Таспа құрттар класы



бет1/3
Дата10.03.2022
өлшемі48,55 Kb.
#27528
  1   2   3
Байланысты:
Биот.микроор срс соз


Планетаның ересек тұрғындарының 95% -ы 1 -ден 5 -ке дейін паразиттің түрлерін алып жүреді

Таспа құрттар класы

Жармасқақ

Бұлар – әсіресе жануарлардың және адамның ішкі мүшелерінде паразиттік ететін эндопаразит жәндіктер. Олардың денесі жалпақ, таспа тәрізді болғандықтан, класс таспа қарттар деп аталған. Паразиттік тіршілікке ерекше бейімделген құрттың бірі – сиыр цепені. Ересек цепень (жармасқақ) – адамның ішегінде, ал дернәсілдері мүйізді ірі қараның, яғни сиырдың денесінде дамиды. Бұл жәндік ішекке қармақшасымен және сорғыштарымен жармасып алады, сондықтан жармасқақ деп аталған. Сиыр цепені – гермафродит жәндік. Сиыр ңепенінің тіршілік әрекеті өте күрделі. Ол денесінде жүмыртқадан дернәсілдің екі түріне ауысады: біріншісі – қармақшалы дернәсіл; екіншісі – таспақұрттың көзге байқалмайтын, мойынға жалғасқан басы бар кішкене көпіршігі – финна. Ересек таспақұрт негізгі несі – адам денесінде өмір сүреді. Жалпақ құрттар – сула, топырақта, ағзалар денесінің сыртылда және ішінде тіршілік ететін омыртқасыз паразит жәндіктер. Бұлардың еркін тіршілік ететін түрлері ұсақ шаяндар, құрттар және судағы жануарлардың қалдықтарымен қоректенеді. Паразиттік жолмен тіршілік ететін жалпақ құрттар, жануарлар мен өсімдіктер ағзасында әр түрлі аурулар туғызады. Халық шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіреді.

Сонымен бірге таспа-құрттардың барлығы жануарлар мен адам өміріне зиян келтіреді. Ішекте өмір сүретін паразиттер – эндопаразиттер. Ал ағза денесінің сыртылда паразиттік жолмен тіршілік ететін жәндіктер эктопаразиттер деп аталады.Денесі жонынан қүрсағына қарай ығысып, жалпақ болғандықтан, құрттардың бүл типі жалпақ құрттар – ең алғашқы денесі үш қабаттан: эктодермамезодерма және энтодермадан түзілген екі жақты симметриялы жәндіктер. Жүйке жүйесі – басында жинақталған жүйке түйіні бар. Зәршығару жүйесі қарапайым құрылыста болып келеді. Артқы аналь тесігі жоқ. Жалпақ құрттар типіндегі ағзалардың барлығында қантарату, тынысалу жүйесі де мүлде болмайды. Олар бүкіл денесі арқылы тыныс алады. Еркін суда жүзіп өмір сүретін жалпақ құрттар – жыртқыштар, ал паразиттік жолмен тіршілік ететіндерінде асқорыту жүйесі жойылған. Бұлар – қос жынысты жәндіктер. Паразит ағзалардың тіршілік әрекет айналымы күрделі. Олар екі неде – алғашқы (тұрақты) және екінші (аралық) неде өмір сүрелі. Алғашқы неде паразит құрттардың жыныстық жолмен көбейетін ұрпақтары, аралық неде дернәсілдік ұрпақтары тіршілік етед



Көбінесе жасөспірімдер мен балалардың тоқ ішегіне үшкірқұрт (острина) орнығады. Ол — паразит құрт, аналығының тұрқы 1 миллиметрден аспайды. Үшкірқұрттың екі ұшы да сүйірленген, құйрығы үшкір, тұрқы 1,5 см шамасында болады. Оның түсі ақшыл немесе сарғыш болып келеді. Үшкірқұрт екі сүйір үштарын қадап, соқыр ішекте және тоқ ішекте тіршілік етеді. Үшкірқұрттың алдыңғы ұшында - ауыз, соңғы бөлігінде аналь тесік (артқы тесік) орналасады. Аналь тесігінен кейінгі өте үшкір дене бөлігі құйрық деп аталады. Оның денесі тығыз қабықшамен - сірқабықпен қапталған. Сірқабықтың астында ұзын салалы бұлшықеттері болады. Көлденең салалы бұлшықеттері жоқ. Сондықтан үшкіркүрт денесін жиыра, қысқарта алмайды. Оның денесі созылмайды. Пішінін өзгертпей, тек жан-жағына иіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет