Қаңлы тайпасының шығу тегі «қаңқ» деп аталған жүк арбасын ойлап табумен байланыстырылады, ол туралы көптеген аңыздар мен тарихи естеліктер бар. Әбілғазы бойынша арба Оғыз хан дәуірінде пайда болған. Ол былай деп жазады: «Оғыз хан тұсында бір керемет шебер өмір сүрген екен. Өзінің қолынан келгенше ол екі аяқты күймені /арбаны/ ойлап тапқан. Оған ұқсап өзгелер де жүкке арналған арба жасай бастаған. Арбаны «қаңқ» деп атаған /қаңқа/. Арбаны жүргізушіні «қаңқалы» деп атаған және оның ұпақтарының барлығы қаңқалылар болған»

«Қаңқ» сөзі генетикалық тұрғыдан «қаңлы» тайпасының атауымен байланысты, олардың ежелгі орталығы Қаңқа қаласы болған (Кангка, Кангха), оның қираған орны Әнгрен өзенінің төменгі ағысында жатыр. Ирандық дереккөздерге сәйкес, Қаңқа Сырдария өзенінің орта ағысында орналасқан. Қытай деректеріндегі Чжан Цяннің хабары бойынша қаңлы тайпалары халқының жалпы саны - 600 мың, жауынгер жасақтарының саны - 120 мың адам. Орталығы Сыр-дария өзенінің бойында орналасқан Битянь қаласы.