«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе



Pdf көрінісі
бет2/19
Дата14.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#43027
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Әдістеменің маңызы мектептегі тарих пәнінің мұғалімі, студент үшін 
— белгілі бір жастағы оқушылардың тарих пәні бойынша білім мен 
дағды деңгейін анықтауға; 
— сынып, курс, бөлім және тақырып бойынша оқытудың мақсатын 
нақшлауға; 
— оқу процесінің әртүрлі кезеңдеріндегі жұмыс тиімділігін анықтап
оқыту міндетін нақтылауға; 
— оқыту мазмұнын қолданылатын әдістер және тәсілдермен 
ұштастыруға; 
— тест, қисынды тапсырмалар және тірек сигналдарды қолданып, 
конспект дайындауға; 
— оқытудың барынша тиімді әдістері, түрлері мен құралдарын 
қолдануға; 
— оқыту нәтижелерін алдын ала болжап, педагогикалық әрекетке 
түзету енгізіп отыруға мүмкіндік беруімен бағаланады. Тарихты оқыту 
әдістемесі өзге ғылымдармен, әсіресе оқытудың мазмұнын талдап жасайтын 
базалық тарих ғылымымен тығыз байланысты. Әдістеменің мақсаты — тарих 
ғылымының негізгі мәліметтерін таңдап алып, оны дидактикалық өндеуден 
өткізіп, бейімдеп, мектеп курсының мазмұнына енгізу. Таңдап алу 
оқушылардың танымдық мүмкіндігін ескере отырып жүргізіледі. Оларды 
анықтауда психология ғылымының жетістіктеріне сүйенеміз. Бұл ғылым 
оқушылар танымы мен танымдық әрекетінің ерекшеліктерін ашуға 
көмектеседі. Оның үстіне тарихты оқыту процесіне талдау жасағанда 
бірқатар психологиялық және педагогикалық зерттеу тәсілдері де 
қолданылады. Әдістеме пәні оқытудың бір саласы ретінде педагогикамен де 
тығыз байланысты. Педагогика - оқыту, ғылыми зерттеу әдістемесі мен 
тәрбие мақсатын айқындайды. Осы әдістер мен мақсаттарды негізге алып
әдістеме оқу процесіне де, ғылыми зерттеуге де нақты тарихи мазмұн береді. 


Ғылыми-зерттеу әдістері деп зерттеудің педагогикалық бақылауды 
және қалыптастырушы эксперименттің (экспериметтік сабақ) мақсаты, 
міндеттері мен болжамын анықтауды айтамыз. Латын тіліндегі 
"экспериментум" сөзі тәжірибе, сынақ дегенді білдіреді. Мұндай тәжірибелер 
белгілі бір оқытудың факторы және жағдайының әрекеті нәтижесінде пайда 
болады. Педагогикалық бақылау - оқу процесіне ықпал жасамай, тарихты 
оқыту практикасын зерттеу дегенді білдіреді. Зерттеуші тарих сабақтарына 
қатысып, оны талдайды, оқушыларға сұрақ қою мен тесті өткізіп, 
мұғалімдердің ашық сабақтарының хабарламаларын тексеріп, пән 
бірлестіктерінің озат тәжірибені жинақтаған материалдарымен танысады. 
Қалыптастырушы эксперимент тәжірибе жасаушының оқу процесіне 
белсене араласуын қарастырады. Мұндай эксперименттің міндетті құрамы - 
дәлелге негізделген, бірақ міндетті түрде тексеруді қажет ететін болжанған 
нәтиже, болжал болмақ. Болжал мына сұлба бойынша қалыптасады: оң 
нәтижеге қол жеткізуге бола ма, егер: а) мазмұнды, материалды баяндаудың 
бірізділігін өзгертсе, ә) оқытудың жаңа құралдарын, материалды баяндаудың 
жаңа тәсілін қолданса, б) таным әрекетін басқаша ұйымдастырса. Болжам іс 
жүзінде тиісті жағдайлар мен әдістер арқылы тексеріледі. Эксперимент 
жасаушы ең алдымен зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай әдістемелік 
талдама жасайды, содан кейін оның тиімділігін оқыту барысында тексереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет