Сығанақ. Сығанақ қаласының Қазақ хандығының астанасы қай кезде болғанын айту қиын болады, өйткені бұл туралы нақты деректер жоқ. Бәлкім, XV ғасырдың 70-ші жылдарынан XVII ғасырға дейін ол қала астана болған. Оның қалдықтары Сұнақата ауылынан солтүстікке қарай екі шақырым жерде орналасқан. Сығанақ қаласы алғашқыда X ғасырдың деректерінде кездеседі, ал XI ғасырда Махмұд Қашқари оны оғыздардың қаласы деп атаған.
Түркістан. Түркістан қаласы (Яссы) түркі тілдес халықтардың рухани мен саяси орталығы ретінде белгілі болып, XVI ғасырдың аяғынан бастап XVII ғасырдың 30-ші жылдарына дейін Қазақ хандығының астанасы болған.
Ташкент. Қытайдан Еуропаға апаратын Ұлы Жібек Жолындағы ежелгі қалалардың бірі болған. Б. з. д. II ғасырда қалалық қоныс ретінде Ташкент туралы алғашқы мәліметтер шығыс дереккөздерде пайда болған. Қазақтар Ташкенті 1586 жылы жаулап алған, ал 1630 жылы осы қала Қазақ хандығының астанасы болып бекітілген. Шамамен жүз жыл бойы
Семей. Семей қаласы — Алаш автономиясының астанасы (1917-1920 годы). Семей қаласының тарихы 1718 жылы басталған. Ол Петр I дәуірінде салынған. Осы кездегі шығыс жерлерді қорғау мен Иртыш маңындағы бекіністерді салу туралы Петр I Жарлығы шыққан.
Орынбор. Орынбор қаласының негізі 1743 жылдың 19 сәуірінде қаланған. Алғашқы бекініс 1735 жылдың 31 тамызында қазіргі Орсктің орнында салынған, осылай, қаланың атауы да пайда болды — Орынбор (Орь өзенің бойында орналасқан бекініс). 1920 жылдың 26 тамызында Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті мен РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Қырғыз (Қазақ) АССР-ін кұру туралы Декреті шықты. Орталығы Орынбор қаласы болып белгіленді. Бірақ та 1925 жылы Қазақстан астанасы Сырдария өзенінің бойында орналасқан Ақмешіт қаласына көшірілген. Сондықтан да оның атауы Қызылорда (Қызыл астана) деп өзгертілген. Орынбор мен Орынбор облысы дербес губерния ретінде РСФСР құрамына кірді.
Қызылорда. Ақмешіт бекінісін 1820 жылы Қоқан ханы Омархан салғызған.. Бастапқыда ол қазақ даласындағы Қоқан хандығының форпосты ретінде болған. 1853 жылдың 28 шілдесінде оны В. А. Перовский басқаруымен орыс әскерлері жаулап алып, Форт-Перовский деп өз атауын берген. Осы кезде бекіністі Якуп бектің басқаруымен қоқандықтар қорғаған. 1917 жылдың 30 қазанында қалада Кеңес өкіметі орнады. Ал 1922 жылы қалаға оның бұрыңғы атауы Ақмешіт қайта берілген болатын. 1925 жылы астана Орынбор қаласынан осы қалаға көшірілді, сол себептен де қалаға Қызылорда деп атау берілген. 1925-1927 жылдары РСФСР құрамында болған Қазақ автономиялық республикасының астанасы Қызылорда болған.
Алматы. Алматы қаласы 1929-1998 жж. Қазақстан астанасы болған. X-XIV ғғ. қазіргі Алматының орнында ортағасырлық Алмату қонысы болған.
Астана. Ақмола қаласының шексіз далаларында әртүрлі өркениеттер мен мәдениеттер тоғысқан. 1997 жылы саяси, экономикалық, халықаралық жағдайларға байланысты Республиканың астанасы қазақ даласының орталығына — Ақмола қаласына (қазіргі кезде — Астана) көшірілген.