Тасымалдауды ұйымдастыру және


Халықаралық Автомобиль Тасымалы



бет27/45
Дата25.01.2023
өлшемі1,01 Mb.
#62734
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
Халықаралық Автомобиль Тасымалы — көлік құралымен ел аумағынан тысқа немесе ел аумағына жүк және жолаушылар тасымалдау, сондай-ақ көлік құралымен ел аумағы арқылы транзитпен жүк немесе жолаушылар тасымалдау. Мұндай тасымалға елдің тасымалдаушысына тиесілі жүк не жолаушы тиелген немесе тиелмеген көлік құралының ел аумағынан шет мемлекеттің аумағына баруы немесе кері қайтуы, не шет мемлекеттің аумағы арқылы транзитпен ел аумағына келуі, не басқа бір шет мемлекеттің аумағынан транзитпен ел аумағы арқылы өтуі, сондай-ақ шет ел тасымалдаушысына тиесілі жүк не жолаушы тиелген немесе тиелмеген көлік құралының ел аумағына келуі және кері қайтуы не транзитпен ел аумағы арқылы өтуі жатады.
Автомобиль көлiгiмен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды орындауға арналған лицензияларды беру, мерзiмiн ұзарту және күшiн жою автобус тiркелген мемлекеттiң қолданылатын заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мыналарды тасымалдауға болмайды:
багажда және қол жүгiнде жарылғыш, уландыратын, тез жанатын, радиоактивтi, химиялық, токсикалық, озон қабатын бұзатын, олар құрамында бар заттар мен бұйымдарды, есiрткi, психотроптық және сасық заттарды;
жылжымалы құрамды, жолаушылардың киiмiн, сақтау камераларын және сондағы заттарды ластайтын багажды;
осы Жолаушыларды тасымалдау ережелерiнде белгiленген мөлшер мен салмақ нормаларынан асатын багаж, сондай-ақ аумағында тасымалдау орындалатын мемлекеттiң заңдарына сәйкес тасымалдауға тыйым салынған заттарды.
Халықаралық қатынаста тұрақты жолаушылар тасымалдары бағытын ашу үшін тасымалдаушыға мыналарды орындау қажет:
бағыт өтетiн басқа мемлекеттегi әрiптесiмен бағыт ашу туралы ниетiн келiсу;
өз мемлекетiнiң құзыреттi көлiк органына мынадай құжаттарды қоса тапсырыс жолдау: Бiрлескен қызмет туралы шарт, халықаралық қатынаста жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның көшiрмесi, сондай-ақ кәсiпорынның деректерiмен бiрге тiркелуi туралы куәлiк, бағыттағы қозғалыс кестесi, шекара өткелдерi, тасымалдау тарифтерi, бағыттағы жүргiзушiлердің еңбек және демалыс режимi көрсетiлген бағыт сызбасы.
Тапсырыс берiлген мемлекеттің құзыреттi көлiк органы аумағы арқылы бағыт өтетiн мемлекеттiң құзыреттi көлiк органына рұқсат алу туралы өтiнiштi, жоғарыда көрсетiлген құжаттарды қоса берiп, бағытты ашуға тапсырысты жолдайды.
Тапсырыс берiлген мемлекеттiң құзыреттi көлiк органы аумақтары арқылы бағыт өтетiн мемлекеттерден рұқсаттар алғаннан кейiн осы рұқсаттарды тасымалдаушыға бередi.
Тасымалдаушы бағыт сызбасын ресiмдейдi және аумағы арқылы бағыт өтетін мемлекеттiң құзыреттi көлiк органына келiсуге жiбередi.
Бағытты, аялдамаларды, қозғалыс кестесiн өзгерту, сондай-ақ бағытты жабу аумағы арқылы бағыт өтетiн мемлекеттердің құзыретті көлiк органдарымен алдын ала келiскеннен кейiн жүргiзiледi.
Құзыреттi көлiк органдары Достастық мемлекеттерiнiң құзыреттi органдарымен тұрақты қатынастағы автобустардың шекарадан өту уақытын келiседi және кезектен тыс шекарадан өтуге арналған рұқсатнама бередi.
Тұрақты қатынаста жолаушыларды халықаралық тасымалдауға арналған автобустар бағыттың бастапқы және соңғы мекендерi көрсетiлген алдынан және жанынан трафареттермен жабдықталады. 
Халықаралық қатынастағы автобустардың шығуы мен келуi автовокзалдан (автостанциядан) жүзеге асырылады.
Автовокзалдарда (автостанцияларда) тасымалдау ережелерi, автобус қозғалысының кестесi, жолаушылардың жүру және багажды тасымалдау құны мен шарттары, автовокзал қызмет көрсетулерi туралы, басқа көлiк құралдарының жұмысы туралы ақпарат беріледi.
Тасымалдау тарифтерi тасымалдаушылармен келiсiледi.
Билетте мынадай негiзгi мәлiметтер болуы тиiс:
шығу және бару автовокзалының (автостанциясының) атауы;
билеттiң нөмiрi (типография тәсiлiмен белгiленген);
жол ақысы;
билеттің берiлген уақыты;
шығу күнi мен уақыты;
отыру орындарының нөмiрлерi;
билет берiлген орын;
рейс нөмiрi.
Билеттің сатылғаны билеттi есепке алу парағында белгiленедi.
Жол жүру билеттерiн алдын ала сату, багажды тасымалдауды ресiмдеу автовокзалдардың (автостанциялардың) жеке кассаларында және жеке орналасқан билеттердi алдына ала сату кассаларында жүзеге асырылады.
Автобустардың шығатын күнi билеттер бағыттың бастапқы мекендерiндегi автовокзалдардың (автостанциялардың) кассаларынан, ал аралық мекендерде - автобуста бос орындар бар-жоғы туралы ақпаратты алған бойда сатылуы тиiс.
Билет онда көрсетiлген шығу күнi мен автобус рейсiне ғана қолданылатын болады.
Билеттердi кезектен тыс сатып алу құқығы азаматтарға аумағында билет сатылатын мемлекеттің қолданылатын заңдарына сәйкес берiледi.
Халықаралық бағыттағы автобустармен тасымалданатын жолаушылардың саны осы автобус моделi үшiн жасаушы зауыт белгiлеген санға сәйкес болады.
Халықаралық қатынастағы автобустың жүргiзушiсi мен жолаушыларында шекарадан өту құқығына тиiстi түрде ресiмделген құжаттары болуы тиiс.
Шекарадан өту кезiнде жолаушылардың құжаттары, багаж, қол жүгi, валюта және құндылықтар аумағы арқылы тасымалдау жүзеге асырылатын мемлекеттің қолданылатын шекара және кеден заңдарының талаптарына сәйкес ресiмделуi тиiс.
Багаж тасымалдаушы оны багаж түбiртегiн көрсеткен адамға тапсырған жағдайда жолаушыға берiлген деп есептеледi.
Егер багаж түбiртегi болмаса, тасымалдаушы осы багаждың тиесiлiгiн дәлелдеген тұлғаға багажды беруге құқылы. Егер багажды түбiртексiз алуға талап қойған тұлға оған багаждың тиесiлiгiнiң дәлелдемелерiн жеткiлiксiз ұсынса, тасымалдаушы одан тиiстi кепiл енгiзудi талап етуге құқылы, кепіл енгiзiлген күнiнен бiр жыл өткен соң қайтып берiледi.
Автобус соңғы мекенге келген бойда талап етiлмеген багаж, оған багаж түбiртегi берiлдi ме, жоқ па қарамастан, жауапты сақтауға тапсырылады, сол үшiн жолаушыдан багажды алған кезiнде ақы алынады. Тасымалдаушы багажды сақтауды үшiншi тұлғаға тапсыруы мүмкiн, үшiншi тұлға оны сақтағаны үшiн сыйақы алуға құқылы.
Багажды сақтау тәртiбi сақтау жүзеге асырылатын мемлекеттiң қолданылатын заңдарымен реттеледi.
Жолаушының беру туралы арызы түскен күннен бастап он төрт күн ішінде жеткiзiп берiлмеген багаж жоғалған деп есептеледi.
Егер жоғалды деп есептелген багаж жолаушы берудi талап еткен күннен бастап бiр жылдың iшiнде табылса, тасымалдаушы осы туралы жолаушыға хабарлайды. Хабарландыру алған күннен бастап отыз күннің iшiнде жолаушы багажды не шығу мекенiне, не бару мекенiне жеткiзудi талап ете алады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет