үшін экономикалық-әлеуметтік комиссия, Орталық Азия аймағы әлеуметгік-экономикалық жағынан дамыту жөніндегі бағдарлама болды. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бір кезде ядролық сынақтардан зардап шеккен Семей аумағын қалпына келтіру жөніңдегі шаралар туралы және бір қарар қабылдады.
Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше 2000-шы жылы Катарда өткен Ислам конференциясы ұйымының бас қосуына белсенді түрде қатысты.
Қазақстан БҰҰ-ға қабыдданған 1992 жылдан бері Біріккен Ұлтгар Ұйымының ондаған ұйымдары мен бағдарламаларына мүше немесе қатысушы болып үлгерді. Байланыс, әсіресе, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясының жұмысына қатысып, сөз сөйлегелі бері ерекше қарқынмен нығая түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет