Дәріс №1 Темiр жол стансалар мен торабының жұмысын ұйымдастыру. Темір жолдың және тораптардың міндеті, олардың сипаттамалары торапта вагон ағынын ұйымдастыру. Тарам жолсыз бөлiм бекеттерi, сондай-ақ айырықтар мен озба бекеттері желi арқылы әрбiр бағытта өтуге тиiстi пойыздар санын жөнелтiп отыруға арналған.
Жүктердi қабылдау-тапсыру, жолаушыларға қызмет көрсету операциялары, пойыздарды қабылдау-жөнелту, тоғыстыру және басып озу операцияларын, ал тарам жолдары дамыған бөлiм бекеттерiнде – пойыздарды сұрыптау-құрастыру секiлдi маневр жұмыстарын, вагондар тобымен және жеке вагондармен техникалық операцияларды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн құрылғылары бар тарам жолды бөлiм бекетi темiржол станциясы деп аталады.
Станциялар дегенiмiз – темiржолдың тұтынушыларымен тiкелей байланысты жүзеге асыратын аса маңызды өндiрiстiк-шаруашылық бiрлiктер. Тасымалдау процесiнiң бастапқы және ақырғы операциялары, пойыздар жүрiсiн қамтамасыз ететiн қыруар жұмыстар станцияларда атқарылады.
Арналуы мен жұмыс сипатына қарай станциялар аралық (оның iшiне айырықтар мен озба бекеттерi кіреді), телiмдiк, сұрыптау, жүк және жолаушылар станциялары деп бөлiнедi.
Станция жұмысын реттейтiн негiзгi құжаттарға:
Теміржол станциялары туралы ереже; Станцияның техникалық-жарлық актiсi (ТЖА); Станцияның технологиялық жұмыс үрдісі (ТЖҮ) жатады. Аралық, телімдік, сұрыптау стансаларының технологиялық жұмысы Арналуы мен жұмыс сипатына қарай станциялар аралық (оның iшiне айырықтар мен озба бекеттерi кіреді), телiмдiк, сұрыптау, жүк және жолаушылар станциялары деп бөлiнедi.
Пойыздарды қабылдап, жөнелтіп және өткiзетiн, сондай-ақ шағын көлемде жүк және коммерциялық операциялар жүргiзетiндерін аралық станцияларға жатқызады. Кейбiр аралық станцияда жөнелтушілер пойыздары құрастырылады, қаламаңдық пойыздар айналымы (зоналық станциялар) жүзеге асырылады, локомотив бригадалары ауыстырылады. Аралық станциялар, әдетте, телiмдiк станциялар аралығында немесе телiмдiк және сұрыптау станциялары аралығында орналасады. Олардың телiмдерде орналасуы елдi мекендерге жүк және жолаушылар тасымалы жөнiнен қызмет көрсетуге байланысты, орта есеппен алғанда олар 15-25 км қашықтықта орналасқан.
Негiзiнен алғанда, транзиттiк пойыздармен айналысатын (вагондарды тексеру, локомотивтердi, бригадаларды ауыстыру) станциялар телiмдiк станцияларға жатады. Мұндай станциялардағы сұрыптау жұмыстарының көлемi аса үлкен емес – олар негiзiнен телiмдiк, құрама және жақынаралық пойыздарды сұрыптау және құрастырумен айналысады. Телiмдiк станциялар, әдетте, жүк пойыздарының локомотивтерi айналатын телiмдердiң шекараларын қамтиды. Олардың арақашықтығы локомотивтер (тартым иiндерi) айналатын телiмдердiң ұзындығына, сондай-ақ жүк вагондарының техникалық күтудi қажет етпей өтетін қашықтығына байланысты.
Пойыздар жаппай сұрыпталатын және құрастырылатын станциялар сұрыптау станцияларына жатады. Олар вагон ағындарының жаппай жиналатын және жаппай таратылатын бекеттерде (iрi өнеркәсiп орталықтарына, өзен және теңiз порттарына кiреберiсте) орналасқан.
Жүк станцияларында мынадай операциялар атқарылады: жүктердi қабылдау, өлшеу, сақтау және иесіне беру, тиеу және түсіру, тасымалдау құжаттарын ресiмдеу, кiрме жолдарға қызмет көрсету. Мұндай станцияларда сонымен қатар жүктер көлiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне, жолтабанының ені әр түрлі вагондардан көлiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне, жолтабанының ені әр түрлі вагондардан бір-біріне (мысалы, шекаралық станцияларда) тиеледi. Оларда жүк операцияларын атқаруға арналған вагондар құрастырылады және сұрып талады. Жүк операциялары жалпы пайдаланылатын жерлерде де, сондай-ақ кәсiпорындардың кiрме жолдарында да атқарылады.
Жолаушылар және жолаушылар пойыздарына қызмет көрсетумен айналысатын станциялар жолаушылар станцияларына жатады. Оларда жолаушылар пойыздарының құрамдарымен iстелетiн операциялар (қарауға берілетін құрамдарды техникалық тексеру және жарақтандыру, ақырғы бекетке келген құрамдарды құрастыру және рейске дайындау); жолаушыларды отырғызу және түсiру; теңдеме жүктер мен қол жүктерiн қабылдау және беру; жол жүру билеттерiн сату; пошта операциялары атқарылады.
Жолаушылар пойыздарын сұрыптап-құрастыратын және оларды жарақтайтын жолаушылар станциялары техникалық-жолаушылар станциялары (жүк пойыздары жүрісінің техникалық станцияларынан айрықшылығы) деп аталады.