Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу



бет1/3
Дата14.10.2023
өлшемі20,5 Kb.
#114699
түріСеминар
  1   2   3
Байланысты:
1 семинар


1-семинар
Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы.Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі.
Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу :
4 үлкен кезең бар:
1.Ежелгі Қазақстан
2.Орта ғасырдағы Қазақстан
3.Жаңа замандағы Қазақстан
4.Қазіргі замандағы Қазақстан

Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы:


Тас дәуірі 3 кезеңнен тұрады:
1)Палеолит б.з.б 2 млн 600 мың жылдан – б.з.б 12 мың жыл аралығын қамтыған.
2)Мезолит б.з.б 12 мыңж. – б.з.б 5 мыңж аралығын қамтыды.
3) Неолит б.з.б 5 мыңж – б.з.б 3 мыңж аралығы.

Палеолит 2-ге: Ерте палеолит(б.з.б 2,6 млн жыл – 40 мыңж)


Кейінгі палеолит(б.з.б 40 мыңж – 12 мыңж)
Ерте палеолит 3 ке: Олдувэй кезеңі(б.з.б 2,6 млн – 800 мыңж)
Ашель кезеңі(б.з.б 800 мыңж – 140 мыңж)
Мустье кезеңі(б.з.б 140мыңж – 40 мыңж)
Хасан Алпысбаев 1958 ж қазіргі Жамбыл обл. Қаратау маңынан ерте палеолит дәуіріне жататын Бөріқазған мен Шабақты тұрақтарын тапты.Сол екі тұрақта 5000-ға жуық тас құралдар болған. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан обл. Қарасу , Арыстанды, Тәңірқазған, Қазаңғап сияқты есткерткіштер табылған.Орталық Қазақстаннан Ашель кезеңіне жататын Құдайкөл тұрағы табылды. Және Семізбұғы тұрағынан жүзі түзу,кейде қайқы тас пышақ қырғыштар табылған.Мустье кезеңіндегі ең ежелгі тұрақ – Обалысай өз. Бойындағы Ш.Уәлиханов атындағы көпқабатты тұрақ.Мұнда үшкіртас, тас сынақтар табылды.Қазақстан аумағында 20-дан астам мезолит турақтары табылған.Солтүстік Қазақстан-Мичурин,Боголюбов,Явленко.
Атбасар маңында – Тельман , Қарағанды-Әкімбек,Көкшетау – Виноградовка ,Торғай жері – Дузбай,Маңғыстауда – Қызылсу тұрақтары табылды.
Неолит дәуіріндегі тұрақтардың ең көнесі – б.з.б 5 мыңж Қараүңгір тұрағы.Шығыс Қазақстанда – Усть-Нарым, Орталық Қазақстанда Қарағанды , Зеленая Балка, Солтустік Қазақстан – Пеньки, Оңтүстік Қазақстаннан – Қараүңгір, Қарақұдык секілді тұрақтар табылды.

Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі:


Энеолит(мыс-тас) б.з.б 3-2 мыңж аралығы. Алғашқы металл өндіру. 5 мың жылбұрын адамдар мыс өндеуді үйреніп, мыстан жасалған құралдар жасала бастады. Қазақстан аумағында ең алғаш мыс игеру Орталық Қазақстан мен Шығыс Қазақстан өңірлерінде қалыптасты. Мыс-тас дәуірі қоғамында екі ірі өзгеріс орын алды: еңбек бөлінісі қалыптасып, аталық ру орнай бастады. Ен алғашқы ірі қоғамдық бөлінісі шаруашылықтың - егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөліну. Және мал бағу егіншілікке қарағанла көп өнім акелетін.
Энеолитте кайтыс болган адамды коныстың шетіндегі зиратта жалгыз жерлейтін, сонымен катар қайтыс болган адамнын бейнесін жасайтын. Энеолит ескерткіштеріне келетін болсақ : Ботай мәдениеті(б.з.б 3-2мыңж) - Солтүстік Қазақстан Жайык - Ертіс өзендері аралығы.Тұрақ 15 гектар. 158 тұрғын үй табылды. Үйлер қабырғалары жануарлар терісімен қапталған, ортасында ошақ орналасқан 70 мың жылқының сүйек қалдықтары табылды. Жылқыны алгаш колга уйреткен. Тұрақтан садак ұштары, найзалар, балталар, пышақтар, ине және біздер табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет