Қыналардың көбеюі Қыналар өсімді жолмен көбейеді. Оның денесінде көптеген балдырлар мен саңырауқұлақ жіпшелерінің бөліктері қынаның қабықшасын жарып сыртқа шашылады. Әрбір бөліктен және денелерінен бөлініп түскен бөлшектерінен де қына өсіп жетіледі. Қыналар жынысты көбейгенде саңырауқұлақтардағы сияқты жемісті дене пайда болады. Оның ішінде 6жыныс жасушаларының қосылуы нәтижесінде зигота түзіледі. Зиготаның ядросы үш рет бөлініп, сегіз спора, ал зиготаның қабығынан қалта пайда болады. Споралар шашылып, қолайлы жағдайда өнеді де, балдырлармен кездескенде ғана қына жетіледі. Қыналар өте баяу өседі. Қабыршақты қыналар жылына 1-8 мм, ал бұта тәрізді қыналар 1-35 мм өседі.
Қына құрамындағы жасушаларда жарықта фотосинтез жүреді. Сондықтан қыналар тек жарық жерде өседі, қараңғыда денесі ыдырап кетеді. Қыналарға ең қажетті жағдай – оттекке бай таза ауа. Қалалардың лас ауасында өсе алмайды. Сол себепті қыналарды сыртқы орта тазалығының көрсеткіші есебінде пайдалануға болады.
Қыналардың 20000-дай түрі бар. Қыналарды жіктегенде құрамындағы саңырауқұлақтар мен балдырлардың жіктелуі ескеріледі.
Бұғы қынасы (кладония) солтүстік өңірде, қарағайлы орманда өседі. Оның денесі (таллом) – тақта, біз, бокал тәрізді, тік өседі. Кейде бұта тәрізді түрі де кездеседі.
Қ ыналардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы Қыналардың шаруашылықтағы маңызы өте зор. Олардың топырақта қоректенуі нашар жүреді. Тастардың бетіне, суыған лавалардың бетіне алғаш «қоныстанатын» да осы қаналар. Олар өсіп тұрған жеріне қына қышқылын бөліп, тасты үгіте бастайды. Біртіндеп сол жерде топырақ пайда болады. Оған басқа өсімдіктер орнығады да, жануарлардың мекеніне айналады.
Бұдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын ақын Иса Байназаров
Арқада ел орнаған Абыралы,
Бойынан барлық дәулет табылады.
Дегелең, Мыржық, Тайлан, Көкшетауым
Көрген жан құмарланып сағынады.
Бас Қайнар, Орта Қайнар, Аяқ Қайнар,
Семірген қына тасын жалап қой мал.
Шөбі сүт, бүрі шекер, суы қандай,
Ақынға шабыт беріп, қанат байлар, – деп төгілте жырлаған. Бұдан қазақтар қынаны мал азығы ретінде пайдаланғанын байқаймыз.
Бұғы қынасы деп аталатын қынаның бірнеше түрі тундра, тайгада қыс кезінде бұғылардың негізгі азығы болып табылады.
Этнографиялық ақпарат жинақтау барысында, білгеніміз ата-бабаларымыз қынамен киіз үй сүйектерін, теріден жасалған ыдастарды, қыз-келіншектер тырнақ көбесін, шаштарын, сонымен қатар асықты бояғанын т.б. тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланғанын білдік. Түстері ақшыл қызғылттан бастап шымқай шие түске бейін болады екен.
Қыналардың емдік қасиеті де бар. Ағаштың діңдерінде өсетін жер – қынаны қайнатып, дизентерия ауруын емдеуге пайдаланады. Сонымен бірге асқазан, тыныс жолдарыауруларына дәрілер жасалады. Қынадан қант, спирт, бояу, лакмус алынады. Қынаның кейбір түрлерін тәтті тағамдар өнеркәсібінде қолданады.
Қорытынды Осы зерттеу жұмысын жүргізу барысында қол жеткізген нәтижелеріміз:
Қынаны тастан ажыратып алып, химиялық зерттеу арқылы, оның пайдалануға болатындығы анықталды;
Қынаның табиғаттағы пайдасы, қына – «таза ауа индикаторы», яғни ауасы ластанбаған жерде өсетіндігін білдік және қазіргі кезде де қынадан бояу алып, пайдалануға болады
Әдебиеттер тізімі
Жалпы және қолданбалы химия бойынша ХVІІІ Менделеев съезі. Баяндамалар тезисі. - М, 2007.
Шилов В. П. Координациялық химия. - М, 1981.
Шәкәрім. Иманым, А.: Арыс, 2000.
Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шығармалары. ІІ том. – А.: «Ел-шежіре», 2008.