Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Бұл атау Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обалар атынан шыккан. Беғазы Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындары көпшілігі: обалар және жерлеу орындары ірі.
Андрондықтардан ерекшелігі: қорғандары биіктеу келген, ұсақ қиыршық- тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпатастармен бекітілген. Мәдениеттің: Қыш құмыра ернеуі тік, бүйірі шығыңқы, түбі тегіс келеді. Өрнектері: Тарақ жүзді үзік сызықты, үшбұрышты өрнектер. Бұл кезенде жеке меншік қалыптасты.
Қола дәуірінде тұрғындар рулық тайпалық құрылымында өмір сүрді.Аталық ру толық орналды.Діни-наным сенімдер қалыптасып, жоғары дін басылар абыздар пайда болды.
Адамды қабірге оң жамбасымен қырындап жатқызған.
Заттарын бірге көмген. Андрондықтар күнге, отқа табынған.
Қола дәуірінде адамдар табиғат күшіне сыйынған.