Зерттеу нысаны
Білім беру жүйесінде математиканы ашқан ғалымдарды толық зерттеу.
Зертттеу мақсаты
Білім беру ұйымдарында математиканы оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан негіздеп, қолдану әдістемесін жасау және тәжірибелік түрде дәлелдеу.
Зерттеу міндеттері
Білімді жаңғырту саласы бойынша математика негізделген. Нәтижесінде білім алушыларға математиканы оқытуда, есептер шығару барысында, ғалымдарды зерттеу барысында оқушыларға үлкен ой салу.
Математика ғылымдардың ішінде ең ерте шыққан, оның тарихи ғасырлар түкпірінде жазу мен сызу жоқ кезінде басталған. Адамзат тағылының даму дәуірінің табалдырығын аттап басқан заманда «артық», «кем», «үлкен», «кішкене» ұғымдары туған. Заттарды санаудан 1,2,3,4,5....т.с.с натурал сандарды жазуға, нәрселердің мөлшерін өзара салыстыруға, жыл мезгілдерін ажыратуға мәжбүр еткен.
Ең алғашқы сандар, яғни цифрлар б.з.д 2 мыңжылдықта пайда болған. Тарих жағынан келсек, сандардың ежелгі Вавилонда қолданғаны айқындалады. Осылай математика саласы одан әрі қарай дами түсті. Қаншама ғалымдар өз шығармаларын есеп арқылы өшпес мұра қылып қалдырған.
Тақырыпты таңдау себебім:
Жер шарында қанша қызық пән және оның ғалымдары бар, соның ішінен таңдап алған пән, бұл математика пәні. Пән ерте ғасырдан келе жатқан пән және оның қаншама атақты ғалымдары бар. Солардың математикаға қосқан үлесі мен өмірі туралы баяндап беремін.
Тақырып мақсаты:
Бүгінгі менің келіп отырған себебім, осы отырған барша халыққа математика тарихынан татымды дүниелерді тартымды қылып жеткізу, математика пәніне деген қызығушылықты арттыру;
Өзектілігі:
Қазіргі оқушылар математиканы тек мектеп бағдарламасы бойынша білім алады, ал, математиканы тереңдетіп оқуға қызығушылығы төмендеп барады. Сондықтан да, сол қызығушылықты оятып және дамыту үшін «Математика ғылымының шығу тегі және ғалымдары» атты ғылыми жобаны таңдап отырмын.
Математика грек тілінен аударғанда “матема”- “білім, ғылым” деген мағыналы сөзден қалыптасқан. Сына және иероглиф жазбалардың анықтауына қарағанда математикалық ғылымның таралған аймақтары Ежелгі мысыр (Египет), Вавилон (Бабыл) батыс Азиядағы Қосөзеннің (Месопатамияның) орта және төменгі ағысындағы аймақ (қазіргі Ирак мемлекетінің аумағы), соңынан Ежелгі Грекияда ерекше дамыған. Гректердің теориялық ғылымының негізі – Мысыр және Бабыл елдерінде жинақталған ғылым-білім бастамалары мен дәстүрлері Гректер сандарды таңбалау үшін цифлар қолданбай, әріптерді қолданды. Мәселен, былай:
Достарыңызбен бөлісу: |