«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет34/91
Дата10.11.2022
өлшемі1,14 Mb.
#49121
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   91
Байланысты:
«Òàðèõòû î?ûòó ?ä³ñòåìåñ³» ï?í³ áîéûíøà Î?Ó-?ä³ñòåìåë³ê êåøåí

Сабақ жоспары - әр сабаққа жасалады, ол оқу жұмысын жоспарлаудың негізгі формасы, яғни мұғалімнің нақты сабаққа дайындалуы мен жұмыс түрлерін анықтауды айтамыз. Сабаққа дайындық мазмұны:
1. Сабақты жоспарлау, жұмыс бағдарламасын жасау.
2. Жеке сабақтарды жоспарлау.
3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау.
4. Сабақтың типі мен құрылымын белгілеу.
5. Сабақ мазмұнын анықтау.
6. Білім беру әдістерін белгілеу.
7. Сабаққа керекті оқу құралдарымен көрнекі және техникалық құралдарды дайындау.
8. Сабақ кезеңдерінің әрқайсысына жұмыс түрлерін, оны орындауға уақыт бөлу.
9. Бекіту жаттығуларын дайындау.
10. Оқушылардың білімін тексеру және бағалау әдістерін анықтау.
11. Үй тапсырмасын түсіндіру.
12. Сабақтың жоспар конспектісін жасау.
Сабақ жоспарында жазылатындар:
Күні.
Айы, жылы.
Сыныбы.
Тақырыбы.
Мақсаты.
Сабақ типі, құрылысы.
Оқыту әдіс-тәсілдері.
Көрнекі құралдар.
Өздік жұмыстар.

  1. Тексеріп, бағаланатын оқушылардың аты-жөні.

  2. Қойылатын сұрақтар.

  3. Үй тапсырмасы.

Мұғалім оқу жабдығатын жан-жақты білу үшін негізгі және қосымша оқу құралдарын, ғылыми-педагогикалық әдістемелік, тарихи, көркем әдебиеттерді, арнаулы басылымдарды оқып, қажеттілерін сұрыптап алады, сенімді мысалдарды, қызықты тың мәліметтерді таңдап алуы керек, оқу жадығатын анықтап, сабақ жоспарын конспектісін жазады.
Негізгісі - жаңа тақырыптың мазмұны. Мұғалімнің оқыту әрекеті саналы болуы үшін ол педагогика ғылымының заңдылықтарын нақты білуі керек.
Жоспарлау - сабаққа әзірліктің соңғы кезеңі. Оның нәтижесі -сабақ жоспары. Жас мұғалім сабақ жоспарын, конспектісін толық жазу керек.
Сабақ жоспарының үлгісі:

  • сабақтың өтетін уақыты, тақырыптың жоспардағы нөмірі;

  • сабақтың таңырыбы, сабақ өтетін сынып;

  • оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту міндеттері;

  • сабақтың құрылымы, оның кезеңдері және әр кезеңге кететін уақытты бөлу;

  • оқу материалының мазмұны;

  • әрбір сабақтың бөлігіндегі жұмыстың әдістері және тәсілдері;

  • сабақ өткізуге керекті оқу жабдықтары;

  • үйге тапсырма.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет