лып, дастархан мәзірі даярланады. Бұл
ұсынған. Осы қазақы тартулардың зіндік
семантикалық мәні бар. Айталық, айна –
налады. Ал бұл салт тарихта қазіргі қоғамда
Ғашықтар күні екенін айғақтайды. Яғни,
4
4
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
№1 (90)
22 наурыз,
2012 жыл
С А У А Л Н А М А
– Қоян жылы еліміз үшін есте қалар оқиға – тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын жыл
бойы ірі іс-шаралармен атап өтумен есте қалды.
Менің жеке басым үшін де Қоян жылы жаман болған жоқ, өткен жылға өкпем
жоқ. Мен Қыздар педагогикалық университетіне бірінші проректор қызметіне
келдім, әрине, бұрынғы жұмыс орнымды әлі де қимаймын, ең беделді де мықты
университеттегі қызметім де өте жауапты еді. Бірақ жоғарғы басшылық сенім ар-
тып мына жаңа жұмысқа жіберді. Бұл маған үлкен сенім арқалатып отыр. Қыздар
университетіндегі білім беру сапасын әлемдік деңгейге жеткізу үшін алдымызға
үлкен мақсат қойдық, сондықтан сол деңгейде көріну де абырой деп санаймын.
Сонымен қатар мені қуантқан нәрсе, көп жылғы білім саласындағы еңбегім
ескеріліп, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы тұсында Елбасының жарлығымен
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» деген атақ алдым.
– 2011 жыл еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толды. 20 жыл ішінде елімізде
көптеген жаңалықтар, жақсылықтар болып жатыр. Қазақстандағы білім беру да-
мып, жаңа мектептер, көптеген оқу орындары жөндеуден өткізіліп, жаңарып, жас
жеткіншектерге білім алуда жақсы жағдайлар жасалуда.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жас жеткіншектердің жақсы өсіп
тәрбиеленуіне, жақсы білім алуына үлкен қамқорлық жасап, халқының болашағын
ойлап, оқу-тәрбие мәселесін бірінші орынға қойып, жағдай жасауда. Өзінің әр
жылдағы халыққа Жолдауында білімді дамытуды әр адам түсіну керектігін талап етеді.
20 жылда елімізде тек мектеп қана дамымай, жоғары білім беретін оқу орындары
көбейіп, жақсы табыстарға жетуде. Кейінгі жылдарда Астана қаласында Назарбаев
университетінің ашылуының өзі еліміздің үлкен жетістікке жеткенін көрсетеді. 20 жыл
ішінде халқымыздың әрбір азаматы жақсы еңбек етіп, оқып, үлкен табыстарға жетті.
Еліміздің ғалымдары көбейді. Мысалы, 1991-2011 жылдары 4 шәкіртім педагогика
ғылымдарының докторы, 20-сы педагогика ғылымдарының кандидаты атағына ие
болды. 32 зерттеушіге оппонент болып, 20 докторлық, 12 кандидаттық диссертация
бекітіліп, ізденушілерім еліміздің және ТМД елдерінің жоғарғы оқу орындарында
қызмет етуде. Кейінгі 20 жыл ішінде 100-ден астам ізденушіге қорғау үшін диссерта-
цияларын талқылап пікір бердім. 200-ден астам еңбегім жарық көрді. Қоян жылы
осы жетістіктермен есте қалды. Елімізге тыныштық, халқымызға, әсіресе , өсіп келе
жатқан жас буынға бақытты өмір тілеймін.
– Уақыт өз ағымымен өтіп жатыр. Енді міне,
Қоян жылымен қош айтысып, есігімізден шығарып
салдық. Адамзат баласы күніне өз-өзіне «бүгін мен
не істедім?» деген сұрақ қойып, оған жа уап беруі
керек. Ал, бір күн емес, апта емес, ай емес, аттай бір жылды өткеріп
отырғанда, «Қоян жылы несімен есте қалды» деген заңды сауал туын-
дайды.
Дәл осы аппақ адалдықты, зырлауық жылдамдықты дәріптейтін
қоянның жылында мен елордамыз Астанадан алып шаһар Алматыға
қызмет бабымен ауысып келдім. Мұнда қыздарымыздың киелі қара
шаңырағы – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры
қызметіне тағайындалдым.
Сол уақыттан бастап түрлі мәдени іс-шаралар мен «Тәуелсіздікке –
20 жыл» аясында едәуір жұмыстар атқарылды. Мәселен, 2011 жылдың
18-қарашасында Ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі
проректорға қарасты Кіші ғылым академиясы Тәуелсіздікпен түйдей
құрдас студенттердің арасында «Мен – Тәуелсіздік құрдасымын»
деген білім сайысын өткізуге ұйытқы болды. 7-желтоқсанда «Қазақ
мекте бінің даму мәселелері» зертханасының ұйымдастыруымен
«12 жылдық оқыту моделіне көшу – білім беру жүйесін әлемдік
стандарттарға сәйкестендіру» атты дөңгелек үстел сұхбаты болып
өтті. 8-желтоқсанда «Құрышжанов оқулары» атты Қазақ тіл білімі
кафедрасы ұйымдастырған ғылыми-тәжірибелік конференция бо-
лып өтті. 10-желтоқсанда «Алашшыл жас» атты Қазақ әдебиеті ка-
федрасы «Ізденіс» үйірмесінің студенттері ұйымдастырған ғылыми-
танымдық журналының тұсаукесері өткізілді. 12-желтоқсанда Түркия
Нигде университеті ғалымдарының қатысуымен «Түбі бір түркіміз»
фестивалінің куәгері болдық.
17-ақпан күні «Тәуелсіздік және әдебиеттану ғылымының теориялық
мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, ал
25-ақпан күні ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы халыққа
Жолдауына орай ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасындағы
әлеуметтік-психологиялық қызметтің өзекті мәселелері» атты
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болды.
Thomson Reuters және SpringerLink мәліметтер базасын тегін қолдану
туралы жасалған келісімшарт негізінде 29-ақпан күні Thomson Reuters
бағдарламасы жүйесінде жасалған тренингке қатысып біліктілікті арт-
тыру жағынан ұлт игілігіне қызмет етуде қажеттілікті игердік.
Осы уақыт аралығында жоғарыдағыдай жетістіктердің көшбасында
жүрдік деп қуана айта аламыз. Алда алар асуларымыз одан да биік бо-
лады деп үміттенемін.
– Әрине, әр адам бірінші халқының,
жерінің, елінің, отбасы мен жақындарының
амандығын тілейді. Бұл күні, күн мен түннің
теңелген қасиетті күнінде адамдар бір-біріне
тек жақсылық тілейді, алдағы уақыттан үлкен
үміт күтеді. Алдағы Ұлу жылы осы киелі
шаңырақтың өсіп-өркендеуіне өз үлесімді қоссам деген
ниеттемін. Университет ректорының басшылығымен алда
450 орындық жатақхана салу, медициналық пункті кеңейту,
мұражайды жаңадан жабдықтау, кітапхананы күрделі
жөндеуден өткізу сынды үлкен жұмыстар тұр. Университетке
қарасты «Қарлығаш» қонақүйін жаңалап, ол жердегі студент-
тер үшін оқу-өндірістік кешенді жандандырмақпыз. Жақында
ғана заманауи талаптарға сай 4 химия лабораториясын
ашқанымызды білесіздер.
Ұлу жылынан үміт көп. Бейбітшілік, ұлтаралық татулықты
тілеймін. Халқымыз аман, университетіміздің абыройы арта
берсін. Студенттеріміз тәрбиелі, ұлтжанды, елін, жерін сүйетін,
білімді болсын. Мемлекетіміздің даңқы өсе берсін демекпін.
– Өткен жылы тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойын дүркіретіп атап өттік. Бұл
Қоян жылындағы басты оқиғалардың негізгісі екені даусыз. Өйткені, біз осы жылдар-
да әлемдік деңгейде мойындалған, тұтастығы өзге елдерге үлгі боларлық, күштімен
терезесі тең, дамыған елдермен әріптес ретінде айқын таныла алдық. Бұл өреге жетуімізге
өткен жиырмажылдықтың бергені мол болды. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына Қазақ
мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті де барынша өз үлесін қосты. Өткізілген
шаралар арқылы тәлімгерлеріміз тәрбиелік талғамы мен ғылыми әлеуетінің жоғары
екендігін көрсете білді.
Мұндай жетістіктер мұнымен тоқтап қалмайды деп ойлаймын, яғни келе жатқан Ұлу
жылында да даму деңгейіміз асқақтай түсері анық. Себебі жаңа жылдан үміт күтпейтін
адам кемде-кем шығар. Ұлу суда өсетіндіктен, халқымыз бұл жылы астық, шөп мол бола-
ды деп, оны жайлы, жұмсақ жыл ретінде санайды. Менің де алдағы жылдан күтерім көп,
жүзеге асыратын жоспарларым жетерлік.
Университет әлемдік білім беру кеңістігінен тұрақты орын алып, Халықаралық аккре-
дитациядан өтіп, еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орындары сапынан көрінсе екен деп
тілеймін. Яғни келер жыл қолға алған бастамаларымыз жүзеге асып, білім ордамыз даму
көкжиегі қатарынан табылады дегенге үмітім мол.
Университет оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттеріміздің рухани әлеуеті
артып, материалдық жағдайлары дұрысталып, тілеген армандары орындалсын деген
тілек айтамын.Ұлу жылы қамбамыз астыққа толып, молшылық болсын. Ұлу жылы – қазақ
үшін ұлы жыл болғай!
– Өткен жыл өзінің жақсы
жаңалықтарымен тарихта қалатыны
анық. Ал алдымызда келе жатқан
Ұлу жылынан біздің күтеріміз мол.
Қазақтың сабырлы да салиқалы,
асықпай, аптықпай, алдын болжал-
дап адымдайтын табиғатымен сәйкес келетін ұлудың
үйлесімді үндестігі келер жылы ел тыныштығымен
ерекшеленетініне сенім білдіремін.
Елбасы биылғы Жолдауында адам капиталын артты-
ру бағытында білім ошақтарының алдына үлкен міндет
жүктеді. Осы орайда, алдағы уақытта адам капиталын
арттыруда университетімізде оқу бағдарламаларын
жаңа сапалық деңгейге көтеріп, студенттерді ада-
ми тұрғыдан тәрбиелеуде маңызы терең жобалар-
ды жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етпекпіз.
«Тәрбиесіз берілген білім қауіпті» деп әл-Фараби ба-
бамыз айшықтағандай, біз біліммен қатар, ел ертеңін
ойлайтын мықты маман, кадрларды даярлауды барын-
ша жолға қоймақпыз. Осы тұста ұстаздардың алдында
да биік межеге көтерілу, үзбей іздену міндеті тұрғанын
айта кетуіміз керек. Жаңа сападағы оқулықтар, оқу-
құралдарын, оқу-әдістемелік кешендерді дайындау ісі
де көп тер төгуді қажет етеді. Келе жатқан жаңа жылы-
мызда осы бағытта да өнімді, жүйелі жұмыс істейміз
деп ойлаймын.
Университетіміз Қоян жылы айтарлықтай
нәтижелерге қол жеткізді. Енді осы шыққан биігімізге
табан тірей отырып келе жатқан жаңа жылымызда да
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
биік белестерге қол жеткізетіндігіне сенімім кәміл.
ҚОЯН ЖЫЛЫ
НЕСІМЕН ЕСТЕ
ҚАЛДЫ?
--
да
а
ын
ты
та
н,
Нұржамал
АЛДАБЕК,
Бірінші
проректор:
Алма РЫСҚАЛИЕВА,
Ғылым және халықаралық байланыстар
жөніндегі проректор:
Зәуреш САБЫРОВА,
Тәрбие ісі жөніндегі проректор:
Асылбек БӨКЕБАЕВ,
Әлеуметтік шаруашылық проректоры:
Назира
СӘНДІБАЕВА,
Ғылым және
халықаралық
байланыстар
басқармасының
бастығы:
Күләш
ҚҰНАНТАЙҚЫЗЫ,
академик:
ҚОЯН ЖЫЛЫ
НЕСІМЕН ЕСТЕ
ҚАЛДЫ?
ҰЛУ
ЖЫЛЫНАН
НЕ КҮТЕСІЗ?
ҰЛУ
ЖЫЛЫНАН
НЕ КҮТЕСІЗ?
5
5
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
№1 (90)
22 наурыз,
2012 жыл
Н А У Р Ы З К Ө Ж Е
Наурыз мейрамының Күнтізбелік
жаңа жылдан маңызын қалай арттыруға
болады?
Сапар ИСАЕВ,
физика-математика
факультетінің деканы
– Наурыз – Ұлыстың ұлы күні, бір-
ліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің,
ізгіліктің мерекесі. Бұл күні жақсы тілек
тілеу, кешірім жасау, табысу сияқты
адамгершілік қасиеттер көрініс та-
уып, өзіне тән ерек шелігімен, болмыс-
бояуымен тойланады. Біз және шығыс
халықтары бұл күнді Жаңа жыл деп
есептейміз. Дәл осы күні көңілді ойын-
сауықтар өткізіледі. Қазақтың қазақ
болғалы өзіне арналған сыбағасына ти-
ген бірден-бір мейрам – осы Наурыз!
Ал түрлі әшекейлермен безендіріліп, от-
шашулармен көмкерілген Күнтізбелік
жаңа жылдың көлеңкесінде Наурыз
мейрамының қалып қоюы, әрине көңіл
қуантпайды.
Тәуелсіздік алған жиырма жылдың
ішінде Наурыз мерекесі үзбей тойла-
нып келе жатқанымен шырқау шыңына
жетті деп айтуға әзірге ертерек. Оны
Күнтізбелік жаңа жылдай етіп өткізу, тіпті
одан артығырақ аталуы үшін әлі де болса
толағай еңбектер істелуі тиіс. Наурыздың
маңызын, оның артықшылығын халық
арасында насихаттау өз алдына, оны дәл
Күнтізбелік жаңа жылдай «отбасылық ме-
реке» деп қабылдаған дұрыс. Әрбір жанұя
өз шаңырағында мол дастарқан жа йып,
мерекелік ас наурыз көжені ұсынып, үл-
кендер ақ батасын берісіп, бір-біріне ақ
тілегін арнап, шат-шадыман көңілмен
өткізсе нұр үстіне нұр болар еді. Ал осы күні
орын алатын әр түрлі «Бәйге», «Көкпар»,
«Қыз қуу» сынды т.б. ұлттық ойындар
міндетті түрде болып, «ескі киімдерін тас-
тау», «бір-біріне сыйлық жасау» сияқты
ырымдар өз құнын жоймағаны абзал.
Табиғат-Ана гүл көрпеге оранып, ар
мен адалдық, ал жастарға құштарлық пен
сұлулық сыйлаған мереке бар болса, ол –
Наурыз ғой. Сондықтан да Самарқандтың
көк тасы еріп, жер бетін көгертер осынау
нұрлы Наурыздың барынша мәнін артты-
руымыз керек.
В чем отличие Наурыза от
празднования Нового года
других народов?
Б.БУТИН, декан
факультета
естествознания:
– Праздник Наурыз –
один из самых древних праздников на Земле.
Он отмечается уже более пяти тысяч лет как
праздник весны и обновления природы многи-
ми народами Передней и Средней Азии, а по
некоторым данным - и у восточных славян.
Исторические сведения об этом празднике
встречаются в трудах многих античных и сред-
невековых авторов. По восточному летоисчис-
лению он соответствует иранскому Новому году
(Навруз). Из поколения в поколение передавали
традиции празднования Наурыза казахи, узбе-
ки, уйгуры. Таджики называли его «Гульгардон»
или «Гульнавруз», татары - «Нардуган», а древ-
ним грекам он был известен как «Патрих», Кор-
ни праздника можно отыскать Наурыз: праздник
весны и изобилия в древних языческих обря-
дах.
Весенний праздник Наурыз отмечается
многими народами Азии и совпадает с днём
весеннего равноденствия – 22 марта. «Нау-
рыз» с древнего фарси переводится как «но-
вый день», который является началом Ново-
го Года по древнему восточному календарю.
Это праздник обновления природы, когда
всё просыпается и расцветает, а зима пере-
даёт свои права весне. Накануне праздника
необхо димо привести дом в порядок, отдать
все дол ги, помириться со всеми, с кем был
в ссоре – таких людей обязательно в Новый
Год обойдут стороной все болезни и невзгоды.
В ночь перед Наурызом вся пустая посуда в
доме наполняется молоком, ключевой водой
и продуктами в знак пожелания изобилия, до-
ждя и урожая.
Утро праздничного дня начиналось со
встречей рассвета – старинным ритуалом. На
рассвете всё население собиралось с лопатами
в условленном месте у родника для его рас-
чистки. Под руководством почтенных стариков
в этом месте сажали деревья.
До сих пор сохранились традиции празд-
нования Наурыза. Так, традиционным блюдом
в этот день является «Наурыз коже», которое
готовится из семи ингредиентов: вода, мясо,
жир, соль, мука, злаки (рис, пшеница или ку-
куруза) и молоко. Этот состав символизирует
радость, удачу, мудрость, благосостояние, здо-
ровье, рост, скорость и божественную защиту.
В Наурыз желаю здоровья, всех земных
благ.Еще большего процветания нашего наро-
да. Единства, мира всем Казахстанцам.
Наурыз мейрамының мәнін
арттыру үшін не істеуге бо-
лады?
Жамал
ӘШІРБЕКОВА,
әлеуметтік-
гуманитар-
лық факуль-
тет деканы
Наурыз – жыл басы, Ұлыстың
ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық
пен суықтың, қыс пен жаздың,
қараңғы мен жарықтың теңе летін,
жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік
әлемі қайта түлейтін Табиғат
мерекесі. Наурыз – адамдардың
қыс қыспағынан, жұт апатынан
аман қылып, малы төлдеп, аузы
аққа жаритын Шаруа мерекесі.
Наурыз – әрбір шаңыраққа шы-
рақ жағылып, «Қызыр түнін»
күтіп, жақсылық, құт-береке
ті леп, ертеңгі күнге зор үмітпен
қа
райтын Сенім мерекесі.
Наурыз – жеті дәмнен наурыз
көже жасап, адамдардың
бір-біріне дәм татқызып, дас-
тарқан басында бірге отыратын
Ынтымақ-бір лік мерекесі. Нау-
рыз – жыл бойы өткен-кет кен
ренішті кедергісіз кешіріп, ән-
күймен, ойын-сауықпен жанды
жадыратып, сананы серпілтетін
Көңіл мерекесі. Сондықтан,
Ұлыс күні киелі жеті дәмнен жа-
салатын, тоқ шылық пен ырыс-
құттың белгісі болып та былатын
қасиетті тағам наурыз көже
дәріптеліп, ға сырлар қойнауынан
бастау ал ған ежелгі салт-дәстүр,
әдет-ғұр пымыз дың сақталуы үшін
ұлттық ас түрлерімізді көрсетіп,
ас әзірлеудің қыр-сырын білетін
жандардың арасында факуль-
тет бойынша байқаулар ұйым-
дастырып, «Атаңнан мал қал-
ғанша, тал қалсын!» деген ұран-
мен Наурыз мерекесін ағаш
отырғызудан бас таймыз. Ал
оның мәнін бұдан да арттыру
үшін халықтың эко логиялық
тәрбиесін студенттер арасында
қалыптастыру керек деп ойлай-
мын.
21 наурыз – Ғашықтар күнін
республикалық деңгейде
көтеру үшін не істеу керек?
Арайлым АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ,
тәрбие бөлімінің қызметкері:
– 21 наурыз – Ғашық тар
күнін республикалық деңгейде
көтеру үшін БАҚ-та үздіксіз жа-
риялау керек. Себебі, БАҚ – үл-
кен идеология құралы. Әсі ресе,
көгілдір экраннан арнайы бағ-
дарламалар қажет. Оқу орында-
рында қазақы бағыттағы түрлі
жобалар ұйымдастырған тиімді.
Жоба аясында ұлттық нақыштағы
сыйлықзаттар насихатталса, нұр
үстіне нұр болар еді. Аталмыш ба-
ғыттағы жобалар дәстүрлі түрде
жылма-жыл өту керек. Сонымен
қатар бұл күнді насихаттауда та-
нымал тұлғалардың ықпалы зор.
Мәселен, шоу-бизнес өкілдері
БАҚ арқылы Ғашықтар күнін
қолдайтындығын, мерекені
тойлайтындығын айтып, олар-
ды түрлі ша раларға шақы-
рып жатса, жеткілікті болмақ.
«Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат
жанынан түңілсін» демекші,
жағамызға жармасқан жат
мәдениеттің қал
дықтарын
емес, төл дүниемізді наси хат-
тағанымыз абзал.
- Салт-дәстүрімізді тек
Наурыз мерекесінде ғана
еске алатын психологияны
қалай өзгертуге болады?
Сараш
ҚОҢЫРОВА,
педагогика
және пси-
хология
факульте-
тінің
деканы:
– Біздің салт-дәстүріміз
тек Наурыз мерекесінде
ғана еске түседі деген
пікірмен толықтай келісе
алмаймын. Бүгінгі қазақтың
тойы, салт-дәстүрі заманға
сай модернизациялағаны
болмаса, атауы мен ішкі
мазмұны сақталып, жаң-
ғыра дамып келеді. Бала
туылғаннан бастап жасала-
тын салт-дәстүрлеріміз, қыз
ұзатып, келін түсіру деген-
дей...
Қазақтың ұлттық киімі
сахнада дәстүрлі өнер
өкілдерінің киімі ғана
саналған, той-жиында жап-
пай кию үрдісі, тек ұлттық
мереке Наурыздың еншісі не
тиген, тіпті әр қазақта ме-
рекелік те ұлттық киім жоқ
десеңіз, бұған басымды
қайта-қайта иземеске амал
жоқ, келісемін.
Қазақтың ұлттық киім-
дері мақтанарлық, ою-
өрнектеріміз де өте сәнді.
Өкініштісі, соны дәріптеу-
ге өзімізде ұлтжанды лық
жетіспейді. Бастаманы
зия лылар бастауы керек.
Жастар алдыңғы тол-
қынға қарап бет түзейді.
Білім мен ғылымды мә-
дениет деңгейінде мең-
герген зиялы қауым қазақ
этномәдениетін дәріп-
тейтіндей үлгі көрсетуі
керек. Өзіміз үлгі бола
алмасақ, басқалар неге
олай емес деп күйінгеннен
қан дай нәтиже болады?!
Қазақтың этномәдени
құндылықтарының өмірлік
сипат алуын насихат-
тау қажеттігі білім беру
жүйесінің мамандарына
да зор міндет жүктейді. Бі-
лім-ғылым өкілдері білім
мен тәрбиеге ұлттық маз-
мұн беру жағын басты қа-
ғида ретінде ұстануы керек.
Бұл – теориялық жағынан
ескеретін қағидат.
Наурыз мерекесінің мәрте-
бесін арттыру үшін не істеу
керек?
Гүлнұр
ӨМІРБАЕВА,
өнер және
мәдениет
факульте-
тінің
деканы:
Наурыз – ерте заман-
нан келе жатқан мейрам.
Ежелгі салт-дәстүрлеріміздің
барлық түрі Наурыз тойын-
да барынша айшықталады.
Қазіргі таңдағы оны жай
ғана тойлай салуымыз салт-
дәстүріміздің жоғалып бара
жатқандығын байқатады.
Ал расында, халқымыздың
ежелден желісі үзілмей жет-
кен көне салт-дәстүрлері мен
әдет-ғұрыптары – рухани,
мәдени және адамгершілік
дүниеміздегі бай қазы-
наларымыз. Адам баласы
шыр етіп дүниеге келген-
нен бастап жарық дүниеден
өткенге дейін сан ғасырлық
наным-сенім, таным-түсінік,
қоғамдық даму барысындағы
жинақталған салт-дәстүрлер
аясында болады. Салт-дәстүр
дегеніміз – ха лықтың рухани
өзегі, мәде ниетінің діңгегі,
тілінің тірегі.
Наурыз – ХХ ғасырдың
аяқ шенінде қайта жаңғырған
мейрам. Осы себепті оны
тойлауда орын алып жатқан
кемшіліктеріміз де жоқ емес.
Наурыз мерекесінің мәр-
тебесін арттыру үшін оның
ерекше жақтарына назар
аударып, салт-дәстүрлерді
қайта жаңғыртып және заман
талабына сай пайдалануды
жүзеге асырған абзал. Соны-
мен қатар Наурыз мерекесінің
шығу тарихына жете үңіліп,
ғасырлар бойғы сырын ұғыну
қажет. Тағы бір бағыты –
жаңа буынға гуманитарлық
пәндер аясында Наурыз
мерекесі туралы мәліметтерді
тереңірек насихаттау керек.
Ұлыстың ұлы күнінің әлі де
көптеген қыры мен сыры
ашыл ған жоқ. Болашақта
жас ғалымдар, келер ұрпақ
осы мерекенің тарихына
зерттеу жүргізіп, көптеген
еңбектер, оқулықтар жарық
көретін болса бұл да ұлық
мейрамның мәртебесін арт-
тыруда үлкен күш болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: