«Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы» атты Жалпы білім беретін мектептер арасында өтетін республикалық байқаудың Ережесі


Байқауға қатысушылардың материалдары келесіні қамтиды



бет2/4
Дата05.10.2022
өлшемі28,05 Kb.
#41487
1   2   3   4
5. Байқауға қатысушылардың материалдары келесіні қамтиды:
- Қатысушының отбасы/ тегінің тарихы, шығу тегі туралы Портфолио;
- Үй тапсырмасы «Менің ата – бабаларым-менің батырларым!»;
- Байқауға қатысушының шығармашылық презентациясы.
5.1. Конкурсқа қатысушының портфолиясы мыналарды қамтиды:
- А3 форматында жасалған сурет түріндегі Презентация;
- өмірбаянында «Тарихи шежірем . Менің тегімнің тарихы» тақырыбына байланысты ата-бабаларымен, оның кейінгі ұрпақтары сурет түрінде (атасы-ұлы-немересі)кландық тізбекті көрсетіледі;
- презентацияда туыстарының фотосуреттері және олардың сипаттамасын жасауға рұқсат етіледі.
5.2. Үй тапсырмасы «Менің ата – бабаларым - менің батырларым!»:
- Презентация (альбом түрінде) қағаз тасығышта А4 форматта, 10 бетке дейін ұсынылады;
- Презентацияда болашақ ұрпақ үшін, үлгі бола алатын отбасының/рудың жарқын өкілі туралы бір оқиға сипатталуы керек;
- Үй тапсырмасы, байқау қатысушыларына, өз руын, тарихын бөлісу арқылы патриотизм рухын нығайтып , мотивация болуы үшін арналған.
Презентациялау кезінде отбасының /туған жеріне, қоғамға қосқан үлесі туралы жетістіктерін, жазбаларын немесе туыстарының кітаптағы фотосуреттерінің көшірмесін қоса беруге рұқсат.
5.3. Қолдау мақсатында, бес адамнан тұратын туыстарын тартуға болады . Конкурс қатысушысы өз шығармашылық бейнепрезентациясын 3 минутқа дейін таныстыруға рұқсат етіледі. Қойылымда кез-келген техникалық құралдар, театрлық және костюмдік элементтер қолдана отырып сүйемелденуі мүмкін.
5.4. Байқауды кәсіби медиаторлар, коучтер, ЖОО оқытушылар арасынан қазылар алқасы тағайындалып бағалайтын болады. Қазылар алқасы мүшелерінің талқылау нәтижесінде жүлдегер анықталады. Грамотамен және бағалы сыйлықпен марапатталады. Барлық қатысушылар байқауға қатысқаны үшін грамоталарменде марапатталады.


6. Қазылар алқасы және конкурстың есеп комиссиясы
6.1. Конкурстық тапсырмаларды бағалауды қазылар алқасы (бұдан әрі — қазылар алқасы) өткізеді. Қазылар алқасының құрамына қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының тарих факультеттерінің оқытушылары және өнер саласының қайраткерлері кіреді.
6.2. Қазылар алқасы әр қатысушының, конкурстық тапсырмаларын баллмен бағалайды және бағалауды қазылар алқасының әр мүшесі дербес жүргізеді. Әрбір конкурстық тапсырмадан кейін, қазылар алқасының мүшелері өз балдарын қойып,конкурсқа әр қатысушының орташа балын жинақтайды;
6.3. Қазылар алқасы өз хаттамаларын толтырып, есеп комиссиясына өткізеді. Есеп комиссиясы қазылар алқасының қойған балдарын есептеп әрбір конкурстық тапсырманы қорытындылайды. Бұл хаттамада орташа балл есептеледі.
6.4. Ең көп балл жинаған қатысушы жүлдегер (бұдан әрі - Жүлдегер) деп жарияланып грамотамен және бағалы сыйлықпен марапатталады. Барлық қатысушыларды байқауға қатысқаны үшін марапаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет