Ғылыми-зерттеу әдістері деп зерттеудің педагогикалық бақылауды
және қалыптастырушы эксперименттің (экспериметтік сабақ) мақсаты,
міндеттері мен болжамын анықтауды айтамыз. Латын тіліндегі
"экспериментум" сөзі тәжірибе, сынақ дегенді білдіреді. Мұндай тәжірибелер
белгілі бір оқытудың факторы және жағдайының әрекеті нәтижесінде пайда
болады.
Педагогикалық бақылау - оқу процесіне ықпал жасамай, тарихты
оқыту практикасын зерттеу дегенді білдіреді. Зерттеуші тарих сабақтарына
қатысып, оны талдайды, оқушыларға сұрақ қою мен тесті өткізіп,
мұғалімдердің ашық сабақтарының хабарламаларын тексеріп, пән
бірлестіктерінің озат тәжірибені жинақтаған материалдарымен танысады.
Қалыптастырушы эксперимент тәжірибе жасаушының оқу процесіне
белсене араласуын қарастырады. Мұндай эксперименттің міндетті құрамы -
дәлелге негізделген, бірақ міндетті түрде тексеруді қажет ететін болжанған
нәтиже, болжал болмақ. Болжал мына сұлба бойынша қалыптасады: оң
нәтижеге қол жеткізуге бола ма, егер: а) мазмұнды, материалды баяндаудың
бірізділігін өзгертсе, ә) оқытудың жаңа құралдарын, материалды баяндаудың
жаңа тәсілін қолданса, б) таным әрекетін басқаша ұйымдастырса. Болжам іс
жүзінде тиісті жағдайлар мен әдістер арқылы тексеріледі. Эксперимент
жасаушы ең алдымен зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай әдістемелік
талдама жасайды, содан кейін оның тиімділігін оқыту барысында тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: