Қозғалысты модельдеу Қозғалыс барысын физикалық немесе математикалық әдістерімен, мысалы ЭЕМ-ның көмегімен жасанды үндемей өндіруге негізделген физикалық моделдеудің қарапайым мысалы ретінде әртүрлі көлік құралының ептілік және аялдау мүмкіндерін тексеру әдісін алуға болады.
Көлік құралдарының математикалық жазбасына негізделген матема-тикалық модельдеу (есептеу тәжірибесі) кеңінен таралған. Шынайы тәжірибе нәтижелерін зерттеу бернелік қатынастарды және теориялық үлестірулерді алуға мүмкіндік береді, осылардан шыға отырып математикалық модельдерді тұрғызады.
Зерттеулердің ұйымдастырушылық және әдістемелік міндеттері жүргізілетін зеттеу жұмыстарының мақсаттарына және масштабтарына және олардың аспаптық жарақтау мүмкіндіктерінен тәуелді болады.
Әрбір зерттеу ережесі бойынша, 4 негізгі кезеңдерден тұрады:
1-ші кезең: бағдарлама жобасын және зерттеулер әдістемесін өңдеп шығару;
2-ші кезең: зерттеулерді дайындау (әзірлеу);
3-ші кезең: зерттеулерді тікелей жүргізу;
4-ші кезең: алынған нәтижелерді өңдеу және есеп беру жазбасын құрастыру.
Жол қозғалысының параметрлерiн зерттеу Жол-көлік оқиғаларына әкеліп соғатын қауіпті жағдайларды жылдамдықты дұрыс таңдамау қала сыртындағы жолдарға қарағанда қала ішінде көбірек (53 %) болады. Жол көлік оқиғаларының қаладағы таратылуы төмендегідей:
екі қиылыс аралығындағы жолдарда 76,9%; реттелмейтін қиылыстарда 8 %; реттелетін қиылыстарда 4,9 %; жалпы пайдалатын көліктердің тоқтайтын аумақтарында 6,3 %. Ал қала сыртындағы жолдарда жол-көлік оқиғаларының 10 % астамы жол бұрылыстарынан өткен кезде және 13,4 % өрлер мен құламаларда қозғалыс жылдамдығын дұрыс қабылдамауға байланысты болады.
Жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс-қимылдар құрылымы. 1. Жол-көше жүйесіндегі қалыптасқан қозғалысты ұйымдастыру деңгейі туралы ақпараттар, транспорттық және жаяу жүргіншілер ағындарының қарқындылығы мен құрамы жөніндегі мәліметтер және жол қозғалысы туралы басқа да хабарламалар жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жасау үшін негіз болып табылады. Мұндай мәліметтерді, әдетте, қозғалысты ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шаралар кешенін жасауға тапсырма берілген мекеме (жобалау, жолды пайдалану және коммуналдық) жинақтайды. Бұл мәліметтерді жинау үшін жол-көше жүйесінде және жол қозғалысын зерттеу ұйымдастырылады.
2. Қолданылып жүрген жол-көше жүйесінің бойындағы жол-транспорт және жаяу жүргіншілер ағындарының кідірісі байқалған жол бөліктерін, жолдың өткізу мүмкіндігі шектелген аймақтарын анықтау жұмыстары жол-трапспорт оқиғаларының есебі туралы мәліметтерге, жол полициясы басқармаларының Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы ақпараттарына, жол-көше жүйесінің жекелеген бөліктерінің откізу мүмкіндіктерін бағалау нәтижелеріне және қозғалу лабораториясы көмегімен жүргізілген қозғалыс жағдайларын зерттеу есептеріне негізделеді. Жол-көше жүйесінің қауіпті орындарын анықтау жұмыстарын, жүйелі түрде, белгіленген аймаққа немесе жол бөлігіне қызмет көрсететін жол полициясының тиісті бөлімдері атқаруы тиіс. Ал жолдардың өткізу мүмкіндіктерін бағалау жұмыстарын жол полициясы басқармасымен қатар жол қозғалысын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге тапсырма алған мекеме де жүргізеді.
3. Жол-көше жүйесінің жағдайы, жол қозғалысын ұйымдастыру деңгейі, жол-транспорт оқиғалары туралы және олардың шоғырланған орындары жайлы мәліметтерге сүйене отырып, тиісті техникалық-экономикалық негіздеу арқылы, жол қозғалысын ұйымдастыру жобалары жасалады. Берілген тапсырмалар мен қойылған міндеттерге байланысты жоба не белгілі бір жергілікті жер бөлігі үшін (көше қиылысы, жол бөлігі), немесе қала үшін, автомомбиль жолдары, қала көшелері үшін жасалуы мүмкін. Добаны жасау үшін тапсырма тек қана арнайы жобалау мекемесіне беріледі. Ал жобалау тапсырмасын, әдетте, жергілікті әкімшіліктердің тиісті бөлімдері, сол аймаққа немесе жолға қызмет көрсететін жол полициясы органдарымен бірге, жасайды.
4. Жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша қабылданған іс-шараларды іске асыру жұмысына тікелей қатысу қажет болған жағдайда жобалау шешімдеріне өзгерістер енгізуге және оларды тәжірибе барысында тексеруге мүмкіндік береді.
Қозғалысты ұйымдастыру бойынша кез-келген шараны тағайындау мен іске асыру жол қозғалысының барлық мүшелерінің тәртібін реттейтін белгілі бір ережелердің бар болуын есепке алады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін жол қозғалысын ұйымдастырудың негізі деп есептеу қабылданған. Жол белгілері мен таңбалары, бағдаршамдық реттеу қозғалысты ұйымдастырудың оңтайлылығын қамтамасыз ететін қосымша және аса маңызды құралдар болып табылады.
5. Жол қозғалысын ұйымдастыруға шұғыл өзгерістер енгізу қажеттігі әр түрлі көпшілік шараларды өткізу барысында және жол-көше жүйесінің кейбір жекелеген бөліктерінде транспорт құралдарының кептелуі байқалған жағдайда, жол-транспорт оқиғалары тіркелген орындарда, жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында туындайды. Әдетте, көпшілік шараларының өткізілу орындары алдын-ала белгіленіп қойылады, сондықтан қозғалысты ұйымдастыру қызметтерінің қолында, тиісті мекемелер мен ұйымдармен келісілген, уақытша жабылатын көшелер мен жолдарды айналып өту схемасы болуы тиіс. Жалпы, жол қозғалысын ұйымдастыруды өзгерту және оны жүзеге асыру жол полициясы қызметтеріне тапсырылды.
Дәріс№7 Көлік құралдарын тұрақтар мен қоғамдық көліктің аялдамаларын орналасуы. Тұрақтар қажеттілігі мен өткізу қабілеті. Қоғамдық көліктің аялдау және басып озу бекеттерін орналастыруы мен жабдықталуы. Жаяу жүргіншілер қозғалысын ұйымдастыру мен қауіпсіздігін зерттеу Спецификалық жағдайда қозғалысты ұйымдастыру. Тәуліктің қараңғы уақытындағы қозғалыс. Жарықтандыруды есептеу Қыс мезгіліндегі қозғалыс. Мұз өткелдері. Паромдар. Таулы жердегі қозғалыс. Темір жолды кесіп өтетін жерлер. Жолды жөндеу жерлерінде қозғалысты ұйымдастыру.
Көлік құралдарын тұрақтар мен қоғамдық көліктің аялдамаларын орналасуы. Тұрақтар қажеттілігі мен өткізу қабілеті. Қоғамдық көліктің аялдау және басып озу бекеттерін орналастыруы мен жабдықталуы. Қала тұрғындары контингентінің, автомобиль паркінің артыуы, көлік құралдарының жүрісінің көбеюі ЖКО алдын алу және қозғалыстың жоғары жылдамдықтарын бірге қамтамасыз етумен байланысты қалаға ойланатын мәселе тудырып отыр.
Әр түрлі елдерде ғалымдар көлік ағындарын ұйымдастыруда бірдей әдістерді қолданбайды, өйткені бұл мәселені әмбебапты түрде шешу мүмкіндігі жоқ.
Қала салушылар өздерінің күштерін қалаларда, қала айналысында және халықаралық автомагитральдармен қосылған жерлерде үзіліссіз қозғалысты магистральды көшелер мен қаланың жоғары жылдамдықты жолдар жүйесін көлік құралдары қозғалыстарының шиеленістік бағыттарында екінші жаңа көшелер салу, көпірлер, жол торабы мен транзиттік автомат қозғалыстарын айналып жүретін автомагистральдарын салуға жұмсайды.
Жол қиылыстарында, алаңдарда және қала жолдардың бұрылыстарында жол қозғалысының қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін бағытталған аралшықтар мен бағдаршамдардың ретке келтіруді қою ұсынылды.
Алаңдар мен қиылыстардың пішіні, қозғалыстың түрі мен көлеміне байланысты олардың формалары мен мөлшерлері әр түрлі болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының экономикасының дамуында автомобиль көлігі маңызды роль атқарады. Автомобиль көлігі біріншіден, халық шаруашылығында зор еңбектенуді қажет ететін салаларының бірі болып табылады, екіншіден, энергетика ресурстарын көп шығындайды, үшіншіден, көп қаржы қоры мен салымын қажетсінеді.
Автомобильдендіру мемлекет экономикасына орасан зор әсер етуімен қатар, адамдар үшін қолайлықты және жабдықталғандықты жасауымен қатар, бірқатар жағымсыз құбылыстарды: адам құрбандықтарын, жол-көлік апаттары (ЖКА) нәтижесінде болатын орасан зор материалдық зиянды, қаланың ауалық бассейіндерінің газдануын, көшелердің тұрған автомобильдермен үйіліп бөгеттелуін, сондай-ақ көліктік іркілістердің және қозғалыс жылдамдығының күрт төмендеуін тудыруы мүмкін.
Қазіргі уақытта еліміздегі жалпы пайдаланымдағы 91 мың шақырым автомобиль жолының үштен біріне жуығы қанағаттанғысыз жағдайда, оның 11 мыңға жуық шақырымы республикалық маңыздағы жолдар. Жол апаттарының артып кетуіне жолдардың сапалық жағдайы да кері әсер етіп отыр.
Осыған байланысты «Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» Заң талаптарына сәйкес үкіметкеавтомобиль жолдарын жобалау, жөндеу, қалыпқа келтіру жөніндегі нормативтік және жобалық-техникалық құжаттарды әзірлеу және бекіту жөніндегі шаралар қабылдау тапсырылған.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемаларын шешу мақсатында жергілікті әкімдерге орта мерзімді өңірлік бағдарламалар әзірлеу керектігі де айтылған.
Қиылыстарда автомобильдердің топталып қалулары және жиі аялдаулар, қаланың ауалық бассейнінің отынның толық жанбай қалған заттарымен жоғары ластануының себептері болып табылады. Қала халқы әрдайым көліктік шуылға және жанар-жағар майлардан шығарылған газдарға душар болады.
Қозғалыс шараларын және қозғалысты ұйымдастыруды іске асыру кезінде ерекше рөл техникалық құралдарды: жол белгілерін және жол таңбаларын, бағдаршамдық реттеуді, жол қоршауларын және бағыттағыш құрылғыларды енгізуге беріледі.
Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттер алға қойылды:
— жолдың берілген учаскесіндегі қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылату;
— көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысын реттеу;
— көлік және жаяу жүргіншілер ағындарының қозғалысын тәртіпке келтіру;
— қақтығысу нүктелерінің санын азайту;
— Ойдан алынған қиылысты және көше-жол торабының зерттеліп отырған бөлігінде жол-көлік апаттарының санын азайту.
Қала қозғалысының өсуіне қарай қозғалыс қауіпсіздігі мен қолайлылығын, жоғары жылдамдықты қамтамасыз ететін жағдайды қалыптастыру мәселесі бірінші орынға қойылады.
Көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ қоғамдық және меншікті көліктерді пайдалануға қолайлықты қалыптастыру үшін, көше-жол желісін жетілдіруден басқа қозғалысты бақылау және басқару бойынша іс-шаралар ұйымдастыру қажет.
Қалалар мен елді мекендер аумағындағы өзара шиеленісуші көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер ағындарының қарқындылықтарының әртүрлі қатынастары үшін, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен оның деңгейін арттыру мақсатында қолданылуы мүмкін ұйымдастыру және реттеу іс шаралары да әртүрлі болып келеді. Олардың барлығының мақсаты жол–көше жүйесінің, салыстырмалы түрдегі кішігірім элементтері арқылы жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік деңгейін көтеру.
Бұл ретте жаяу жүргіншілер аймақтарын қолдану мәселесінің орны бөлек. Оларды енгізу нәтижесінде жол-көше жүйесінің көлік құралдары тарапынан қолданылатын едәуір бөлігі алынадыжәне ол, олардың өткізу мүмкіндіктерінің төмендеуіне, көлік ағындарының тығыздығының артуына және осы сияқты басқа да келеңсіз жағдайлардың пайда болуына алып келеді. Сол себептен де, жаяу жүргіншілер аймағын қолдану жол-көлік жағдайларын кешенді түрде сараптауды және жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс шаралар жүйесін өткізуді қажет етеді. Жол қозғалысын ұйымдастыру саласындағы «Жаяу жүргіншілер аймағы» тәсілі қалалық тұрғындарды тарту орталықтарын пайдалану жағдайларын жақсарту, тарихи ескерткіштерді сақтау, экологиялық ақуалды жақсарту, қала халқының демалу жағдайларын қамтамасыз ету және
жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Жаяу жүргіншілер аймақтарын енгізу, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дәйекті түрде негізделген, жалпы қалалық деңгейдегі ұйымдастыру-реттеу шарасы болып табылады.. Сондықтан да, жаяу жүргіншілер аймақтарын енгізу үшін көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер ағындарына арнайы зерттеуді ұйымдастыру керек. Зерттеулер нәтижесінде апаттылық деңгейі мен қозғалыс ыңғайлылығы, аумақтағы көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізудің мүмкін болатын зардаптары бағалануы керек.
Жобалау шешімдерінің алуан түрлілігі жаяу жүргіншілер аймақтарын ұйымдастырудың да көптеген үлгілерін ұсынады.
Көшелер мен жолдардың түрі мен ұзындығына байланысты жаяу жүргіншілер аймағы мына төмендегі аудандарды қамтуы мүмкін:
- негізінен жаяу жүргіншілерге арналған бірыңғай аудан;
- қаланың әртүрлі орамдары мен аудандарындағы жаяу жүргіншілер көшелері;
- қаланың үлкен аумағын кесіп өтуші жаяу жүргіншілер торабы (жүйесі).
Құрылысты жүргізудің жұмыс сипатына байланысты жаяу жүргіншілер аймақтары мынадай аудандарда құрылуы мүмкін:
- қаланың негізгі сауда мекемелері мен тұрғындарды өзіне тарту орталықтары
орналасқан, орталық аудандары;
- қаланың саяхатшыларды өзіне тарту орталығы болып табылатын, тарихи аудандары;
- қаланың балалардың ойын алаңдары мен үлкендердің демалысына арналған, аудандары.
Жаяу жүргіншілер аймақтарын салу мына жағдайларда тиімді болып есептеледі:
- тарихи және сәулеттік көрікті орындардың сақталуын қамтамасыз ету;
- қаланың белгілі бір ауданының экологиялық қауіпсіздігін, басқа бір әлеуметтік себептер
(кейбір жағдайларда экономикалық себептер) тұрғысынан арттыру;
- халықты тарту орталықтарының тұрғындар үшін қол жетімділігін арттыру;
- жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Бұл ретте жолдың жүріс бөлігінің, жаяу жүргіншілерге ажыратылып берілетін енінің шамасы:
Впр.ч.= 0,75(Nф - Nр)/1000, м
мұндағы Nф - жаяу жүргіншілер қозғалысының нақты қалыптасқан қарқындылығы.
Жолдың жүріс бөлігінің өткізу мүмкіндігі:
Р = 500/3 [bпр.ч – 0,015(Nф - Nр) – 3,8] , бірлік/сағ.
мұндағы bпр.ч – жолдың жүріс бөлігінің жалпы ені, м.
Қозғалыспен жүктелу коэффициентінің шамасы 0,8 ≤ Nтр/P ≤ 1,0 болғанда, жолдың жұмысының экономикалық тиімділігі жеткіліксіз болады. Мұндағы Nтр – көлік құралдарының
қарқындылығы, авт/сағ.
Бұл ретте, кейбір көлік құралдарының жекелеген санаттарына аймаққа кіруге шектеу қойылады мысалы, жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салу.
Қозғалыспен жүктелу коэффициентінің тиімді шамасын қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайларда (z<0,8), яғни көлік құралдарының қозғалысының нақты қалыптасқан қарқындылығының (Nф.тр) жолдың жүріс бөлігінің өткізу мүмкіндігінің 80 % - нан асып кетуі тіркелген жағдайларда, экономикалық (тасымалдау үрдісінің тиімділігі) және әлеуметтік (жол қозғалысының қауіпсіздігі) көрсеткіштер бойынша бұл көшені көлік құралдарын өткізу үшін
пайдалану оңды нәтиже бермейді. Жаяу жүргіншілер аймағын, жаяу жүргіншілердің көлденең қозғалысының қарқындылығы көрсеткіші бойынша енгізу шартының түрі мынадай
(Nф - Nр) > 0,8/3(500 Впр.ч1900 - 3 Nф.тр)
(1)
Жаяу жүргіншілер аймақтары, әдетте, тұрғындарды өзіне тарту орындары шоғырланған (сауда орталықтары, театрлар, мұражайлар, қызмет көрсету орындары және т.с.с.) және жаяу жүргіншілер ағындарының жоғары қарқындылығын тудыратын, көшелер мен жолдар да енгізіледі.
Бұл ретте, жаяу жүргіншілер өткелдері арасындағы ара қашықтық өте аз болады. Жаяу жүргіншілер өткелдерінің жиынтық өткізу мүмкіндігі көлік құралдарының қарқындылығына байланысты болады. Жаяу жүргіншілер ағындарының қарқындылығы Nп, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жинақ өткізу мүмкіндігінен Рп асып кететін болса, онда жер бетілік жаяу жүргіншілер өткелдерінің техникалық жарақтандырылуын жақсарту мәселесін қарау және көшелерден тыс жаяу жүргіншілер өткелдерін салу мәселесін қарау қажет болады. Материалдық шығындардың өсуімен қатар жол-көлік жағдайларының техникалық құралдарды қолдану мүмкіндігіне әсерін де ескере отырып, оларды жарақтандырудың оңтайлы шешімі нақты жағдайларға байланысты қабылдануы керек. Қандай да бір шараны қабылдаудың көрсеткіші ретінде оны іске асыруға жұмсалатын шығындар көлемі мен көлік құралдарының іркілісін, қатынас уақытын және жанармай шығындарын төмендетумен байланысты үнемделетін қаржы көлемімен салыстырылады