Кітап:
Дәріс:
Тарихи этнология
Этнология нені зерттейді? Этникалық айырмашылықты қалай зерттеу керек?
2
Мақсаты: Бұл дәрісте біз этнология пәнінің зерттеу нысанына және этникалық айырмашылықтар
мәселелеріне қалай қарау керектігін, олардың этникалық бір топқа не қабатына қатысы жоқ, немесе қандай
да бір дәуірді сипаттамайтындығын, ол тұтас бір этностың өзіндік бір ерекшелігі болып табылатындығын
ұғындыру және қалай қарау керектігін қарастырамыз.
Халықтың қандай белгілері ғасырлар бойы өзгеріссіз, қайсысы өзгермелі екендігін қалай түсінуге
болады? Ол үшін этносты статикада емес, динамикада зерттеу керек. Сондықтан этносты зерттеудің жаңа
динамикалық әдісі қажет.
Негізгі идея
1.Уақыт өте келе халықтың санасында не өзгереді және не өзгеріссіз қалады?
Алғаш рет «Тарихи этнология» 1997
жылы жарық көрді, кейінірек 2003, 2005 жж. түзетілген,
толықтырылған күйде қайта басылып шықты. Дәріс барысында біз ең алдымен этнологияның зерттеу
нысанына оның басқа да ғылымдармен байланысыне тоқталып өтеміз, онан кейін дәрістің негізгі мазмұнын
құрайтын этникалық мәдениеттің қызмет етуінің (функционирования) әртүрлі аспектілері қарастырылады.
Белгілі әлеуметтік ғылымдар тұрғысынан бұл аспектілердің көпшілігін толық ашу мүмкін емес, сондықтан
мәдениет жөніндегі кешенді ғылымдар тұрғысынан өзіндік қарастыруды талап етеді.
Енді бірінші дәріс тақырыбына көшейік.
Ең алдымен этнология нені зерттейді? Қазіргі этнологияның негізгі мәселелерін қалай тұжырымдауға
болады? Осы мәселелердің бетін ашып алайық.
Қазіргі этнологияның ең бірінші мәселелері:
• Әлемнің этникалық сипаты (картинасы) нені көрсетеді, оның
• өзгерістерінің тетігі неде;
• әлемде болып жатқан өзгерістерге
сол не басқа мәдениетті
• тасымалдаушы қалай бейімделеді,
• адам қоршаған ортаны қалай қабылдайды, олардың көзқарасынша
• әлемдегі қоршаған дүниенің
маңызы қандай;
• этникалық дәстүрлердің қозғалғыш икемділігінің шегі қандай;
• этнос мүшесінің санасында кез келген жағдайда не өзгеріссіз қалады,
• не керексіз болып қалады және ненің түрі өзгереді және қалай өзгереді;
• этникалық мәдениеттегі барлық
құрылымды ұстап тұратын
• элементтері аласапыран қоғамдық үдерістер кезеңінде құлаудан не жоғалтудан сақтап қалатын
қозғалыссыз жақтары бар ма, және т.б.
Соңғы кезеңде осы проблемалық мәселелер этнологтардың назарында ол бүгінде дамуда. Мәдени
антропология концепциясының ең жаңа сөздігінде этнология мынадай түрмен анықталады: «Бұл
салыстырмалы пән, оның мақсаты халықтар арасындағы мәдени ерекшелікті (бастапқы және физикалық)
сипаттау және бұл ерекшеліктер олардың тарихи
дамуындағы реконструкция, миграция және
өзараықпалдастық арқылы екендігін түсіндіру». Сонымен, этнология нені зерттейді деп есептелінеді:
• халықтардың материалдық мәдениетін;
• әртүрлі халықтардың әдет ғұрып,
сенім нанымдарын;
• әртүрлі халықтардың туыстық жүйесін, рулық қауым жүйесін;
• халықтардың әлеуметтік және саяси құрылымын (отбасылық қатынастарын, билік қатынастарын
және т.б. );
• әртүрлі халықтарға тән мінез құлық, тәрбие жүйесін, психологиялық
• ерекшелігін;
• бір халықтың мәдениетінің әртүрлі
компоненттерінің өзара
• байланысы мен өзара тәуелділігі;
• әртүрлі халықтардың мәдени белгілері кешенін салыстыру;
• сол не басқа халықтың мәдени белгісінің динамикасын (мәдени
өзгерістерін);
3
Кітап:
Дәріс:
Тарихи этнология
Этнология нені зерттейді? Этникалық айырмашылықты қалай зерттеу керек?
Жалпы, «этнология» және «антропология» терминінің синонимдес екендігіне
яғни бір мағынада
екендігіне қарсы тұруға болады. Этнология пәндік саласы бойынша антропологияға қарағанда кеңдеу.
Этногенез, этникалық мәселелер антропологияның назарына ешуақытта түскен емес, ал, этникалық топ,
халықтардың орналасуы, демографиялық үдерістермен айналысқан зерттеушілерді антропологтар деп
атамайды. Олай болса, антропологияны этнологияның бір бөлігі деп қана қарау керек.
Бұл ұғымдардың арақатынасы тарихы жөнінде қысқаша анықтама келтірейік.
Бастапқыда ақ ХІХ
ғ. бірінші жартысында этнология өзінің пәндік саласына физикалық антропологияны енгізді. Бұл
этнологияның Париж қоғамы жарғысында көрініс тапты, онда этнологияға адамзаттың нәсілдік ерекшелігін,
ақыл ой қабілетінің физикалық құрылымы қырын және адамгершілік қағидалары, сондай ақ дәстүр тілі
мен тарихын жатқызды. ХІХ ғ. ортасынан бастап этнологияны халық жөніндегі, ал антропологияны адам
жөніндегі ғылым екендігін жақтайтын қарама қарсы бағыт пайда болады. ХІХ ғ. екінші жартысында
этнологияны антропологияның құрамдас әлеуметтік бөлігі ретінде қарастыру дәстүрі қалыптасты.