оның еңбегінің үнемі даму жағдайында болатын өзгермелі табиғатынан
туьшдайды. Олай дейтініміз, тарих пәнінің бағдарламасы жаңаланады, жаңа
педагогикалық идеялар мен оқу әдістері пайда болады, оқытуды
ұйымдастыру түрлері жетілдіріледі. Оқыту мен тәрбиелеу процесінде
оқушының өзгеруі, дамуы мұғалім әрекетінің мазмұны мен сипатын үнемі
өзгертіп отыруды талап етеді, оқу-тәрбие процесінде үнемі жаңа
педагогикалық міңдеттерді шешумен айналысуға итермелейді.
Бұл міндеттерді шешудің көптеген құралдарының арасынан ең
түйіндісін тақдап алу үшін тек тарих саласында білім мен дағдыларының
жеткілікті болуы, педагогика, психология және оқыту әдістемесін жетік білуі
жеткіліксіз, сонымен бірге өз қызметін шығармашылық ізденіс деңгейінде
атқара алатын қабілеттілік те қажет.
Тарихшы мұғалім әдістемелік құралды, оқыту мен тәрбиенің мақсаты
мен мазмұны, оқушылар әрекетін ұйымдастырудың әсідістері белгіленген
дайын сабақ жоспарлары мен ұсыныстарды пайдаланғанмен де оларды өз
мәселесіне бейімдеп, жаңадан ой тлегінен өткізеді. Мұның өзі
шығармашылық ізденістің көрінісі.
Мұғалім мамаңдығының ерекшелігі оның тарихты оқытуда оқу-тәрбие
міндеттерін шешуден туындаған педагогикалық тығармашылығының
мазмұнынан туындайды. Белгілі бір педагогикалық тиімділікке жетуді мақсат
етіп қойған мұғалім оқушының дербес танымдық әрекетін ұйымдастырып,
алған білімдерін қорытып, тарихи құбылыстардан қорытынды ой түйіндей
алатын дәрежеге жеткізуі тиіс.
Жұмысты жаңа бастаған тарихшы мұғалімге шығармашылық ізденіс
қиын және күрделі болады. Бұл оның нақты педагогикалық жағдайда алға
қойған мақсатына негізінен өзінің еңбегімен қол жеткізуге мәжбүр
болатындьгғьшан туындайды. Осы қиыншылықтан жалтарып, оңай жол іздеу
— шығармашылық дамуды тежейді.
Мұғалім қызметінің ең маңызды кезеңінің бірі — өзінің педагогикалық
қызметіне талдау жасап, баға беруі. Бұл әрекет педагогикалық мақсат пен
құралдың, қажетті жағдай мен мүмкіндіктің арасыңцағы қарама-
қайшылықты, өзінің қызметіңде орын алған олқылықтар мен кемшіліктерді
анықтауға мүмкіндік береді.
Өзінің тұлғалық сапаларына өзі талдау жасай алған мұғалім өзінің
педагогикалық әрекетіне түзету жасап, оған шығармашылық тәсілдер
енгізеді. Сол сияқты білімі мен біліктілігін көтеріп, қазіргі заманғы
педагогикалық және тарихи білімінің дамуы мен өскелең қоғамның
талаптарына сай тұрақты кәсіптік есуді қамтамасыз ете алады.
Достарыңызбен бөлісу: