«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен


Дәріс тақырыбы: Антикалық және ежелгі дүние тарихын оқытудың ерекшеліктері



бет47/91
Дата10.11.2022
өлшемі1,14 Mb.
#49121
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   91
Байланысты:
«Òàðèõòû î?ûòó ?ä³ñòåìåñ³» ï?í³ áîéûíøà Î?Ó-?ä³ñòåìåë³ê êåøåí

Дәріс тақырыбы: Антикалық және ежелгі дүние тарихын оқытудың ерекшеліктері.2 сағат.
Мақсаты: Ежелгі дүние тарихы курсының мазмұны, хронологиялық шегі, кезеңдері, негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары, курс құрылымы. Ішкі пәндік жөне пәнаралық байланыстар, антикалық және ежелгі дүние тарихы курсының тақырыптары мен бөлімдерінің құрылымындағы жалпылау сабақтарының орны жайлы білімді меңгерту, біліктіліктерін арттыру.
Жоспар:

  1. Ежелгі дүние тарихы курсының мазмұны. Оның хронологиялық шегі, кезеңдері, негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары. Курс құрылымы. Оқулықтың көрнекілік және деректік материалын пайдалану.

  2. Ішкі пәндік жөне пәнаралық байланыстар.

  3. Антикалық және ежелгі дүние тарихы курсының тақырыптары мен бөлімдерінің құрылымындағы жалпылау сабақтарының орны.

Қазіргі кезде тарихты оқытуда алдыңғы орынға адамзат жинаған құндылықтарды, өркениеттер тарихын, мәдениет жетістіктерін оқып үйрету міндеті шықты. Соған байланысты тарихи білім беру мақсаты берілген:


Тарихты оқыта отырып, ол жинақтаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибені меңгеру;
- тарихи талдау, терең ойлап түсіне білуін қалыптастыру, алған білімін шығармашылықпен пайдалануға үйрету;
- мәдениет тәжірибесін ізгілік идеяларын, адам құқығы мен демократиялықтарды халықтар арасындағы өзара байланыстылықты оқып үйрету арқылы оларды құндылықты бағалау, соған ұмтылу сенімін қалыптастыру;
- басқа ел тарихы мен мәдениетіне деген құрмет пен қызығушылықты дамыту, өз елінің, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға, молайтуға деген ұмтылысты қалыптастыру.
Стандартта бірінші деңгей бойынша өркениеттілік - аймақтық және глобальдық сипатта беруді қарастырады.
Ежелгі дүние тарихы бойынша стандартта ежелгі өркениет ошақтары, дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесі, мәдениеттің көрнекті өкілдері, ежелгі өркениет халықтарының мәдениет сауда-саттық байланыстары қаралу керек. Осы негізде оқыту арқылы оқушыларда ашқан жаңалықтар туралы, діни нанымдар мен сенімдер туралы хабар болу, Рим өркениетінің орнын, әдет-ғұрпын елестете алу, ежелгі өркениеттерге, көрнекті қайраткерлеріне сипаттама бере алу, өркениеттердің мәдениет саласындағы жетістіктерін білу, олардың дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесіне баға бере алу, діннің пайда болуы, олардың ежелгі халықтар өміріндегі ролі туралы түсінігі болуы, ежелгі өркениет халақтарының өзара қарым-қатынасына (сауда,мәдени т.б.) сипаттама беру.
Ежелгі өркениеттер тарихы бойынша: аймақтық өркениет картасы. Антикалық дүние - тарихи - мәдени ұғым. Географиялық кеңістіктің өркениет ошақтарының дамуына әсері. Ежелгі өркениет заманының адамдары, ерікті, ерікті емес адамдар тобының пайда болуы, адамдар өмірі, тұрмысы, дәстүрі, әдет-ғұрпы, қалалардың дамуы, көп құдайға табыну, оның қоғамдағы, жеке адам өміріндегі орны, философияның пайда болуы, оның көрнекті өкілдері, өркениет мәдени мұралары, олардың дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесі, халықтардың сауда, мәдениет саласындағы бір-бірімен байланыстары және бір-біріне әсері.
Ежелгі өркениеттердің даму қорытындысы оның адамзат тарихының келешегі үшін маңызы, міне осы мәселелер, яғни Рим мәдениетін оқыту барысында стандартта қаралады. Мұғалімдер осы көрсетілген міндеттер мен мақсаттарды ескере отырып жұмыс жүргізулері тиіс.
Стандарт бойынша қойылатын талаптар: Адам аттарын, терминдерді білу, тарихи түсінік, ұғымдарды, идеяларды меңгеру, талдау элементтерін білу, тарихтағы адамдар қызметіне, жеке қайраткерлерге өзі баға беру, мәдени туындыларға пікірін білдіру, картадан көрсету, өнер табыстарынан мысалдар келтіру, ескерткіштерді суреттеу т.б. талап етіледі. Шекара, орын, карта бұлар тарихи кеңістік, рухани өмірді қамту (адамгершілік, діни) адам аты, атау, термин бұлар тарихи қозғалыс ретінде қаралады.
Жоғарыда келтірілген орта білім стандарттарын мынандай құжаттармен орнықтырған жөн: базистік оқу жоспары және сонда ескерілген өлшеуіш жүйелері көрсетілген негізгі білім аясының стандарттары.
Базистік оқу жоспары - білім мазмұнының жиынтық сұлбасына қатынасты негізгі ахуалды түйіндеп көрсететін нормативті құжат. Базистік оқу жопарының құрылымы мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның мүдделерін үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұл мектептер үшін жұмыс оқу жоспарларын құруға құзырлық береді.
Базистік жоспарға сай тақырыбыма байланысты мәдениеттілік бағытты күшейту, оқытудың әдістемелік жүйесін жаңарту, оқу-әдістемелік кешендер жасау қарастырылады.
Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының оқу тәрбие қызметі мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарты негізінде әзірленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Білім туралы Заңның 3-ші тарауы білім беру бағдарламаларына байланысты. Жалпы білім беретін бағдарламалар жеке адамның жалпы мәдениетін қалыптастыру, жеке адамдарды қоғамдық өмірге бейімдеу міндеттерін шешуге, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшін бағытталған.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жалпы орта білім мектептерінде тарихты оқытудың екі түрлі бағдарламасы бар. Оның бірі 1990 жылдардың басында ұстаздарға ғылыми жағынан нақты көмек көрсету мақсатында академик М. Қозыбаевтың жетекшілігімен әзірленген тарих пәнінің бағдарламасы. Ол қазір де пайдаланылып келеді. Ал екіншісі Т.Т. Тұрлығұловтың қазірге дейінгі мектептерде қолданып жүрген бағдарламаларын негізге алып, қазіргі талаптарды ескере отырып редакциялық өзгерістер жасаған бағдарламасы. Алдыңғы уақытта мектептерге енгізу қолға алынған. Бағдарламаға сәйкес мына міндеттерді іске асыру арқылы орындалады:
Рим мәдениеті бойынша: дүние жүзі халық мәдениетін тығыз байланыста қарастыра отырып, оқушыларды халықтар арасындағы өзара түсінушілік, бір-біріне деген жақындық идеясына тәрбиелеу. Оқушылардың басты назарын қоғам тарихына, адамдардың өмір тіршілігі мен қызметіне, салт-дәстүр тарихына аудару, сол арқылы жастардың арманы адамшылық өмірлік мұрат ретінде қабылдауына көмектесу;
- оқушыларды жалпыазаматтық құндылықтардың мәнәін дұрыс түсінуге, тарихи қайраткерлердің өз елдерінің өміріндегі және дүниежүзілік тарихындағы ролін дұрыс түсінуге тәрбиелеу
- оқушыларды дүниежүзілік мәдениетке, жеке халықтардың рухани байлығына құрметпен қарауға тәрбиелеу;
- тарихи материалды дұрыс іріктеп, саналы оқыту арқылы оқушыларды ізгілікке, саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, жоғарғы эстетикалық талғамын қалыптастыру деп, бұл екі бағдарламаның негізгі мақсаттары мен міндеттері көрсетіледі.
Оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға байланысты:
- тарихи шындықты, объективтілікті, тарих ғылымының әдістерін (салыстырмалы-тарихи, синхронды, ретроспективті және т.б.) басшылыққа ала отырып, салыстыру, жинақтап қорыту;
- тарихтағы жеке адамдардың қызметіне баға беру (маңызы, тағылымдары, дүниежүзілік тарихқа қосқан үлесі, адамгершілік өлшемдерге сәйкестігі);
- білім көздерімен, оқу әдебиетімен, тарихи құжаттар мен естеліктер, картамен, мерзімді баспасөзбен жұмыс істей білу, сын көзбен талдау, материалдарды салыстыру, оларды жинақтау, өз пікірін дәлелдеу.
- конспект, тезис, реферат, баяндама жасау, түрліше көзқарастарды салыстыру т.б.
Бүл екі бағдарламаның сағаттарын салыстыратын болсақ М.Қозыбаев ұсынған бағдарлама бойынша Ежелгі дүние тарихы VI сыныпта ерте заманнан б.з.д. V ғасырына дейін 51 сағат бөлініп оқытылады. Ал Т.Тұрлығұлов ұсынған бағдарлама ерекшелігі Ежелгі дүние тарихын 5-ші және 6 сыныптарда оқытады, әр әр сыныпқа 34 сағаттан бөлінеді, яғни біршама сағаты көбейтілген.
Жалпы айтатын болсақ екі бағдарламаның Рим мәселесі бойынша қарастыратын мәселелері ұқсас. Менің ойымша М. Қозыбаев ұсынған бағдарламаны қолдануды жөн деп санаймын. Яғни, ол бағдарлама төрт сағатқа бөліп, біршама мәселелерді қамтуға мүмкіндік береді.
Қазіргі Қазақстанның орта мектептерінде Ежелгі дүние тарихы бойынша VI сыныпта А.А. Вигасин, Г.И. Годер, И.С. Свинцецкаялардың авторлығымен Ежелгі дүние тарихы оқулығы оқытылады. Оқулық 1998 жылы «Рауан» баспасынан Алматы қаласында шыққан. [12] Жалпы оқулық әдістемелік жағынан жақсы жабдықталған. Онда түрлі-түсті суреттер мен картиналар, тақырып соңына қорытынды сұрақтар, қосымша мәтіндер, қажетті сөйлемдер
мен термин сөздер ерекше штрихпен жазылған. Бұл оқушының материалды қабылдауына ыңғайлы жағдай туғызады. Оқулық VI сынып оқушысының деңгейіне сай дидактикалық жабдықталған.
Оқулықты бағдарламамен салыстыратын болсақ екуі мүлде сай келмейді, егер оқулықта Рим тарихы 18 §-қа бөлініп қаралса, бағдарлама 6-9 сағат бөледі. Онда тек жеке тұлғалар бойынша, кезеңдерге бөліп, әр кезең уақытындағы мәдениет жетістіктері қаралады.
Өркениеттілік көзқарасқа алғаш есік ашқандардың бірі А.Д. Тойнбиді ерекше атауға болады. Оның “Постижение истории” атты еңбегінде осы цивилизациялық тұрғыдан қарауға терең талдау беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет