Флот жұмысын басқару жүйесі. Диспетчерлік басқарудың құрылымы. Флот жұмысына диспетчерлік басшылық жасау дегеніміз тасымалдау флотының бүкіл жұмысына орталықтандырылған шұғыл басқаруды ұйымдастыру және, сайып келгенде, осы тасымалдау кәсіпорнының көлеміндегі тасымалдауды басқару болып табылады. Диспетчерлік басшылық жасау өзінің орталықтандырылған шұғыл басқару болатындығымен белгілі.
Диспетчерлік басшылық жасауды орталықтандыру дегеніміз бұл оның шұғылдігі жөнінен бүкіл тасымалдау флотының бірыңғай диспетчерлік аппаратқа бағынатынын білдіреді, ал аппарат флот жұмысын шұғыл басқару және реттеу жөнінідегі барлық міндеттерді, сондай-ақ оларды флотқа қызмет көрсететін және оның қызмет етуіне қажетті қалыпты жағдайларды қамтамасыз ететін басқа бөлімшелердің жұмысымен үйлестіру қызметін атқарады.
Диспетчерлік аппараттың құрылымы Кеме шаруашылығының диспетчерлік аппарат флот жұмысын шұғыл басқаруды жүзеге асырады. Диспетчерлік аппараттың флот жұмысын басқару жөнінідегі негізгі міндеттері мыналарды атқарудан тұрады:
- жүк тасымалдау жоспарының және жүкті дер кезінде жеткізу жөнінідегі шарттық міндеттемелердің орындалуы, яғни халыққа және экономика салаларына өзен, каботаж және сыртқы сауда тасымалымен көлік қызметін көрсетудің сенімді жүйесін қамтамасыз ету;
-флот жүріс графигіне сәйкес жұмыс істеуі негізінде тасымалдау көлігінің тиімді пайдаланылуы;
- өзен көлігінің техникалық қайта жабдықталуы мен қайта жаңғыртылуына мүмкіндік беретін мүлде жаңа техника мен ең соңғы технологияның, флоттың жаңа түрлері мен оны пайдалану әдістерінің енгізілуі;
- реттеліп отыратын нарықтық экономика жағдайларында шаруашылықты жүргізу түрлері мен әдістерін жетілдіруге белсене қатысу.
Диспетчерлік аппараттың құрылымы тасымалдау жұмысы операциясының барлық түрлерінің орындалуына орталықтандырылған үздіксіз басқару мен бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді, ол диспетчерлік қосындар мен операторлық қосындарды, аудандық басқармалар мен кемежай-айлақтардың диспетчерлік қосындарын қоса алғанда кеме шаруашылығының диспетчерлік қосындарын қамтиды.
Кеме шаруашылығының бастығы тасымалдаудың көлемі мен сипатына, пайдаланылатын флоттың санына қарай диспетчерлік аппараттың құрылымын белгілейді.
Транзиттік флоттың жүрісін орталықтандырылған басқаруды және өңделуін бақылауды жүзеге асыратын кеме шаруашылығының диспетчерлік жүйесі аумақтық, қызметтік немесе аралас (аумақтық-қызметтік) белгі бойынша ұйымдастырылуы мүмкін.
Аумақтық белгі бойынша ұйымдастырылған диспетчерлік басқару жүйесі бассейннің жекелеген аудандарында, мысалы, «жоғарғы» және «төменгі айналым», «солтүстік аудан» (әдетте жолдың теңіз телімдерін қамтитын) және т.с.с. диспетчерлік қосындар ұйымдастыра алады.
Диспетчерлік қосындар қызметтік белгілеріне қарай флоттың түрлері (жолаушылар, жүк теплоходтары, тартым, өздігінен жүре алмайтын тоннаж) немесе тасымалдау сипаты (салдармен тасымалдау, мұнай тасымалы, шетелдік тасымал, Солтүстік жүк тасымалы, шағын өзендерге жеткізу және т.с.с.) бойынша ұйымдастырылады.
Кеме шаруашылығының диспетчерлік басқаруын ұйымдастыру құрылымында көбіне аралас белгі пайдаланылады.
Кеме шаруашылығының әрбір диспетчерлік қосынын аға диспетчер басқарады, ол осымен бірге тиісті қызмет көрсету ауданы немесе флоттың түрі бойынша бас диспетчердің орынбасары болып есептеледі, ол шұғылдік қызмет жөнінен кеме шаруашылығының бас диспетчеріне бағынады.
Кемежай-айлақтар мен аудандық басқармалардың диспетчерлік қосындары өздеріне белгіленген шекарада транзиттік флоттың жүрісіне, өңделуіне және оларға қызмет көрсетуге, сондай-ақ жергілікті жүк пен жолаушылар тасымалына шұғыл басшылық жасауды жүзеге асырады.
Жүк айналымына, тиеу-түсіру жұмыстарының көлеміне және жергілікті тасымалдың көлеміне қарай кемежайда мынадай диспетчерлік қосындар ұйымдастырылуы мүмкін: транзиттік флоттың жүрісі мен өңделуі, оған кешенді қызмет көрсету қосыны, рейдтік жұмыстар (командасыз жұмыс істейтін өздігінен жүре алмайтын флотқа қызмет көрсетуді қоса алғанда), жергілікті жүк тасымалы, жергілікті, қала маңындағы және қала ішіндегі жолаушылар тасымалы қосындары. Шлюз болатын жағдайда – шлюздеу диспетчерлік қосыны ұйымдастырылады. Кеме шаруашылығындағыдай, бұл қосындарды да кемежайдың бас диспетчерінің орынбасарлары болып табылатын аға диспетчерлер басқарады.