Тарту Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі. Бірге оқысқан, бірге оқытысқан, жылдарымыз бір



бет17/63
Дата18.05.2022
өлшемі302,54 Kb.
#34866
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63
Байланысты:
Мағжан. Педагогика (копия)

Мидың қажуы һәм оны тынықтыру
Ми – дененің бір мүшесі. Ол жұмыссыздықтан қажыған сықылды жұмыстан да қажиды. Қажыған соң тынығуды керек қылады. Миды бет алдына жұмсай беру күшін азайтады, хатта оны паралич соғып, адам есалаң болып қалады. Денемен жұмыс қылсаң да, мидың өзімен жұмыс қылсаң да, мида бір у пайда болып отырады. Сол уды қан жуып алып кетіп, миды тазартып отырады. Егерде жұмыс тым қатты болса, миға у тым көп жиылады да, қанның жуып алып кетуіне шамасы келмей қалып, нерв системасының бәрі уланады. Және миға қатты жұмыс істеткенде, қан миға ұмтылып, өзге дене ашығып қалады да, әлсірейді, сола бастайды. Міне, осы себептен ақылға жұмыс қылдырғаннан кейін әр уақыт тынығып отыру керек.
Тынығу екі түрлі болады: не біржола жұмысты доғару, не болмаса жұмысты жаңарту. Жұмысты жаңартқанда да, яғни бір жұмыстың орнына екінші жұмыс қылғанда да адам тынығады. Мысалы, көру жұмысынан соң (оқу, жазу) есту жұмысына көшсе (әңгіме тыңдау), бала әжептәуір тынығып қалады. Әйткенмен бұл тынығу жұмысты біржола доғарып тынығуға жетпейді. Әсіресе жас балаларды жиі-жиі жұмыссыз тынықтыру керек. Ал енді тынығу уақытында бала не қылады? Бұған жауап беру үшін мынаны білу керек: бала қозғалмай отыра алмайды. Баланы ең қажытатын нәрсе – тек отыру. Сондықтан баланы тынықтыру дегенде оны таза ауада ойнату, таза ауада гимнастика жасату деп ұғу керек. Ойын һәм гимнастика туралы алдымызда тағы сөз қозғармыз.
Жан көріністерін тап-тапқа бөлу
Жан көріністері қанша түрлі болғанмен, оларды түп негіздері бойынша үш тапқа бөлуге болады: білу яки ақыл көріністері, ішкі сезім көріністері һәм қайрат көріністері. Қазақтың данышпаны Абай бұл үш тапты ақыл, жүрек, қайрат деп атайды. Біз бір заттың яки көрінісінің сынын белгілейміз, заттар яки көріністер арасындағы байламды яки айырманы табамыз. Бұл – ақыл ісі. Біз қайғырамыз, қуанамыз. Бұл – ішкі сезім ісі. Біз бір істі істемекші боламыз, бір мақсатқа жетпекші боламыз. Бұл – қайрат ісі.
Жан тұрмысының бірлігі.
Адамның жан көріністері жоғарғы үш тапқа бөлінгенімен, бұл үш тап бір-біріне жуымайтын емес, бұл үш таптың арасында берік байлам бар. Яғни адамның жан тұрмысында бірлік бар. Екінші түрлі айтқанда, адам бір іс істегенде, осы үш тап жан көріністерінің үшеуі де қатынасады. Мысалы, біздің бір саусағымыз ауырды. Сонда біз саусағымыздың ауырғанын сеземіз. Бұл – ішкі сезім ісі. Саусақтың ауырған себебін тексереміз. Бұл – ақыл ісі. Сол ауруды жеңілдетуге, бітіруге, жазуға ұмтыламыз. Бұл – қайрат ісі. Ал енді адамның әрбір ісіне осы үш тап жан көріністерінің үшеуі қатынасатын болғандықтан, сол ақыл, ішкі сезім, қайрат үшеуін бірдей тең тәрбие қылу – тәрбиешінің міндеті. Бір адамның осы үш тап жан көріністері тең болмай, біреуі таразыны басып билеп кетсе, ол адам бақытты болмақ емес. Бұл туралы данышпан Абайдық төмендегі сөзі шын дұрыс сөз.
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды асық жүрек,
Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады, білсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек.
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,
Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет