Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


Алматыдағы және республиканың басқа қалаларындағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы сабептері



бет38/47
Дата03.04.2023
өлшемі150,75 Kb.
#78842
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47
50. Алматыдағы және республиканың басқа қалаларындағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы сабептері.
Қазақ жастары 1986 жылы желтоқсанда көшеге шықты. Олар лениндiк ұлт саясатын берiк ұстауды талап еттi. Бұл қазақ жастарының қазақ халқының тәуелсiздiк үшiн күресiнiң бiр көрiнiсi едi. Бұл оқиғаға республиканың бiрiншi басшысына басқа ұлт өкiлiнiң келуi себепшi болды. Сонда да жастар ел басшысына ұлты басқа болса да Қазақстанның жағдайымен таныс адам берудi талап еттi. Жастардың бұл талабын СОКП Орталық Комитетi қазақ ұлтшылдығының көрiнiсi деп бағалады. Бейбiт шеруге шыққан жастарды әскер күшiмен қанға бояды, көптеген жастар түрмеге қамалды, сотталды.
Желтоқсанда қазақ жастары текке қан төкпедi. Желтоқсандағы қазақ жастарының әрекетi бүкiл Кеңес Одағына қозғау салды. Желтоқсан оқиғасының қазақ халқына әкелген тiкелей нәтижесi Қазақстанның тәуелсiздiгi едi.
“Қайта құрудың” алғашқы уақыттарында қоғамдық өмірдің барлық жақтарын демократияландыруға арналып ресми қарар жарияланды. Алайда Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары бұл идеяның да аңыз болып қалатынын, әкімшілік-командалық жүйе аясында жүзеге аспайтындығын ашып берді.
Бұл қайғылы жағдайға себеп болған жайттар былай өрбіп еді. 1985-4986 жылдары-ақ М.Горбачев аппараттық дәстүр жолымен Л.Брежневтің “ескі гвардиясынан” біртіндеп құтыла бастады. Олардың арасында Д.А.Қонаев та бар еді.
Қазақстан партия ұйымының бүкіл тарихында ол ұйымның бірінші хатшысы болған үшінші қазақ болатын. Д.Қонаев өмірінің соңғы күндеріне дейін (1992ж. қайтыс болды). Жүйенің адамы болып қала берді, “социалистік таңдау” мен “коммунистік идеяға” шынайы сенді. Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы ретінде Орталық саясатын өмірге енгізді. Аз ғана республика көсемдерінің арасында КОКП ОК Саяси бюросының мүшелігіне тағайындалды. Ол сонымен қатар үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алған.
Д.Қонаевтың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін жасаған еңбектерін айтпай кетуге болмайды. Кең эрудиция мен мәдениетті игерген партия қайраткерінің типін көрсете жүріп ол ғылымның, әдебиеттің, өнердің, жалпы зиялы қауымның жарқын өкілдеріне барынша қамқорлықпен қарады. Бәлкім Д.Қонаев “сауатты көсем” атағына талаптанған, басшының авторитарлық типі болды деп айтқанымыз дұрыс шығар.
Сонда да оның уақыты өтті. 1986ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы ОК Пленумында Д.Қонаев қызметінен босатылды. Қазақстанға жаңа көсем болып сол уақытқа дейін Грузия Компартиясы ОК екінші Хатшысы болып және Ульянов облысында қызмет атқарған “партия сарбазы” Г.Колбин келді.
Ешқандай хабарсыз және жариялылықсыз өткен пленум 20 мин-тан арыға созылмады. Бірақ бұл басты нәрсе емес еді. Ойша болса да республика халқы басшы алмасуын күтіп жатқан еді.
Бұл КСРО-дағы ұлттық республика басшылығына жергілікті ұлт өкіллінен шықпаған тұлға ғана емес, республикада ешқашан тұрмаған адамның қойылуының бірінші оқиғасы.
Осындай немқұрайды қараудың қазақ халқының намысына, оның ұлттық сана-сезіміне кір келтіргені, халық пен оның өкілдеріне сенімнен ашық түрде бас тартудың реніш тудырғаны түсінікті жайт.
Осы көптеген себептерге одан да тереңірек факторлар: әлеуметтік және ұлттық саясаттағы, экономикадағы сәтсіздіктер, халық пен студент жастардың назарға ілікпеуі және т.б. жайттар қосылды. Осының бәрі бір арнаға ұйысып, қуатты этникалық жаңаруға негіз болып, наразылықтың өршуіне алып келді.
17 желтоқсанда қазақ жастарының көптеген студенттері және жұмысшы топтары Алматының көшелері мен алаңдарына шықты. Толқуларды басуды Алматыға өз қызметкерлерін ғана емес, сонымен бірге әскери күшейтпелерін де шұғыл түрде аттандырған Мәскеу тікелей басқарып отырды. Олар митингіге қатысушыларды ұрып-соғып, суық су шашуы арқылы қуды. 2400 демонстрант ұсталды, 1722 адам дене жарақатын алды. Одан кейінгі құғындаулар барысында 99 адам қылмыстық жауапқа тартылды, 309 студент оқу орындарынан шығарылды, 758 адам комсомол қатарынан босатылды және т.б.
Осылайша Кремльдегі “адал интернационал-лениншілердің” қылмыстық еркімен бір жарым миллиондық, көп ұлтты қала бір сағатта ұлтаралық бөліністердің, реніштер мен түсініспеушіліктердің, аяқ асты болу мен намыстың кірлену сезімі желтоқсандағы суық суыға батырылды.
Олардың арқасында емес, оларға қарамастан ұлтаралық әлем біртіндеп қалпына келе бастады, халықтардың даналығы, олардың кек сақтамайтындығында. Бірақ 1986ж. желтоқсан оқиғалары сонда да ұлтаралық келісім мен бейбітшіліктің кез келген гармония секілді, әлемдегі барлық асыл дүниелер секілді нәзік нәрсе екендіктерін көрсетіп берді. Сондықтан да оларды көзіміздің қарашығындай сақтау талап етілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет