Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


ЭКСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңыздылығына баға беріңіз



бет45/47
Дата03.04.2023
өлшемі150,75 Kb.
#78842
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары

58. ЭКСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңыздылығына баға беріңіз.

2012 жылы ЭКСПО халықаралық симпозиуымда Қазақстан өз жетістіктерін көрсете білді. Қазақстан экономикасы мықты дамыған және бейбітшілік мемлекет ретінде өзін танытты. 2010 жылы Қазақстан ЕЫҚҰ-ға төрағалық етуі еліміздің әлемдегі абыройы мен орнын жоғарлатты. 2012 жылы 22 қараша күні Парижде ЭКСПО штаб-квартирасында жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстанды 103 мүше қолдады.


2017 жылы жазда ЭКСПО-2017 көрмесінде Астанада барлық қатысушы мемлекеттер инновациялық, технологиялық, ғылыми және мәдени жетістіктерін көрсетті. Қазақстан ТМД кеңістігінде ЭКСПО көрмесін өткізетін ең алғашқы мемлекет болды. Бұл кездейсоқ таңдау емес. Қазақстан және оның елордасы Астананы бүкіл әлем мойындады. Қазақстан Республикасы Президентінің әлемде абыройы өте жоғары.
Біздің еліміз адамзаттың «Болашақ энергиясы» ең өзекті мәселелерінің біріне шешімдер ұсына алды. ЭКСПО-2017 көрмесіне 3 айдың ішінде 4 млн адам келіп тамашалаған. Бұл өз кезегінде Қазақстанның беделін жоғарылатты. Қазақстан энергетика саласында жаңа технологияларға қол жеткізді. Қазақстан әлемге танымал болғаны да маңызды. Елімізге жаңа инвестициялар, бүкіл әлемнің шағын және орта бизнесі тартылды. ЭКСПО-2017 келешекте бүкіләлемдік іс-шаралар өткізуге мүмкіндігі бар қуатты алаңға айналды. Көрменің өткізілуі дағдарысқа қарсы ірі жоба болғаны да маңызын арта түсіреді. ЭКСПО-2017 елімізге отандық кәсіпорындарды қолдау, жаңа жұмыс орындар ашу, мемлекеттік бюджетке қосымша кірістер әкелуге мүмкіндіктер ашты.
Көрме кешенінің жалпы аумағы – 174 гектар құрайды. Көрме алаңы 25 гектар. ЭКСПО жаңа автовокзалдан 5 шақырым, аэропорттан 2 шақырым жерде орналасқан. Ең орталық нысан - «Нұр Әлем» сфералық павильоны. Әлемдегі ең үлкен сфералық құрылыстың диаметрі 80 метр құрайды. Құрылыстың қасбеті күн энергиясын электр қуатына түрлендіретін элементтер біріктіріліп, көрме тақырыбына сәйкестендірілген. Сфераның жоғары жағында жел және су энергиясын алу технологиялық генераторлар ойластырылған. Туристер үшін Казақстан және Астана туралы арнайы сайт ашылды. Көрме аясында ғаламат шоу, театр қойылымдары, цирк өнері концерттік мәдени шаралар өткізілді.
«ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу Қазақстан үшін халықаралық деңгейде алға жылжуында үлкен қадам болды. EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Қалай дегенде де, EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Оның үстіне, әлем алдында өзіңнің даму деңгейіңді іс жүзінде дәлелдей отырып, шараны жоғары жауапкершілікпен өткізу – өте зор құрмет. Өйткені елдерді достастыру, ауызбірлікке шақыру, инфрақұрылымдарды лайықты деңгейде дамыту – жоғары дәрежеде өтетін кез келген іс-шараның мақтанышы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет