Тас дєуірі кезењі, тарихи ескерткіштер



бет22/33
Дата18.11.2023
өлшемі0,9 Mb.
#124303
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33
Байланысты:
Ұлы Дала өркениеті. Оқу құралы

Қарлұқ мемлекеті (756—940 жж.). Қарлұқ туралы алғашқы деректер V ғ. жатады, ол кезде олар «бұлақ» деген атпен мәлім болыпты. Ежелгі түріктердің руникалық ескерткіштері «үш қарлұқ» (қарлұқтардың үш тайпасы) атын Алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс тепкен көшпелі тайпалардың қуатты одағына да таратқан. Ерте орта ғасырды зерттеген ғалымдар бұл атауға ірі-ірі үш тайпаны біріктіреді: бұлақ, шігіл және ташлық .
742 ж. Шығыс Түрік Қағанаты құлап, билік үш тайпаның: қарлұқтардың, үйғырлар мен басмылдардың одағына көшеді. Алайда 744 ж. тайпалар арасындағы қақтығыс ұйғырлардың жеңісімен аяқталады. Орталық Азияда жаңа мемлекет-үйғыр қағанаты (744—840 жж.) пайда болады. Өзінің одақтасы ұйғырлармен бәсекеге түскен қарлұқтар жеңіліске ұшырап, Жетісу жеріне қарай ығысуға мәжбүр болды. Жетісуға келген қарлұқтарға Түргеш қағандығы тойтарыс бере алмады. Сөйтіп, 756 жылы түргеш қағандығының орнында Қарлұқ Қағандығы құрылды. Көсемдері - Елтебер, билеушілері - Жабғы, ал 840 жылдан бастап - Қаған лауазымын тақты. Қарлық мемлекетінің негізгі аумағы шығыста Жоңғар Алатауынан, батыста Сырдарияға дейін, солтүстікте Балқаш көлінен, оңтүстікте Ыстық көлге дейінгі жерлер қарады.
Қарлұқ конфедерациясына халықтар этникалық жағынан бір тектес болмады, олардың ішінде түрік тілді тайпалар мен иран тілді-соғдылар, Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдерінен ауған келімсектер бартұғын. Ықпалы бар аймақтарда, тұрғындарды түріктендіру үрдісі қызу жүріп жатты. 840 ж. Енисей қырғыздары үйғыр қағанатын жойып, ұйғырлар Түрфан мен Ганьчжоу аймағына еріксіз көшуге мәжбүр болады. Бұл оқиғаны қарлұқ жабғысы Білге Күл Қадыр-хан шебер пайдаланып, ел билеуге жаңадан қаған атын алады.
Қарахан мемлекетінің (942-1210) негізін салушы – қарлықтар бірлестігіне кіретін шігіл тайпасынан шыққан Сатық Бегре хан (915-955). Ортағасырлық авторлар қарахандардың әуелгі аумағы Орталық Тянь-Шаньнің оңтүстік-шығысы мен Қашғардың солтүстік бөлігі деп санайды. Кейіннен, Сатық пен оның ұлы Мұсаның (Байташ) кезінде бұл хандыққа Орталық Тянь-Шань, Жетісу, Ферғана, Мәуреннахр қосылады, иеліктің батыс шекарасы Әмудария өзені мен Арал теңізіне, солтүстігі Балқаш көліне, шығысы Алакөл мен Тарбағатай тауларына дейін созылады. Ордасы Шу жазығында болса, астанасы Баласағұн қаласы болды. Қарахан мемлекеті 1041-1042 жылдары тәуелсіз екі мемлекетке бөлінгеннен кейін Батыс Қағанаттың астанасы Үзкент, кейін Самарқан қаласы болса, ал Шығыс Қағанаттікі Баласағұн, кейіннен Қашқар қаласы болды. Сөйтіп, Мәуреннахр батыс қарахандардың иелігіне, Шығыс Түркістан мен Жетісу шығыс қарахандардың иелігіне қарады.
ХІІ ғасырдың бірінші жартысы бір кездегі қуатты империяның тарихында аумалы-төкпелі жылдарға айналады. Орталық-азиялық тайпалардың: қидандардың, наймандардың және керейіттердің жаңа легінің шабуылы, селжүктер әулетімен болған аяусыз күрес, өзара қырқыстардың көбеюі Қарахандар мемлекетінің күйреуіне әкеп соқтырады.
Қарахан әулетіне байланысты болған маңызды оқиғаның бірі – Сатық Бегре хан 955 жылы (мұсылман аты - Әбд-әл-Керим) мұсылман дінін қабылдап, Ислам мемлекеттік дінге айналуымен атап өтеді. Енді, елді исламдандыру көне түрік руникалық жазуын тықсырып, араб әрпіне негізделген жаңа түрік жазуының түзілуіне жеткізеді. Сөйтіп, түркілер Ислам әлемінің мәдени кешеніне енеді.
Қарахан әулетіндегі мемлекеттік құрылымның бір өзгешілігі - әскери басқару әкімшілік басқарудан бөлінуі еді. Жер иеленуде – Икта институтын енгізді. Иктаның бірнеше түрі болды. Атап айтқанда, икта үлгісіндегі жер сыйлықтары ірі, орташа және ұсақ жер сыйлықтарына бөлінді. Әскери икта да көп тарады. Икта алған әскер басшылары оны өздеріне бағынышты жауынгерлерімен бөліске салды. Үлес мөлшері адамдардың қызметіне, әскери дәрежесіне және сіңірген еңбегіне байланысты болды. Иктаны екінші біреуге беру арнайы қағазбен (грамота) расталды. Иктамен қатар жер иеленудің басқа түрлері де болды. Қарахан билеушілері казынаға түсетін салық көзі — үлкен жер бөліктерін иеленді. Мұндай ірі аювр бөліктері жаудан тартып алынған жерлерден кірді. Мұсылман дін басыларының қарамағында да ірі жер бөліктері болды. Ол жерден мемлекет пайдасына салық алынбады. Жалпы икталық жүйе әлеуметтік жіктелудің күшеюіне, дамыған қатынастардың мемлекеттік деңгейін бейнелеп берді. Бұл кезеңде мемлекет құрамындағы халықтарды біріктіруші «түрік» термині бұрынғы жалпылықтан этникалық тұрғыдағы тар мағынаға ие бола бастайды. Қазіргі Қазақстан аумағы мен Орта Азия арасында тығыз территориялық-шаруашылық байланыстары орныға бастайды.
Сонымен, көшпелі дала мен қала мәдениетін үйлесімді қолдана білген Қарахан мемлекеті болды. Осы үрдіс халқының саяси, шаруашылық және мәдени өміріне, діни нанымына және этникалық бірігуіне терең ықпал жасады, қазақ халқының құралуына елеулі рөл атқарды. Яғни, оның қалдырған дәстүрі кең байтақ Ұлы Далада жалғасын табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет