Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі



бет2/5
Дата14.10.2023
өлшемі1,28 Mb.
#114702
1   2   3   4   5
Байланысты:
Слайд тарих 2такырып

Қазақстан жеріндегі тас құралдар туралы алғашқы деректер XIX ғасырдың 50-жылдарынан басталады. 1862 жылы Гурьев облысының Александров портынан пышақ тәріздес тасқұралдар табылса, ал 1883 жылы Абайдың досы Е. П. Михаэлстің тілегі бойынша Семей қаласында өлкелік музей ашылып, оның сөрелеріне 80-нен астам тас жебелер, тас найзаның ұштары,қырғыштар, пышақ тәріздес тас құралдар, тас балталар қойылады. Тастан жасалған құрал-саймандар, әсіресе, ХХ ғасырдың басында Қазақстанның әр жерінен табылып, ол туралы баспасөз беттерінде жазыла бастайды.

  • Қазақстан жеріндегі тас құралдар туралы алғашқы деректер XIX ғасырдың 50-жылдарынан басталады. 1862 жылы Гурьев облысының Александров портынан пышақ тәріздес тасқұралдар табылса, ал 1883 жылы Абайдың досы Е. П. Михаэлстің тілегі бойынша Семей қаласында өлкелік музей ашылып, оның сөрелеріне 80-нен астам тас жебелер, тас найзаның ұштары,қырғыштар, пышақ тәріздес тас құралдар, тас балталар қойылады. Тастан жасалған құрал-саймандар, әсіресе, ХХ ғасырдың басында Қазақстанның әр жерінен табылып, ол туралы баспасөз беттерінде жазыла бастайды.

Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі.

  • Энеолит. Археологиялық кезеңдерге бөлу өлшемдеріне сәйкес, адам өміріне мыс құралдар енген дәуірді энеолит деп атайды. Әдетте бұл жалпы алғанда шақпақ тас индустриясының құлдырап, тас құралдар жиынтығының кемуіне әкеп соқты. Археологиялық үлгілердің материалдық мәдениетке жататын жаңа жиынтықтары: жалпақ түпті, өрнегі бай керамика, ұсақ қылықша, тұрғын үйлер айқын көрінеді.

Қола дәуірі. Адамдардың металл қорыту iсiн меңгеруi қоғам дамуының алға басуына жол ашты. Қола дәуiрiнде (б.з.д. 2-1 мыңжылдық) адам қоғамының өндiргiш күштерiнiң дамуына мал шаруашылығы мен және егiншiлiкпен қатар әр түрлi рудаларды өндiру тас пен сүйектi ұсату аса маңызды рөл атқарды. Археологтардың қола дәуiрiнде мыс, алтын, қалайы, күмiс қорытылып одан әрi түрлi қару-жарақ, зергерлiк бұйымдар жасалды.
Қола заманында кен өндірушілер табиғи таза мыстың қоғам сұранысына жеткіліксіздіге байланысты, металды өздері қорыта бастаған. Алғаш қортылған металл таза мыс емес, қола (мыс пен қалайының) болып шыққан. Кездейсоқ қорытылып алынған қоланың сапасы мыстан артық болып шықты. Осы заманда мыс, мырыш, қорғасын қалайы сияқты түсті металдарды қорытып сараптау басталды. Сом алтын мен қорғасын өте жұмсақ және ауыр болғандықтан тұрмыста кең қолдау тапқан жоқ. Қола дәуірі 3 кезеңге бөлінеді: Федоров (б.д.д. ХVІІІ-ХVІ), орта немесе Алакөл (б.д.д. ХV-ХІІ ғ.ғ.) және соңғы немесе Замараев (б.д.д. ХІІ-VІІІ ғғ.) кезеңі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет