Сұрыптау станцияларының жұмыс технологиясы Сұрыптау станциялары әдетте вагон ағындары жаппай пайда болатын және таратылатын аудандарда, iрi темiржол тораптары мен өнеркәсiп аудандарында орналасады.
Техникалық жарақтандырылуына қарай сұрыптау дөңестері механикаландырылмаған, механикаландырылған және автоматтандырылған сұрыптау дөңестері деп бөлінеді.
Темiр жол және көлiк тораптарының жұмысын ұйымдастыру Теміржол торабы деп - бірнеше теміржол бағытының желілері түйіскен (қиысқан) немесе қосылған жерде станциялар мен басқа да айырым бекеттерін байланыстырушы жолдар арқылы біріктіретін пунктті айтамыз. Ол станциялар бір-бірімен басты жолдармен, қосымша жолдармен біріктірілген, тараптағы барлық станциялар бірыңғай технологиямен жұмыс істейді.
Теміржол торабтары - теміржол тораптарының схемасына қарай, құрылыстардың орналасуына қарай, олардың геометриялық формаларына қарай келесі түрлерге бөлінеді:
1. Теміржол торабы пайдалану түріне қарай және жолдың маңызына қарай екіге бөлінеді:
кішкентай не орташа қаланың жанында, көбінесе транзит жүк және жолаушы пойыздарды өңдейтін транзит тораптары. Мұндай тораптарда жергілікті өңдеу жұмыстары көп болмайды;
әр бағыттаманың транзит пойыздары мен сұрыптау жұмыстары көп - транзиттік торап. Мұндай тораптарда бірнеше сұрыптау станциялары болуы мүмкін.
2. Қаланың адам санына қарай тораптар төртке бөлінеді:
жергілікті өңдеу жұмысы көп тораптар (250 500 мың адамнан тұратын қаланың жанында);
жергілікті өңдеу жұмысы аз тораптар (50 100 мың не 250 мыңға дейін адамнан тұратын қаланың жанында);
теңіз бен өзен порттарының жанында, көбінесе жүктерді қайыра тиеу жұмыстарын орындайтын порттың торабы болып бөлінеді;
үлкен қалалық торап (500 мыңнан көп адамдар тұратын қаланың жанында орналасқан) болып бөлінеді.