Тарихи жаңалық болмаса да, маңызы аса жоғары



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі170,78 Kb.
#6153

ТАРИХИ ЖАҢАЛЫҚ БОЛМАСА ДА, 

МАҢЫЗЫ АСА ЖОҒАРЫ 

Қарағандының Е.А.Бөкетов атындағы Мемлекеттік университетінің 

археологтары облысың Нұра ауданына қарасты Тегісжол елді мекені 

маңында (Қарағандыдан батысқа қарата 40 шақырымдай жерде) соңғы бес 

жыл бойы қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Адамзат баласына сонау есте 

жоқ ескө дәуірлерден қоныс болған Арқаның дәл осы бір шағын ғана 

ауылының түсында біздің жыл санауымыздан екі-үш мың жыл бұрынғы 

дәуірлерге жататын Андронов мәдениетінің, Бегазы-Дәндібай мәдениетінің, 

сақ-ғұн дәуірінің, тіпті, орта ғасырлардағы түркі дәуірі мен күні кешегі 18-19 

ғасырлардағы қазақ қыстауларының орны бар. Бес жыл бойы қазба 

жұмыстары тұрақты жүргізіліп келе жатқан бұл қорым-қоныста биыл 

Ұлыбританияның Эксетер университетінің ғалымдары да тиісінше зерттеу 

жүргізді. 

— Тегісжол ауылының маңында жергілікті халық 

Темірқаш немесе Темірқас атап кеткен, бәлкім, Теміртас 

болуы да кәдік, көне қорымды біз алғаш рет 1989 жылы 

зерттей бастадық. Сол жылы университетіміздің бір 

студенті осы өңірде ескі жұрт, көне қорымдар орыны 

барын айтып келген. Алғашқы жылы Андронов мәдениеті 

ескерткішіне жататын екі қорымды, Бегазы-Дәндібай 

мәдениеті мұрасына жататын бір қорымды қазған бола-

тынбыз, - деп әңгіме тиегін ағытты ҚарМУ-дың археоло-

гия, этнология және отан тарихы кафедрасының доценті, 

белгілі археолог Виктор Васильевич Варфоломеев. - Би-

ылғы маусым да аяқталып қалды ғой. Жақын күндері 

облыс төңірегіндегі, республикалық ақпарат құралдары 

"қарағандылық археологтар Теміртау маңында қазба 

жұмыстарын жүргізіп, зерттеулер нәтижесінде Қазақ-

стан тарихын қайыра жазып шығуға әсер ететін керемет 

жаңалықтар ашыпты" деп дүрлігісіп қалды. Бірден айту-

ым керек, журналистер жаңылысып, жалған ақпарат та-

ратып жіберді. Рас, қазба жұмыстары ерекше назар ауда-

руға тұратындай. Бірақ, отандық тарихқа жаңалық 

енгізетіндей, тарихымызды қайыра жазуға мәжбүр 

ететіндей жаңалық ашылған жоқ. Қарағандының "Но-

вый вестник" газетінде, "Интерфакс" агенттігінде, "Хабар" 

агенттігінің экрандағы жүгіртпе жолында "Жылқы малы 

алғаш Сарыарқада, оның ішінде осы Теміртау-Қараған-

ды өңірінде қолға үйретіпген. Қарағандылық археолог 

Виктор Варфоломеев бастаған археологиялық қазба 

жұмыстары соны анықтап отыр" деген мазмұнда ақпа-

рат шығып кетті. Мен ондай сөзді айтқан жоқпын. Жы-

лқы малын Қазақстанда алғаш Көкшетау маңында қолға 

үйреткен деген пікір бар ғылыми айналыста. Бірақ, оған 

да күмән келтіруге болады. Украинаның далалық 

бөлігінде, Ресейдің оңтүстік бөлігі, жалпы қазақ даласы 

аса үлкен аумақты қамтып жатыр ғой. Жылқы малы осы 

алаптың бір тұсында қолға үйретілген болар. Себебі, 

далалық аймақ ежелгі кездерден-ақ жұрттың аса ты-

ғыз байланыс орнатқан, қарым-қатынасқа аса ыңғайлы 

аймақ саналған ғой, - дейді Виктор Васильевич. 

Әріптестеріміздің жаңылысуы биыл Теміртау тұсын-

дағы қазба жұмыстарына эксетерлік ғалымдардың ара-

ласуынан болса керек. Себебі, теңіз кешіп, тау асып жет-

кен ғалымдар андроновтық қәм Бегазы-Дәндібай 

мәдениеті кезеңінде жылқы түлігінің табиғи түр ретінде 

дамуын зерттей келген-тұғын. Интерфакс таратқан ақпа-

ратта "қарағандылық ғалымдардың бір тобы Эксетер 

қаласындағы лондондық университеттен келген 

әріптестерімен бірге Темірқаш қонысында зерттеулер 

үшін үлкен тарихи құндылығы бар бұйымдар тапқан" деген 

сөз тіркесі бар. Жаңалық туралы жаңа айттық. Ал "Эксе-

тер қаласындағы лондондық университеттен" деген сөз 

тіркесі оқырманды одан әрі адастыратындай... 

Лондоннан емес, Эксетер университетінен бізге 

жылқыны доместикациялау (қолға үйрету) процесін зер-

ттеуге Елена Исаева, Алан Оутрам, Брюс Брэдли атты 

профессорлармен бірге, он төрт студент тәжірибе жұмы-

старын өткеруге арнайы келді. Университет пен біздің 

оқу орны арасында археологиялық зерттеулерді бірігіп 

жүргізу туралы келісім бар. Олар биылдан соң да келіп 

тұрмақшы. Ағылшындардың сыртында қазір Санкт-Пе-

тербургтағы Археология және материалдық тарих инсти-

тутынан үлкен остеолог (архео-зоолог), профессор Алек-

сандр Каспаров атты әріптесіміз келіп, біздің қазба жұмы-

старымыздан жинақталған жануарлардың сүйектерін 

зерттеп отыр, - дейді ВВарфолмеев. 

Соңғы бес жыл мұгдарында Тегісжол ауылы маңын 

түбегейлі зерттеп келе жатқан археологтар бұл қорым 

ерекше маңызға ие деп таниды. Олар қазған қорым-қоны-

стан Андронов мәдениетінің кейінгі кезеңінің жәдігері 

саналатын бұйымдар табылған. Бірақ, бұл бұйымдар Ан-

дронов мәдениетінен уақыты жағынан кенжелеу Бега-

зы-Дәндібай мәдениеті тұсындағы бұйымдарға өте ұқсас 

екен. Андроновтық қоныстың мәдени қатпарынан (архе-

ологтар "культурный слой" деп атайды. С.С.) Бегазы-

Дәндібай ескерткіштеріне тән тас табыт-жәшіктер, көр 

түбінен қазылған қосалқы шұқанақ шұңқыр, қыш құмы-

ра сынықтары табылған. 

— Зерттеу кезінде табылған бұйымдар қазір зертха-

налық өңдеуден өткізілуде. Жуылып, тазартылып, шифр-

ланып дегендей. Бұйымдарға қарап отырып, Андронов 

мәдениеті мен Бегазы-Дәндібай мәдениеті параллель 

мезгілде дамыған деуге болатындай.Бір көңіл аудара-

тыны, осы Тегісжол маңында сонау біздің жыл санауы-

мыздан үш-төрт мың жыл бұрынғы адамзат қоныстары 

мен күні кешегі қазақ қыстауларының орны көптеп 

кездеседі. Яғни, бұл жер "атам заманнан" қоныс болған 

қазаққа. Бұл жерде андроновтық, бегазы-дәндібайлық 

қорым-қоныстармен бірге, сақ дәуірінің мұртты обасы, түркі 

кезеңінің тас қорымдары, қыстаулар қорасы орны ара-

лас-құралас кездеседі. Тұтас археологиялық кешен. 

Шіркін, қаражат бөлінсе, тамаша табиғи-археологиялық 

қорық, аспан астындағы мұражай ашуға болар еді, -

дейді археолог. 

Өкінішке қарай, Қазақстанда археологиялық ес-

керткіштер аса көп болғанымен, нақты ғылыми деңгейде 

ұйымдастырылған, ашық аспан астындағы мұражай 

кешені жоққа тән. Тек Өскемен маңындағы ескі этногра-

фиялық ауылды ғана көрсете аламыз-ау туристерге. 

Сонымен, қарағандылық археологтар биылғы маусым-

ды тәмәм қылып, алдағы шаруаларға әзірленуде. 

— Бізде атқарар шаруа жетеді. Осыдан екі жыл 

бұрын облыста "Мәдени мұра" бағдарламасына орай, 

арнайы археологиялық зерттеулер бағдарламасы құра-

стырылған. Ол бойынша қазір облыста төрт бірдей жо-

рық-зерттеу қаржыландырылады. Біздің де 

зерттеулеріміз университет, облыстық мәдениет 

департаменті, археологиялық-архитектуралық 

ескерткіштерді қорғау облыстық инспекциясы арқылы 

қаржыландырылады, - дейді Виктор Варфоломеев. 

Жаңылмайтын жақ жоқ. Әріптестеріміздің аузына 

жақсы ақпарат тегін түспеген шығар, алдағы күннен 

жарқын жаңалық күткіміз келеді... 



Серік САҒЫНТАЙ. 

Балқантау.-2006.-26 қазан.-5 б. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет