«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата14.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#43027
түріКонспект
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
 
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 
1. Тарихтан сабақтан тыс жұмыстарға жалпы сипаттама берініз
2. Тарих пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстардың қандай түрлері бар? 
 
Тақырып№8: Тарихты оқыту барысында оқушыларды тәрбиелеу 
Дәріс мақсаты: Тарихты оқыту барысында оқушыларды тәрбиелеудің 
маңыздылығын көрсету 
 


1. Қазақстан Республикасында мектептегі тарих курсының негізгі 
тәрбиелік міндеттері
2. Мектептегі тарих курсының тәрбиелік әлеуеті
 
Тарих пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндігі өте мол. Өйткені ол бүкіл адам 
баласының ғасырлар бойы жинаған тәжірибесін баяндайды. Ал мектептегі 
тарих курсына сол тәжірибенің алдымен ең маңыздылары, құндылары, 
ізгілері алынады. Әрине мектептік тарих курстарында құнсыз тарихи 
оқиғалар да оқытылады. Мәселен, фашизм, крест жорықтары, басқа елге 
шапқыншылық жасап, бейбіт халықты қырғынға ұшыратқан соғыстар т.б. 
Бірақ мұндай құнсыз оқиғалар білім, тәрбие ретінде құнды, өйткені оларды 
оқыта отырып оқушыларды келешекте осындай келеңсіз оқиғаларды 
болдырмау үшін күресуге дайындаймыз. Тарих пәні небір тамаша тарихи 
фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды, жеке тарихи қайраткерлердің халық 
үшін жасаған қызметін баяндайды, осылардың бәрі олардың жүрегіне, 
сезіміне күшті әсер етеді, адамгершілігі жоғары, саналы азамат болып 
қалыптасуына үлес қосады. 
Қазақстан Республикасы тәуелсіз даму жолына енді ғана түсті, оның 
келешегі алда, ол да жақсы дамыған, гүлденген өркениетті елдер қатарына 
қосылады. Мұны жүзеге асыратын Қазақстанның қазіргі жас азаматтары, 
мектеп оқушылары. Қазақстанға жан-жақты білімді, осы республикадағы 
барлық халықтың тілін, тарихын, әдет-ғұрпын сыйлайтын, осы ел үшін, оның 
халықтарының бақытты келешегі үшін бар білімі мен күш жігерін аянбай 
жұмсайтын нағыз отаншыл азаматтар керек. Осы міндетті орындауға 
мектептегі тарих пәні өте зор үлес қосады. 
Кеңес елі тұсында тарих пәнін оқыту барысында оқушыларды 
тәрбиелеудің ең негізгі бағыттары: марксизм-ленинизм идеясына берілгендік, 
дүние жүзінде капитализмнің құрып, коммунистік қоғамның салтанат 
құратынына сендіру, социалистік идеологиядан басқа идеологиялардың бәрін 
жек көру, дінді жек көру рухында тәрбиелеу болды. Тәрбиенің мұндай 
бағыттарының мүлде теріс екеңдігін өмір тәжірибесі көрсетті. Сондықтан да 
біз қазір (Қазақстан мектептеріндегі) тәрбиенің міндеттерін анықтағанда 
мұндай теріс бағыттарынан бас тартамыз. Тарих сабақтарында оқушылардың 
дүниеге 
ғылыми 
көзқарсы 
қалыптастырылады, 
адамгершілікке, 
имандылыққа, 
ізгілікке 
тәрбиеленеді, 
отаншылдыққа, 
халықтарды 
құрметтеуге, сыйлауға, яғнн халықтар достығына тәрбиеленеді, еңбекке, қарт 
ұрпақтың еңбек және жауынгерлік дәстүріне тәрбиеленеді; діннің қызметін 
дұрыс түсінуге, оны дұрыс бағалауға, бейбітшілікті сақтауға үлес қосуға, 
адамзат 
жасаған 
құндылықтарды 
құрметтей 
білуге 
тәрбиеленеді; 
эстетикалық, экологиялық, экономикалық т.б. тәрбие алады. 
Оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру дегеніміз — 
табиғаттың да, қоғамның да (соларда болып жататып өзгерістердің де) белгілі 
бір зандалықпен дамитындығын дәлелдеу. Оларда болып жататын өзгерістер, 
жаңалықтар т.б. құдайдың бұйрығымен, немесе басқа бір күштің әсерінен 
емес, даму заңдылығы нәтижесінде болады деген қорытындыға әкелу. Бұған 


Қазақстан тарихынан нақты мысалдарды көптеп келтіруте болады. Әңгіме, 
қоғамда 
болып 
жатқан 
өзгерістерді, 
жаңалықтарды 
оқушыларға 
түсіндіргеиде мәселені нақты мысалдар келтіре отырып, сенімді түрде 
дәлелдеуде. 
Ежелгі Қазақстан тарихы оқулығында алғашқы адамдардың пайда 
болуы, олардың тіршілігі мсн тұрмысы қарапайым тілмен, бірақ жүйелі 
баяндалады. Олар топ болып жүрді, одан руға бірікті, рудан тайпаға, одан әрі 
тайпа одақтарына бірікті. Сол өзгерістердің бәрі қажеттіліктен, демек даму 
заңдылығынан туды. Топ болып жүрмесе жыртқыш аңдардың шабуылына 
ұшырайтын болды, күнделікті тамақ табу үшін де топ болып жүру қажет еді. 
Туыстық жақындығы бар адамдар ғана бірігіп үй салатын болды, мал 
жайлымдарын біріктіріп, оларға иелік етті, оларды бірігіп қорғау қажеттігі 
туды т.б. 
Қазіргі заманғы сурет өнерінің тамаша туындыларының түп-тамыры 
ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың тасқа қашап салған түрлі белгілері мен 
бейнелерінен басталады. Сол сияқты осы заманғы биіктігі 150 қабатқа дейін 
жететін зәулім үйлер де өзінің бастауын ежелгі адамдар жасаған күркелер 
мен жеркепелерден алған. Адам баласының қол жеткізген жетістіктсрінің 
бәрі тәжірибенің, сол арқылы ақыл-ойдың дамуының нәтижесі. 
Оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру күрделі 
жұмыс. Осы мәсслеге тікелей қатысты тақырыптарды алдын ала іріктеп, 
ондағы ғылыми көзқарасты қалыптастыруға қатысты білім мен ұғымдарды 
анықтап, пайдаланылатын құралдар мен әдіс тәсілдерді белгілеп алса жұмыс 
нәтижелі болады. 
Адамгершілік (мораль) қоғамдық сананың бір формасы. Адамның 
қоғамдық өмірдегі өз орнын анықтауы, еңбекке, оқуға, ғылымға қатынасы, 
отбасындағы, қызметтегі т.б. тәртібі, іс-әрекеті осының бәрі оның 
адамгершілік қасиеттерінің-сапаларының қаншалықты дұрыс қалыптасуына 
байланысты. Адамгершілік адамшылық дегеннен шыққан. Яғни адам барлық 
іс-әрекетінде нағыз адамшылық қасиеттерді көрсетуі тиіс. Сондықтан да қай 
заманда да, қай ел болмасын, қай ұлт, отбасы болмасын болашақ ұрпағына, 
жастарға, балаларына адамгершілік тәрбиесін беруге, оның бойына 
адамшылық қасиеттерді сіңіруге ерекше мән берген. Адамгершілік 
тәрбиесінің негізіне бүкіл адамзат жинақтаған, тарих тәжірибесінде сыналған 
адамшылық қасиеттер алынады. Олар: адалдық, шыншылдық, кішіпейілділік, 
қарапайымдылык, сыпайгершілдік, еңбексүйгіштік, жолдастық, достық, 
үлкенді, қарт адамдарды, әйелдер мен жас балаларды сыйлаушылық сияқты 
қасиеттер. 
Демек 
адамгершілік 
тәрбиесі, 
тәрбиенің 
басқа 
салаларымен, 
бағыттарымен тығыз байланысты. Алдымен дүниеге ғылыми көзқарасты 
қалыптастырумеи тығыз байланысты, егер дүниеге көзқарас дұрыс 
қалыптаспаса 
адамгершілік 
қасиеттер 
де 
дұрыс, 
немесе 
толық 
қалыптаспайды. Сондықтан да мектепте оқушыларға адамгершілік тәрбиесін 
беруге баса назар аударылады. Тәрбиенің бұл түрі оқушыда мектептегі бүкіл 
оқу-тәрбие жұмысы арқылы қадыптасады. Бұл күрделі жұмысқа барлық 


пәндер үлес қосады. Өйткені жеке адамның қоғамның нағыз белсенді мүшесі 
болуы, ондағы оның атқаратын қызметі, әсіресе өзіне тапсырылған міндетті 
орындауға асқан жауапкершілікпен қарауы т.б. бәрі адамда адамгершілік 
сапалардың қалыптасуына тікелей байланысты. 
Мектеп үлкен де маңызды қоғамдық орын, мемлекеттік мекеме. Оған 
өте жауапты жұмыс тапсырылған. Бұл мекемеде оқушыны 1 сыныптан 
бастап-ақ адамгершілікке тәрбиелеуге қойылатын талаптар да, оларды 
орындайтын жағдайлар да, мүмкіндіктер де бар. 
Мектепте адамгершілікке тәрбиелеу жұмысы балада туғаннан бастап 
отбасында қалыптасқан адамгершілік қасиеттсрін одан әрі жетілдіруден 
басталады. Адамгершілік қасиеттерді тәрбиелей отырып, мектеп, әрбір 
тәрбиеші ұстаз оқушыны теріс, жағымсыз әдетке үйір болмауға тәрбиелейді. 
Тарих бүкіл адамзат жинаған бай тәжірибемен, әсіресе өркениеттілік, 
мәдениеттанушылық дәстүрмен таныстырады. Тарихи оқиғалардың,
фактілердің, тарихи сабақ — мектепте Қазақстан тарихын оқытудың негізгі 
формасы. 
Қазір тарих сабағы оқытуды ұйымдастыру формалары арасында ең жиі 
қолданылатып түрі. Оның да бірнеше түрі (типі) бар. Олар: оқытудың барлық 
негізгі элементтері бар нсмесе аралас сабақ; түгел немесе түгелге жуық жаңа 
тарихи материалды оқытып үйретуге арналған сабақ; түсіндірмелі оқу 
сабағы; біліктерді қалыптастыруға арналған сабақ; қайталау және қорытынды 
қайталау сабақтары. 
Бұған дейінгі айтқанымыздай, белгілі тарихшы әдіскерлер сабақтардың 
типтерін онға дейін жеткізгеніне қарамастан біз Қазақстан тарихын 
оқытқанда сабақтың осы негізгі бес-алты типін ғана ұсынып отырмыз. Бес-
алты деп отырған себебіміз, қайталау сабақтарының өзін бірнеше типке 
бөлуге болады, біз олардың екеуіне тоқталамыз. Сабақтардың типтерін, 
олардың санын анықтағанда біз қазақ мектептерінің де ерекшелігін ескердік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет