Тарихи құжат деген не? Оның қандай түрлерін білесіз?
Тарихи құжаттармен жұмысты қалай үйымдастыруға болады?
Құжаттар мен дереккөздерін қалай конспектілеуге болады?
Тезис дегеніміз не? Ол қалай дайындалады?
Оқулық пен хресгоматиядағы тарихи құжатты салыстыр.
Өзіндік жұмыстардын (курс, бақылау. реферат, баяндама) тақырыптары: 1) Тарих сабағында оқунылардың құжаттар және дереккөздерімен жұмысын үйымдастыру;
2) Тарихи құжаттың конспектісін дайындау жолдары;
3) Құжаттар мен дереккөздерінін түрлеріне сипаттама;
4) Тарих пәні сабағында құжаттар мен дереккөздерін қолдану.
1.3 Тарихты оқытуда көркем әдебиетті қолдану
Мазмұны: 1) Көркем шығармаларды топастыру;
2) Көркем шығармалармен жұмыс істеу әдістері;
3) Оқушыларға сезімдік-адамгершілік ықпал жасау.
Көркем шығармаларды топтастыру XIX ғасырда әдіскер ғалымдар оқушылардың тарихи мазмұндағы кітаптарды оқуына баса мән берген. Олардың пікірінше тарих ғылым ретінде оқушыларға тірі бейне сияқты барлық сипатты белгілері және бөліктері арқылы көрінгенде ғана толық танылады. Тарихи әдебиеттерді оқу оқушыларды осындай сипаты белгілермен қамтамасыз стеді.
Көркем әлебиетті сабақта қолдану оқушылардың тарихи түсініктерінің құрамды бөлігі болып табылатын өткен кезең туралы тарихи білімдерін нақтыландыра түседі. Сонымен бірге көркем әдебиет оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, зейінін аударуға көмектеседі. Мұғалім шығарма үзіндісін таңдағанда дәуір тынысын, тарихи жағдайды немесе портреттік бейнені қалпына келтіру міндетін басшылыққа алады.