Байланысты: КЕШЕН 107d6c74-9374-11e5-ae2b-f6d299da70eeОПИУД КАЗ ЛЕКЦИИ готовый
Тәуліктің қараңғы уақытындағы қозғалыс. Жарықтандыруды есептеу Тәуліктің қараңғы мезгілінде автомобиль жолдарында барлық ЖТО 40-50% орын алады. Бұл кезде қозғалыс қарқындылығы тәуліктік орташа қарқындылықтың небәрі 10-15% құрайды. Автомобильдердің орташа қозғалыс жылдамдығы түн мезгілінде орташа есеппен 5-7 км/сағатқа төмендейді.
Тәуліктің қараңғы мезгілінде қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға ықпал ететін негізгі инженерлік шараларды атап өтетін болсақ:
A) түнгі мезгілде көріну шамасын жақсарту үшін автомобиль жолдарын қайта салу;
Б) тұрақты жарықтандыру құралдарын орнату;
B) арнайы, жарық жол қаптамасын қолдану;
Г) жолдың жүріс бөлігін таңбалау;
Д) шағылыстыруға қарсы бағыттаушы қондырғыларды орнату және жол бойын көгалдандыру;
Е) арнайы жарықтандырылушы жол белгілерін орнату.
ЖТО талдау нәтижелері көрсетіп отырғандай жоғарда аталған шараларды ең әуелі жолдардың қауіпті жолдардың жүзеге асырған тиімді:
A) елді мекендерде;
Б) транспорт тораптарда;
B) жол өткелдерінде, көпірлерде, темір жол өткелдерде;
Г) радиусы кіші бүрылыстарда;
Д) тұмандар жиі болып тұратын ойпаттар арқыды өтетін жол бөліктерінде.
Қарыңғы мезгілде жүргізуші жол жағдайларын нашар қабылдайды, автомобильдің жылдамдығын дәл бағалай алмайды, сыртқы жарық беру көздерінен шағылысуға ұшырайды.
Кесте 4.1.
N
ЖТО түрлері
ЖТО таралу, %
ралуы, %
Күндіз
Түнде
1
Жаяу жургіншілерді қағып кету
10
90
2
Қарсы келе жатқан велосипед-шілерді қағу
28
72
3
Транспорт қүралдарының соқ-тығысуы
64
36
4
Автомобильдердің аударлуы
71
29
5
Автомобильдердің кедергілер-мен соқтығысу
38
62
Сонымен қатар, ірі құрылыс алаңшалары маңынан өтетін жол бөліктерінде жүргізушілердің көзін шағылыстыруды болдырмауға үлкен көңіл бөлу керек. Бұл жерде жүргізушілерді түрақты прожекторлар жарығымен шағылыстыру қауіпі жоғары. Сондықтан жол бөліктерін зерттеу кезінде жүргізушілерге эсер етуші прожекторларды анықтау және олардың орнын ауыстыруды талап ету қажет.
Тұрақты орналасқан жарық беру көздері жоқ жалдар мен көшелерде жүргізушілердің оптикалық бағдарлауына үлкен көңіл бөлу керек. Оптикалық бағдарлау жүргізушілерге жолдың жүріс бөлігінің және жол белу жолақтарынаң шекарасын, сонымен қатар жолдың жүру бағытын анық анықтауға көмектеседі. Түнгі мезгілде тиімді әсер беретін оптикалық бағдарлау құралдарына жолдың жүріс бөлігінің көлденең таңбалануын атауға болады. Таңбалауды арнайы жарықтандырғыш бояумен жасайды. Жарық - қайтарғыш элементтерді, сонымен қатар МемСТ - 23457 - 86 талаптарына сәйкес қолданылатын тік бағыттаушы қондырғыларда пайдалану қажет.
Бағыттаушы тұғырлар көшенің жүріс бөлігінің шетінен 0,5 / 1,0 м. қашықтықта орнатылады. Жарыққайтарғыш элементтер оң жақтан қызыл түсті, ал сол жақтан ақ немесе сары түсті болуы тиіс. Мұндай орналыстырулар «Жол белгілері мен таңбалары туралы конвенция» талаптарына сай келеді. Себебі, жолдың оң жағының қызыл түске боялуы автомобильдердің артқы габариттік жарық түсіне сәйкестігінде.
Тәжірибелер нәтижелерінде белгілі болып отырғанындай, жолдың бойына тек қана үзік остік сызықты салу тәуліктің қараңғы мезгіліндегі қозғалыс қауіпсіздігінедәуір арттырады. Бұл тұрғыда, жолдың шетін бояумен немесе боялған бетонмен белгілеу тиімділігі жоғары. Бұлардың бір ғана кемшілігі бар, ол - олардың тез ластануы. Сондықтан жол шеті нашар жабдықталған жолдарда жол таңбаларын бағыттаушы тұғырлармен жабдықтап, олардың тазалығына бақылау жасау қажет.
Жолдарды тұрақты жарық беру көздерімен жабдықтау оптикалық бағдарлау құралдарын қолдану қажеттілігін жоймайды. Әсіресе, жарық беруші көздерді тоннельдерге кіре берістегі қауіпсіздік аралшаларына, эстакадалар мен жаяу жүргіншілер өткелдеріне қою қажет.
Қараңғы мезгілдегі қозғалыс қауіпсіздігінің басты шарты ретінде жол белгілерін жүргізушілер тарапынан уақытылы қабылдауды қамтамасыз етуді атауға атуға болады. Жол белгілерін қараңғы мезгілде байқау тек қана олардың ішкі және сыртқы жарық беру көздерімен жабдықталғанында немесе олардың жарыққайтарғыш материалдардан жасалғанында ғана мүмкін. Бұл жағдайлар ГОСТ 10807 - 78 талаптарымен белгіленген. Сондықтанда жол қозғалысын ұйымдастыру саласындағы мамандардың басты міндеті жарыққайтарғыш беттермен жабдықталған жол белгілерін орнату. Сонымен қатар ол жол белгілерінің техникалық жағдайына, олардың көріну мүмкіндігіне бақылау жасау қажет.
Жол белгілерінің жарықтығы:
К = (Ло-Лд)/Лд
Жол белгісін қараңғы мезгілде көру үшін жарықтықтың шектік шамасын қамтамасыз ету керек:
ЛПОР= ЛПОР /Лд
мұндағы ЛПОР - жол белгісі мен жол беті жарықтықтарының ең төменгі айырмасы немесе ол жарықтықтардың шектік айырмасы деп аталады.
Жол белгісінің анық көрінуі үшін қажетті шарт
К = КПОР = 15 : 20
Сонда
К= 100-60/4= 1