Этнология және социология Этнология және мәдениеттану. Этнос әлеуметтену мен мәдениеттің бірлігі болып табылады, сондықтан да этнология өзінің қызметінде
әлеуметтік және мәдени концепцияны пайдаланады. Әлеуметтану және мәдениеттану ұғымдарында
этникалық үдерістер көрсетілуі мүмкін. Этникалық үдерістер - дәстүр ұғымы көмегімен жиі сипатталады,
бұл жағдайда зерттеушілер үшін оның көрініс табуы мен модификациясы маңызды болып табылады.
Этнологияның ерекшелігі жалпыәлеуметтік, жалпымәдени және жалпыэкономикалық заңдылықтардан
басқа этностың қызмет ету заңдылығы ерекшелігін де есепке алады. Этнология мәдени дәстүрдің
өзгергіштігін және икемділігін қабылдайды, сондай ақ, мәдени дәстүрдің модификациясы кезінде этноста
қандай өзіндік үдеріс жүреді деген мәселе де қызықтырады. Дәстүр мен мәдени өзгерістің жалпы
теориясына өзінің жаңа ілімінің арнайы тобын толықтырады және дәстүрлілікті тереңдетеді.
Этнология әлеуметтану тәсілдірін қолданады, бірақ социология қоғам мен оның дамуындағы
басымдықты қазіргі саяси мәдениеттің құндылығын зерттеу арқылы көрсетсе, этнология әлемнің
этникалық бейнесінің қалыптасуындағы құндылық қандай роль атқарады, психологтардың көз қарасы
тұрғысынан алғанда олардың орын алмасуы жүреді ме, этностың өз ішіндегі әртүрлі топтарға тән
құндылық басымдығының арақатынасының маңызы бар ма деген мәселелерге қызығады. Сонымен
этнология дәстүрліліктің құрамдас бір бөлігі, ал дәстүрлілік-этнологияның құрамдас бір бөлігі. Этнология
құндылықты зерттеудің құрамдас бөлігіне айналады, ал құндылықты зерттеу – этнологияның құрамдас
бөлігі. Сонымен, этнология, мәдениеттану және әлеуметтану пәндерімен қиылысады, бірақ олардың
әрқайсысы бұл пәнді жаңа жағынан бір-бірінің тұжырымдамаларымен жетістіктерін байланыстыра
отырып зерттейді.
Енді этнология мен басқа да ғылымдардың арақатынасын сапалы қарастыруға көшейік, оның ішінде
саясаттану мен этнографияға тоқталсақ, бұл жағдайда этнология:
1.Басқа ғылымдарға материал бола алады, мәселен саясаттануға этнологияның қатысы бар.
2.Басқа ғылымды өзінің қорытындыларымен тұжырымдауы үшін материал ретінде қарастырады, басқа
ғылым үшін түсіндіру тетігі болып табылады.