Ресейлік әдіскер-ғалым, профессор М.М.Стасюлевич 1863 жылы
оқушылардың тарихи дамуы үшін оқулықпен жұмыс жасағаннан тікелей
тарихи дерек көздерімен (құжаттармен) танысудың маңызы зор екендігін
айтқан еді. Ол осылайша түпдеректермен
жұмыс істеуге негізделген
практикалық әдіс бойынша сабақ жүргізуді ұсынады. Осы әдістемеге
негіздеп "Жазушылар мен ғалымдардың жазуыңдағы орта ғасырлар тарихы"
деп аталатын үш томдық хрестоматия жазып, жарыққа шығарды.
Ал, кейбір ғалым, әдіскерлер (М.Н.Коваленский, А.Ф.Гартвич,
Н.А.Рожков) тарихи құжаттар негізінде оқушылардың дербес жұмыс істеуіне
негізделген зертханалық сабақ өткізуді ұсынады.
Дегенмен,
көптеген
әдіскерлер
мектептегі
оқуды
бірыңғай
құжаттармен жұмыс жасауға құруды негізсіз деп есептейді. Олардың
пікірінше, тарихи құжаттарды тек негізгі білім көзі болып табылатын мұғалім
әңгімесі мен оқулыққа қосымша ретінде қолдану тиімді болмақ.
Құжаттар
оқушылардың білімін терендетіп, нақтылап, сабақтың көрнекілігін
арттырады.
Құжаттың атқаратын роліне қарай оның сабақта қолданатын орны
белгіленеді. Зертханалық әдісті қолданғанда құжатты оқып-үйрену
оқулықпен жұмыс жасаудан бұрын атқарылуы тиіс. Ал құжаттану
әдістемесін қолдаушылар оқулықтың тиісті параграфымен
танысқаннан соң
барып оқушылардың тиісті құжатпен танысқаны дұрыс деп есептейді.
Сонымен, тарихи құжаттарды қолданудың маңызы неде? Құжаттың
сыртқы түрімен танысу арқылы тарихты оқыудың көрнекілік қағидасы іске
асады. Құжат мұғалім әңгімесін жандандырады, соның негізінде жасалған
тұжырым сенімді шығады. Құжаттың маңыздылығының бір қыры - ол тарихи
материалды нақтыландырып, өткен уақыттың
жарқын бейнесі мен суретін
көз алдына келтіріп, дәуір тынысын сезуге көмектеседі. Кадырғали
Қосымұлының "Жамиғ-ат Тауарих" еңбегінің бастапқы азатжолын мысалға
келтіруге болады. Ескі құжаттар ежелгі автордың тілі, ойлау жүйесі, тұрмыс-
салт ерекшелігі туралы көрнекті безендірме береді.
Құжаттармен жұмыс барысында оқушылардың ойлау және қиялдау
процесінің белсенділігі артып, олардың тарихи
білімді игеруі және тарихи
санасының дамуы жемісті бола түседі. Оқушылардың мынадай дербес жұмыс
істеу дағдылары қалыптасады құжатты оқу, талдау және қажетті ақпаратты
теріп алу, бұрынғы және қазіргі құжаттардың маңызын бағалап, талқылау.
Оқушылар сабақ барысында құжаттардың тарих ғылымы үшін маңызын
танып, олардан бір кездері өмір сүрген адамдардың ізін аңдай алады.
Тарихи құжаттардың түрі және оларды сабаққа таңдап алудың
өлшемдері.
Тарихты оқытуда қолданылатын құжаттарды
топтастыру тәсілі
тарих ғылымында қолданылатын зерттеу тәсілімен салыстырғанда әлдеқайда
оңай. Ол құжат мәтінінің сипатына негізделеді. Ол сипат бойынша барлық
құжаттарды екі топқа топтастырамыз. Бірінші — баяндау-суреттеу
құжаттары: екінші өз кезінде практикалық маңызы болған актылық
сипаттағы құжаттар. Бұл құжаттар бірін-бірі толықтырып отырады. Ал
көркемсөз ескерткіштері құжаттардың қосымша тобын құрайды.
Актылық құжаттар
— заңдық, шаруашылық, саяси,
бағдарламалық
құжаттарды құрайды (грамоталар, заң, жарлық, келісім-шарт, статистикалық
және тергеу құжаттары, бағдарламлар, сөздер).
Баяндау-суреттеу
Достарыңызбен бөлісу: